«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 137 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 152-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 137 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі