Bestprofi Logo

Бұйрық № 26 от 2023-02-20г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 ақпанда № 31934 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген

«Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

1. Осы «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес әзірленді және cу көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) ауыз су – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауыз су және шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арналған табиғи күйдегі немесе өңделгеннен кейінгі су;

2) ауыз сумен және (немесе) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау – ауыз су алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға ауыз су беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;

3) беттік су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында судың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;

4) жағалау жиегі – су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;

5) санитариялық қорғау аймағы – су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жерасты), су құбыры құрылыстарын және олардың қоршаған аумағын қорғау мақсатында белгіленген режим сақталатын сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының айналасындағы арнайы бөлінетін аумақ (бұдан әрі – СҚА);

6) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;

7) су пайдаланушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

8) сумен жабдықтау жүйесі – су жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және суды тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

9) тұстама – өзеннің гидротораптың құрылыстары орналасқан учаскесі.

2-тарау. Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

1-параграф. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

3. Ауыз су мен ыстық судың сапасы мен қауіпсіздігі «Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30713 болып тіркелген) (бұдан әрі – гигиеналық норматив) сәйкес келеді.

Белгіленген бақылау жиілігі кезінде бір жыл ішінде:

1) микробиологиялық (жалпы микробтық санды (бұдан әрі – ЖМС), жалпы колиформды бактерияларды (бұдан әрі – ЖКБ), жалпы термотолерантты колиформды бактерияларды (бұдан әрі – ТКБ) қоспағанда), паразитологиялық, вирусологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтер деңгейлерінің, радиологиялық (радиациялық қауіпсіздік) көрсеткіштер бойынша араласу деңгейлерінің жоғарылауы;

2) зерттелетін сынамалар саны жылына кемінде 100 болғанда су жинау нүктелерінде іріктеп алынатын сынамалардың 95 пайызы (бұдан әрі – %) және одан көбінде ЖМС, ЖКБ және ТКБ гигиеналық нормативтері деңгейлерінің жоғарылауы;

3) органолептикалық, жалпыланған көрсеткіштердің, органикалық емес және органикалық заттардың гигиеналық нормативтер деңгейлерінің көрсеткіштерді айқындау әдісі қатесінің шамасынан жоғарылауы анықталмаса, су тұтынушыға сумен жабдықтау жүйелерін пайдалана отырып берілетін ауыз су сапалы және қауіпсіз деп танылады.

ЖМС-ға қоректендіргіш агарда плюс 37 градус Цельсий (бұдан әрі – °С) температурада 24 сағат ішінде колония құруға қабілетті мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің жалпы саны жатады.

ЖКБ-ға грамтеріс, оксидаза теріс, спора құрмайтын, дифференциалды лактозалы орталарда өсе алатын, плюс 37 °С температурада 24-48 сағат ішінде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейін ферменттейтін таяқшалар жатады.

ТКБ-ға жалпы колиформды бактериялардың белгілері бар, сондай-ақ плюс 44 °С (плюс немесе минус 0,5) температурада 24 сағат ішінде лактозаны қышқыл, альдегид және газға дейін ферменттей алатын бактериялар жатады.

4. Берілетін ауыз су мен ыстық судың сапасы сәйкес келмеген жағдайда сумен жабдықтау жүйесін пайдалануды жүзеге асыратын және (немесе) халықты ауыз сумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер:

1) халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің сапасы мен қауіпсіздігінің нашарлау себептерін анықтауды және жоюды;

2) халықтың денсаулығына тәуекелді санитариялық-эпидемиологиялық бағалау нәтижелерімен расталған уақытша шегінудің қолданылуы кезеңінде халықтың денсаулығына қатердің болмауын;

3) халықтың денсаулығына тәуекелді санитариялық-эпидемиологиялық бағалау нәтижелері бойынша белгіленген уақытша шегінудің қолданылу мерзімін барынша шектеуді;

4) бұқаралық ақпарат құралдарында уақытша шегінудің енгізілуі және олардың қолданылу мерзімдері, халықтың денсаулығы үшін тәуекелдің болмауы, сондай-ақ халыққа ауыз су мен ыстық суды пайдалану жөніндегі ұсынымдар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ететін санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді.

«Уақытша шегіну» дегеніміз органолептикалық қасиеттерге әсер ететін химиялық құрамның көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерден уақытша ауытқулары түсіндіріледі (зияндылықтың лимиттеуші көрсеткіштері). Тез арада жоюды жүзеге асыру мүмкін емес табиғи сипаттағы құбылыстар немесе авариялық жағдайлар кезінде гигиеналық нормативтерге 1-қосымшаның 1 және 3-кестелерінде (жақшада) көрсетілген уақытша шегінуге жол беріледі.

Ауыз сумен жабдықтау көздерінің ластануына, сарқылуына және (немесе) ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің бұзылуына алып келген авария, апат, дүлей зілзаланың немесе табиғи немесе техногенді сипаттағы жағдайлар салдарынан су тұтынушыларға бір тәуліктен астам ауыз судың берілуінің тоқтатылуы ауыз сумен жабдықтаудағы төтенше жағдайлар болып саналады.

5. Уақытша шегіну мүмкіндігі туралы шешімді тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен қабылданады және шешімді қабылдау кезінде:

1) су сапасына кепілдік берілген ауыз сумен жабдықтаудың балама көзі болмаған кезде көрсеткіштердің деңгейін гигиеналық нормативтердің мәндеріне дейін қолжетімді әдістермен төмендету мүмкіндігінің болмауы;

2) елді мекендегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;

3) сумен жабдықтау жүйесін пайдалануды жүзеге асыратын және (немесе) халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындау мерзімдерімен су дайындау жүйесін жетілдіру не ауыз сумен жабдықтаудың балама көздерін іздеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту қажеттілігі ескеріледі.

6. Сумен жабдықтауды және сумен жабдықтау жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер Ереженің 15-тармағының 113) тармақшасына сәйкес бекітілетін «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (бұдан әрі – «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары) және осы Санитариялық қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларының талаптарына сәйкес ауыз судың және ыстық судың сапасына өндірістік бақылауды жүзеге асырады.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание