Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 215 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 14 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.04.2024 жылғы № 336 Қаулысына сәйкес
Редакция 02.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.
Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.
Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.
Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.
Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЛК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.
Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;
басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымшамен толықтырылсын;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (15.03.2023 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 1-қосымша
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша
Басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг беруге арналған тауарлар тізбесі
Р/с № |
Тауарлар тобының атауы |
Р/с № |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
|
|
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
|||
1. |
Өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
1. |
Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру |
0111 |
2. |
Күріш өсіру |
0112 |
||
3. |
Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру |
0113 |
||
4. |
Тоқыма дақылдарды өсіру |
0116 |
||
5. |
Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру |
0119 |
||
6. |
Жүзімді өсіру |
0121 |
||
7. |
Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру |
0124 |
||
8. |
Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру |
0125 |
||
9. |
Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту |
0141 |
||
10. |
Басқа да ірі қара малды және енекелерді көбейту |
0142 |
||
11. |
Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды көбейту |
0143 |
||
12. |
Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды көбейту |
0144 |
||
13. |
Қойларды және ешкілерді көбейту |
0145 |
||
14. |
Шошқаларды өсіру |
0146 |
||
15. |
Ауыл шаруашылығы құстарын көбейту |
0147 |
||
16. |
Жануарлардың басқа түрлерін өсіру |
0149 1 |
||
17. |
Астықты өңдеу жөніндегі қызмет |
0163 |
||
2. |
Балық аулау |
18. |
Тұщы суда балық аулау |
0312 |
19. |
Теңізде балық өсіру |
0321 |
||
20. |
Тұщы суда балық өсіру |
0322 |
||
ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ |
||||
3. |
Көмір өндіру |
21. |
Тас көмірді байыту |
05103 2 |
Өзге де пайдалы қазбаларды өндіру |
22. |
Тұз өндіру |
0893 |
|
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ |
||||
4. |
Тамақ өнімдерін өндіру |
23. |
Тамақ өнімдерін өндіру |
10 3 |
5. |
Сусындар өндіру |
24. |
Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру |
1101 4 |
25. |
Уыт өндіру |
1106 |
||
26. |
Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру |
1107 |
||
6. |
Тоқыма бұйымдарын өндіру |
27. |
Тоқыма бұйымдарын өндіру |
13 |
7. |
Киім өндіру |
28. |
Үлбірден тігілген киімнен басқа, киім өндіру |
14.1 |
29. |
Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру |
14.3 |
||
8. |
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру |
30. |
Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру |
15 |
9. |
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
31. |
Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру |
16 |
10. |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
32. |
Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру |
17 |
11. |
Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту |
33. |
Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
18.1 |
12. |
Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру |
34. |
Мұнайдың өңделген өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру |
19.2 |
13. |
Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру |
35. |
Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азот қоспаларын, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру |
20.1 5 |
36. |
Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру |
20.2 |
||
37. |
Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш жабындылар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру |
20.3 |
||
38. |
Сабын, жуушы, тазалағыш, жылтыратқыш, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру |
20.4 |
||
39. |
Сіріңке өндіру |
20512 |
||
40. |
Желім өндіру |
2052 |
||
41. |
Эфир майларын өндіру |
2053 |
||
42. |
Фотоматериалдар өндіру |
20591 |
||
43. |
Желатин өндіру |
20592 |
||
44. |
Тоқыма бұйымдарды өңдеу үшін пайдаланылатын материалдарды өндіру |
20593 |
||
45. |
Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелер, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдар өндіру |
20594 |
||
46. |
Басқа химиялық өнімдер өндіру |
20599 |
||
47. |
Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру |
2060 |
||
14. |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру |
48. |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру |
21 |
15. |
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру |
49. |
Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру |
22 |
16. |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру |
50. |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру |
23 |
17. |
Металлургия өндірісі |
51. |
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру |
2410 |
52. |
Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру |
2420 |
||
53. |
Салқындай сымдау |
2431 |
||
54. |
Суықтай қалыптау немесе ию |
2433 |
||
55. |
Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру |
24340 |
||
18. |
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру |
56. |
Металл есіктер мен терезелер өндіру |
2512 |
57. |
Орталық жылыту радиаторлары мен бу қазандықтарын өндіру |
2521 |
||
58. |
Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия |
25.5 |
||
59. |
Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері |
25.6 |
||
60. |
Пышақ бұйымдары, аспаптары және темірден жасалған бұйымдар өндіру |
25.7 |
||
61. |
Басқа дайын металл бұйымдар өндіру |
25.9 6 |
||
19. |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру |
62. |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру |
26 7 |
20. |
Электр жабдықтарын өндіру |
63. |
Электр жабдықтарын өндіру |
27 |
21. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру |
64. |
Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру |
2812 |
65. |
Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру |
2814 |
||
66. |
Лифт өндіру |
28224 |
||
67. |
Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерден және перифериялық жабдықтан басқа) |
2823 |
||
68. |
Механикаландырылған қол аспаптар өндіру |
2824 |
||
69. |
Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру |
2825 |
||
70. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру |
2829 |
||
71. |
Ауылшаруашылық машиналарын өндіру |
28302 |
||
22. |
Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру |
72. |
Автомобильдер өндіру |
29.1 |
73. |
Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру |
29201 |
||
74. |
Автомобильдердің өзге бөлшектері мен керек-жарақтар өндіру |
2932 |
||
23. |
Басқа көлік құралдарын өндіру |
75. |
Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамаларды өндіру |
30.2 |
24 |
Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру |
76. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру |
30.9 |
25. |
Жиһаз өндіру |
77. |
Жиһаз өндіру |
31 |
26. |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
78. |
Өзге де дайын бұйымдар өндіру |
32 |
27. |
Электр энергиясын өндіру |
79. |
Су электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі |
35112 |
80. |
Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі |
35114 |
||
81. |
Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі |
35115 |
||
82. |
Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі |
35119 |
||
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ |
||||
28. |
Суды жинау, өңдеу және тарату |
83. |
Суды жинау, өңдеу және тарату |
36 |
29. |
Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру) |
84. |
Қауіпсіз қалдықтарды жинау |
3811 |
КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ |
||||
30. |
Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі |
85. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі |
4939 8 |
31. |
Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі |
86. |
Жүктерді қоймалау және сақтау |
52 9 |
32 |
Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі |
87. |
Жүктерді қоймалау және сақтау |
5210 10 |
ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ |
||||
33. |
Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету |
88. |
Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі |
5510 11 |
89. |
Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру |
5520 11 |
||
90. |
Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі |
5530 11 |
||
91. |
Тұруға арналған өзге де орындардың қызмет көрсетуі |
5590 12 |
||
АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС |
||||
34. |
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер |
92. |
Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет |
6201 |
35. |
Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет |
93. |
Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет |
63 |
БІЛІМ БЕРУ |
||||
36. |
Білім беру |
94. |
Білім беру |
85 13 |
95. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері |
85.59 |
||
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ |
||||
37. |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
96. |
Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
86 14 |
Ескертпе:
1 Араларды өрбіту, балды және ара балауызын өндіру жобалары ғана қаржыландырылады.
2 Үйіндіден алынған тас көмір.
3 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктері, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өндірістік тазартуды, шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу.
4 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту.
5 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды және т. б. өндіру.
6 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.
7 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.
8 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы көтергіштері және арқанды көтергіштер қалалық және қалааралық көлік жүйесіне кірмесе, оларды басқару.
9 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.
10 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.
11 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), «Медеу» мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
12 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.
13 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.
14 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жабдықтау, сондай-ақ санаторий-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жабдықтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 2-қосымша
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымша
Экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі
Р/с № |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
1. |
Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту |
01410 |
2. |
Құс шаруашылығы |
01471 |
3. |
Етті қайта өңдеу және консервілеу |
10110 |
4. |
Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу |
10120 |
5. |
Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру |
10130 |
6. |
Сүт өңдеу және ірімшік өндіру |
10511 |
7. |
Фермаларда ұсталатын жануарларға арналған дайын азық өндіру |
10910 |
8. |
Тоқыма талшықтарын дайындау және иіру |
13102 |
9. |
Ағаштан шпон, фанералар, тақтайлар және панельдер өндіру |
16210 |
10. |
Қағаз және картон өндіру |
17120 |
11. |
Бедерленген қағаз және картон өндіру |
17211 |
12. |
Шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдар өндіру |
17220 |
13. |
Тыңайтқыштар және құрамында азот бар қосылыстарды өндіру |
20151 |
14. |
Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру |
20200 |
15. |
Бояулар, лактар, эмальдар және оларға арналған минералды пигменттер өндіру |
20301 |
16. |
Басқа химиялық өнімдер өндіру |
20599 |
17. |
Фармацевтикалық препараттар өндіру |
21201 |
18. |
Жұмсақ жабындық және гидрооқшаулауғыш материалдар өндіру |
23993 |
19. |
Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру |
24100 |
20. |
Отыруға арналған орындықтарды және басқа да жиһаздан басқа, офистер мен сауда кәсіпорындары үшін жиһаздар өндіру |
31012 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 3-қосымша
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
Р/с № |
Тауарлар тобының атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші |
1 |
2 |
3 |
4 |
С СЕКЦИЯСЫ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 1 |
|||
1 |
Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру |
Етті қайта өңдеу және консервілеу |
1011 |
Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу |
1012 |
||
Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру |
1013 |
||
2 |
Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу |
Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу |
1020 |
3 |
Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу |
Картопты өңдеу және консервілеу |
1031 |
Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру |
1032 |
||
Жемістерді және көкөністерді өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері |
1039 |
||
4 |
Өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру |
Май және тоң май өндіру |
1041 |
Маргарин және оған ұқсас тағамдық майларды өндіру |
1042 |
||
5 |
Сүт өнімдерін өндіру |
Сүт өңдеу және ірімшік өндіру |
1051 |
Балмұздақ өндіру |
1052 |
||
6 |
Ұн жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру |
Ұн-жарма өнімдерін өндіру |
1061 |
Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру |
1062 |
||
7 |
Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру |
Ұзақ сақтауға арналмаған нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру |
1071 |
Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру |
1072 |
||
Макарон өнімдерін өндіру |
1073 |
||
8 |
Өзге де тамақ өнімдерін өндіру |
Өзге де тамақ өнімдерін өндіру |
10.8 |
9 |
Жануарларға арналған дайын азықтар өндіру |
Жануарларға арналған дайын азықтар өндіру |
10.9 |
10 |
Сусындар өндіру |
Уыт өндіру |
1106 |
Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру |
1107 |
Ескертпе:
1 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктері, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өндірістік тазартуды, шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты өңдеу және консервілеу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (01.10.2020 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (01.10.2020 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (01.10.2020 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 7-қосымша
7-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (01.10.2020 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » № қаулысына 8-қосымша
8-қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.01.2024 жылғы № 18 Қаулысымен (01.10.2020 жылғы редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)