Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысы
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 15.10.2024 жылғы № 853 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларында:
«4. Консультативтік-кеңесші органдарды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – Премьер-Министр), оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы (бұдан әрі – Үкімет Аппаратының Басшысы) және Үкіметтің басқа да мүшелері басқарады.»;
«9. Премьер-Министрдің атына консультативтік-кеңесші орган құру туралы ұсыныспен Премьер-Министрдің орынбасарлары немесе Үкімет Аппаратының Басшысы өтініш жасай алады.»;
«2) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарларынан, мемлекеттік органдар аппараттарының басшыларынан төмен емес – Премьер-Министрдің орынбасарлары, Үкімет Аппаратының Басшысы;»;
алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Құрылатын консультативтік-кеңесші органға жүктелетін мақсаттар мен міндеттерді ескере отырып, оның құрамына Үкімет Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы енгізіледі.»;
«29. Хатшы қол қойған анықтама-есеп қоса берілетін Премьер-Министр өкімінің жобасы Үкімет регламентінде белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және кейіннен Премьер-Министрдің қол қоюына енгізу үшін Үкімет Аппаратына енгізіледі.»;
«32. Үкімет Аппараты құрылатын және таратылатын консультативтік-кеңесші органдарды есепке алуды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша консультативтік-кеңесші органдардың тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізу арқылы жүзеге асырады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Үкімет Аппараты жаңа консультативтік-кеңесші органды құрудың орындылығына талдау жүргізген кезде міндетті түрде тізілім деректері ескеріледі.».
2. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 1362 қаулысында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшесінде тіркеледі.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (11.09.2023 жылғы редакцияны қараңыз)
4. «Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлiгі туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігі туралы ережеде:
«Комиссиялардың қазақстандық бөлігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларының 30-тармағында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1190 қаулысымен бекітілген Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттерінің, жұмыс топтарының) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру қағидаларының 26-тармағында көрсетілген уағдаластықтарға сәйкес құрылады.»;
«2) Комиссияның қазақстандық бөлігінің тең төрағалары ұсынған ақпарат негізінде үкіметаралық комиссиялардың қызметі туралы жиынтық есеп пен талдау жасайды және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына қарай оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына ұсынады;
3) халықаралық екiжақты қарым-қатынастарды дамыту деңгейiн есепке ала отырып, комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң жұмысын жандандыру жөнiндегі ұсыныстар мен үкiметаралық комиссиялардың басым отырыстарының кезектi жылға арналған тiзiмiн Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгiзедi.»;
«5) үкіметаралық комиссияның отырысын өткізгеннен кейін бір айдан кешіктірмей үкіметаралық комиссия отырысының қорытындылары туралы есепті ақпаратты және қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша тапсырмалардың жобасын, сондай-ақ орындалған уағдаластықтарды бақылаудан алу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгiзеді;
6) үкіметаралық комиссиялардың отырыстары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша шаралар қабылдайды және жыл сайын 20 шілдеге қарай оларды іске асыру барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жолдайды;»;
«14. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң құрамына, әдетте, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының және Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдiк мекемелерiнiң өкiлдерi кiредi.».
5. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында:
«18) Премьер-Министрдің, оның орынбасарының немесе Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша соттарда Үкімет пен Премьер-Министрдің мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ Әділет министрлігінің құзыретіне кіретін, талқылау нысанасына айналған мәселелер бойынша Премьер-Министрдің тапсырмасымен конституциялық іс жүргізуге қатысу, мемлекеттік органдарға сот талқылауларында құқықтық және консультациялық көмек көрсету;».
6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында:
3-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |