• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 31.12.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 27 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31965 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап өз қолданысын тоқтатты Осы Бұйрықтың 4-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес»;
бұйрықтың 1-тармағы:
2) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
«2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы бұйрықтың 2-1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары бекітілсін.»;
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы Д. Жазыкбаев
«Келісу»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«Келісу»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«Келісу»
Шымкент қаласының әкімі
«Келісу»
Ақмола облысының әкімі
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына
2-1-қосымша
Ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің уақытша қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы уақытша Қағидалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Қазақстан Республикасының cауда және интеграция, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінде, Ақмола облысы мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) 2023 жылғы 1 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңінде ықпалдастырылған ақпараттық жүйеде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына іріктеу мен орналасуға конкурс (бұдан әрі - іріктеу) өткізудің тәртібін айқындайды және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-баптың 2-тармағына, 27-баптың 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, сондай-ақ «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2. Іріктеу ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің (бұдан әрі-жүйе) «eqyzmet.gov.kz» сыртқы интернет-порталда жүргізілетін келесі кезеңдерді қамтиды:
1) жеке қасиеттерін бағалату;
2) жалпы конкурс.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) үміткер – Заңның 16-бабында көрсетілген талаптарға және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, іріктеуге қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
2) бағалаушы – сарапшы, конкурстық комиссияның мүшесі;
3) прокторинг – жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі;
4) проктор – іріктеу кезеңдерінен өту рәсімін тексеруді жүзеге асыратын тұлға;
5) еңсерілмейтін күш – төтенше және алдын алуға болмайтын оқиға, оның ішінде төтенше жағдай жариялау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес шектеу іс-шаралары (карантин) енгізілген жағдай.
6) кадр қызметі – мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі немесе бірыңғай персоналды басқару қызметі.
7) жеке кабинет – тіркелгеннен және/немесе авторизациядан кейін қолжетімді болатын жүйедегі үміткердің жеке парақшасы;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.
9) Үміткердің электрондық жеке ісі (бұдан әрі – ЭЖІ) үміткердің жеке басын куәландыратын құжатты, тіркелген жері, еңбек жолы, білімі туралы мәліметтерді, сондай-ақ «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық пошта мекенжайын, фотосуреттерін және ұялы телефон нөмірін алу арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.
4. «Мемлекеттік қызмет персоналын басқарудың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) жүйеде іріктеу рәсімінің әкімшісі, оның ішінде «Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушісі болып табылады.
5. Үміткердің мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүйемен азаматтардың денсаулығын қорғау және қадағалау саласындағы стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат беру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның және құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен ақпарат сұратылады.
Үміткер Заңның 16-бабының 3 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда іріктеудің кез-келген кезеңінен шығарылады.
6. Іріктеуге қатысу үшін үміткер жеке сәйкестендіру нөмірін және ЭЦҚ енгізу арқылы жүйеде тіркеледі.
Өтінім беру кезінде үміткер іріктеуді өткізу тәртібімен танысады және осы Қағидалардың талаптарын сақтайды, сондай-ақ ЭЖІ қалыптастыру үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді.
7. Іріктеудің әрбір кезеңінің алдында үміткер өту шарттарымен танысады және осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін іріктеуге қатысуын тоқтатады.
8. Үміткер ЭЖІ деректерінің дұрыстығын тексереді, әрбір еңбек жазбасы бойынша функционалдық бағытын көрсетеді, қажет болған жағдайда мәліметтерді толықтырады және түзетеді.
9. Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, интернет жылдамдығының кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камераның, микрафонның және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандырудың болуы) пайдаланады.
10. Іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткер бөгде адамдардың болмауын қамтамасыз етеді, үміткерді өзге жеке тұлғаға ауыстыруға жол бермейді; орнын тастап кетпейді; экраннан бұрылмайды; кескінді жаппайды; бейнекамераны ажыратпайды; қосалқы баспа, қағаз, өзге де материалдар мен заттарды пайдаланбайды.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау кезеңінен өту кезінде таза қағазды, қарындашты және калькуляторды пайдалануға рұқсат беріледі.
11. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелерінің шешімі бойынша олардың өкілдері үміткерлермен әңгімелесуге қатысады.