• Мое избранное
«Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 231 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.08.2023 жылғы № 731 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион – сатып алудың автоматты веб-порталы арқылы автоматты түрде ең төменгі баға бойынша сатып алу жеңімпазын айқындау мақсатында бір лот бойынша бәсекелес болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру;
2) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға не осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді шарт және (немесе) шарт жасасуға үміткер заңды тұлға;
3) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – шешiмдерді айқындауға және (немесе) әлеуеттi өнiм берушi қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiлеге байланысты тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) баға ұсынысы – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші ұсынған, сақтаудың температуралық режимі бөлінісінде айына бір паллета-орынның, автокөліктің жүк көтергіштігі санатына қарай бір километр үшін жүк автокөлігімен тасымалдаудың тиеу-түсіру жұмыстары үшін 1 (бір) норма-сағаттың, тауарды сақтандырудың бағаларын қамтитын коммерциялық ұсыныс;
5) бәсекелес лот – екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысатын лот;
6) бәсекелес емес лот – бір ғана әлеуетті өнім беруші қатысатын лот;
7) бөлу орталығы – Астана, Алматы, Ақтөбе немесе Шымкент қалаларының немесе олардың агломерацияларының аумағындағы қызмет көрсетілетін өңірлерде тауарды қабылдау, сақтау, бөлу, тасымалдау үшін пайдаланылатын және сонымен қатар өзі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында операциялық қойма функциясын орындайтын дәріханалық қойма;
8) бірыңғай дистрибьютор – Кодекстің 247-бабына сәйкес қызметін ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – бірыңғай дистрибьютор шешiмдерін тікелей және (немесе) жанама айқындайтын және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал ететін (ұсынылған өкілеттіліктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы бар кез келген тұлға;
10) веб-портал – осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін ақпараттық жүйе;
11) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
12) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызмет – өнім беруші көрсететін халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етумен байланысты, оларды есепке алуды, халыққа өткізуді қамтамасыз ететін қызмет;
13) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет – шарт немесе ұзақ мерзімді шарт талаптарына сәйкес бірыңғай дистрибьюторға өнім беруші көрсететін қызмет;
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт (бұдан әрі – ұзақ мерзімді шарт) – тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен бірыңғай дистрибьютор жасасатын қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
15) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) конкурстық өтінім – әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға ұсынысы;
17) қызмет көрсету өңірі – мынадай топтарға біріктірілген әкімшілік-аумақтық бірліктер:
бөлу орталығы Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстары;
бөлу орталығы Алматы қаласындағы Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары;
бөлу орталығы Шымкент қаласындағы Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары;
бөлу орталығы Ақтөбе қаласындағы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары;
18) операциялық қойма – өзі орналасқан облыстың аумағында тауарды қабылдау, сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатыноблыс орталығының немесе оның агломерациясының аумағындағы дәріханалық қойма;
19) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасасқан заңды тұлға;
20) паллета-орын – бір паллетаны сақтаудың көрсетілетін қызметі үшін есептік бірлік, мұндағы паллета – жүктерді жинау, сақтау, қайта тиеу және тасымалдау үшін негіз ретінде пайдаланылатын, қатты алаңы және ірілендірілген жүк бірлігін құру үшін жеткілікті орны бар, мөлшері 800 мм де 1200 мм тасымалдайтын ыдыс;
21) сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің бағасы – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметті сатып алу нәтижесі бойынша белгіленген, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы есебінен төленетін көрсетілетін қызметтің құны;
22) сатып алу – бірыңғай дистрибьютордың осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
23) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;
24) тауарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтің алдын ала құны – көрсетілетін қызметті сатып алу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген, бірыңғай дистрибьютор қажеттілік көлемін және қызмет көрсету өңірі бөлінісінде баға ұсынысының орташа өлшенген мәнін ескере отырып қалыптастыратын сома;
25) шарт – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен жасасатын қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
27) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Веб-порталдағы конкурс мынадай жүйелі кезеңдердің жиынтығы болып табылады:
1) конкурстық комиссия хатшысының көрсетілетін қызметті конкурс тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастыруы;
2) әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидаларға сәйкес өтінімдерді және конкурстық өтінімнің кепілдігін қамтамасыз етуді ұсынуы;
3) веб-порталдың конкурстық өтінімдерді автоматты түрде ашуы, ашу хаттамасын жариялауы;
4) конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы және олардың хабарландырудың шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
5) конкурстық комиссия хатшысының алдын ала рұқсат хаттамасын жариялауы;
6) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерге толықтыруларды ұсынуы;
7) конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерге толықтыруларды қарауы және олардың хабарландырудың шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан дауыс беруі;
8) конкурстық комиссия хатшысының рұқсат хаттамасын жариялауы;
9) бәсекелес лоттар бойынша аукцион;
10) веб-порталдың қорытындылар хаттамасын автоматты түрде жариялауы;
11) бірыңғай дистрибьютор мен конкурс жеңімпаздарының электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен веб-порталда ұзақ мерзімді шарт жасасуы.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мыналар қамтылады:
1) бірыңғай дистрибьютордың атауы мен мекенжайы;
2) бірыңғай дистрибьютордың банктік деректемелері;
3) конкурстың атауы;
4) лот бойынша: қызмет көрсетілетін орны мен мерзімі, әрбір лот бойынша қызмет көрсетумен байланысты тауардың атауы және көлемдері көрсетілген қызметтердің атауы;
5) сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алған кезінде арнайы температуралық режимі бар және арнайы температуралық режимі жоқ паллета-орындардың жоспарлы саны, тауарды тасымалдау үшін километрмен өлшенетін болжамды арақашықтық, лот бойынша тиеп-түсіру жұмыстары үшін норма-сағаттардың болжамды саны, денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі және мекенжайлары;
6) өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақыты;
7) ұзақ мерзімді шарттың жобасы;
8) әрбір лот бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген тауарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің алдын ала құны.»;
18, 19, 20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бірыңғай дистрибьютордың жұмыскері комиссия хатшысы болып айқындалады, ол мыналарды уақтылы қамтамасыз етеді:
1) конкурс өтетіні туралы хабарландыруды веб-порталда жариялау;
2) комиссияның дауыс беру қорытындылары бойынша алдын ала рұқсат беру, танысу үшін рұқсат беру хаттамаларының жобасын жасау, ал комиссия мүшелерінің біреуінің талап етуі бойынша – веб-порталда дауыс беруді қайта бастау;
3) алдын ала рұқсат беру, рұқсат хаттамаларын веб-порталда жариялау;
4) комиссия мүшесінің болмауын растайтын ұсынылған құжаттың (бар болса) электрондық көшірмесін веб-порталда орналастыру;
5) жалпы немесе лоттың біреуі бойынша конкурс өткізілмейтіні туралы немесе жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданған кезде оның көшірмесін орналастыра отырып, веб-порталда оны өткізбеу;
6) ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін конкурстың қорытындысы туралы хабардар ету.
19. Әлеуетті өнім беруші веб-порталда тіркеледі және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінімге қажетті құжаттарды тіркеу немесе оларды веб- порталда көзделген нысандар бойынша толтыру жолымен өтінім береді.
20. Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде мыналар (электрондық көшірмелері) қамтылады:
1) әлеуетті өнім берушінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің шешімдер қабылдауына ықпалы бар қатысушылары немесе акционерлері, олардың ЖСН немесе БСН туралы веб-порталда көзделген нысан бойынша үзінді көшірме;
2) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер;
3) фармацевтикалық қызметке: дәрілік заттарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізуге рұқсат және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама, ал денсаулық сақтау саласында есірткі мен прекурсорларды сақтауға, тасымалдауға және (немесе) өткізуге байланысты қызмет көрсеткен жағдайда бөлу орталығының қызметі көрсетілуге тиіс әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке рұқсат;
4) бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда сатып алу туралы хабарландыруға сәйкес қызмет көрсетудің толық кезеңінде қызметтің бір бөлігін көрсету туралы онымен жасасқан шарт және бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың және хабарландырудың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
5) уәкілетті орган бекіткен және веб-порталда орналастырылған нысан бойынша баға ұсынысы. Бұл ретте әлеуетті өнім берушінің ішкі санаттар бойынша баға ұсынысы пропорционалды түрде жасалады және санаттар бойынша және (немесе) жалпы хабарландыру лоты бойынша баға ұсынысынан аспайды;
6) өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету.
21. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған конкурстық өтінім лот бойынша қосымша мыналардан (электрондық көшірмелері) тұрады:
1) өтінім ашылатын күнге дейін берілгеніне күнтізбелік бір ай өтпеген, «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған дәріханалық қоймаға тіркелген құқықтар туралы анықтама;
2) дәріханалық қоймаға техникалық құжат;
3) тиісті дистрибьюторлық практика туралы сертификат (GDP);
4) реттелетін температуралық режимді сақтау мүмкіндігі бар, жүк көтеру қабілетінің санаты әртүрлі автокөлік құралдарының бар екенін растайтын құжат. Автокөлік құралдарының жүк көтеру қабілетінің санаттары: қоса алғанда 1,5 тоннаға дейін– 1-санат, қоса алғанда 5 тоннаға дейін– 2-санат, қоса алғанда 10 тоннаға дейін– 3-санат, 10 тоннадан астам – 4-санат.»;
29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Конкурстық өтінімнің, сондай-ақ оның кепілдігін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі кемінде күнтізбелік 45 (қырық бес) күнді құрайды. Әлеуетті өнім беруші өтінімінің кепілдігін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі рұқсат хаттамасына немесе қорытындыларға сәйкес оны қабылдамаған не сатып алу жеңімпазы жасалған ұзақ мерзімді шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын уақтылы ұсынған сәтте өтеді.
30. Кепілдікті қамтамасыз ету:
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімі қабылданбаған;
2) жеңімпаз конкурс нәтижелері бойынша жасалған ұзақ мерзімді шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарасын уақтылы ұсынған;
3) конкурстың немесе жеке лотты сатып алу тоқтатылған;
4) конкурс немесе жеке лотты сатып алу жарамсыз деп танылған;
5) тұлға енгізілсе, бірақ конкурсқа қатыспаған;
6) төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда қайтарылады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Егер:
1) жеңімпаз ұзақ мерзімді шарт жасасудан бас тартса немесе жалтарса;
2) жеңімпаз ұзақ мерзімді шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шарасын ұсынбаса;
3) әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарына немесе көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат ұсынылса, осы Қағидаларда көзделген мерзімдер бұзылса, кепілдікті қамтамасыз ету ұстап қалынады.»;
60, 61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Конкурс қорытындылары бойынша жеңімпазбен ұзақ мерзімді шарт осы Қағидалардың 10-тарауына сәйкес келіссөздер жүргізу талап етілетін жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 104-тармағында көрсетілген шағымдану мерзімінен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде веб-порталда әрбір лот бойынша жеке-жеке жасалады.
Конкурс қорытындылары бойынша, егер конкурс тәсілімен сатып алу немесе оның қандай да бір лоты өткізілмеді деп танылса, бірыңғай дистрибьютор мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) конкурсты қайта өткізу туралы;
2) қызмет көрсету мерзімі өзгерген жағдайда конкурс шарттарын өзгерту және жаңа конкурс өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.
61. Комиссия әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін осы Қағидалардың 24-тармағын сақтай отырып, мынадай жағдайларда толығымен қабылдамайды:
1) осы Қағидалардың 9-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келмесе;
2) әлеуетті өнім берушінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің, байқау кеңесінің шешімдер қабылдауына ықпалы бар қатысушылар немесе акционерлер, олардың ЖСН немесе БСН туралы веб-порталда көзделген нысан бойынша үзінді көшірме ұсынылмаса;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер ұсынылмаса;
4) фармацевтикалық қызметке: дәрілік заттарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу және (немесе) медициналық бұйымдарды көтерме немесе бөлшек саудада өткізу бойынша қызметті бастау немесе тоқтату туралы хабарлама және (немесе) бөлу орталықтарына арналған денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке рұқсат ұсынылмаса;
5) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген негіздер болса;
6) біліктілік талаптарына немесе көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы дәйексіз ақпарат ұсынылса;
7) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
8) хабарландыру шарттарына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе.
Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы болмауы тұрғысынан олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында комиссия банкроттық не тарату рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
62. Әлеуетті өнім берушінің лот бойынша конкурстық өтінімі осы Қағидалардың 24-тармағын сақтай отырып, мынадай жағдайларда қабылданбайды:
1) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы ұсынылмаса немесе тиісінше толтырылмаса;
2) бірлесіп орындаушымен (ол тартылған жағдайда) жасалған шарт немесе оның қолданылу мерзімі сатып алынатын қызметті көрсету мерзімін қамтымаса немесе бірлесіп орындаушының осы Қағидалардың және хабарландырудың талаптарына сәйкестігін растайтын өзге құжаттар ұсынылмаса;
3) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес кепілдікті қамтамасыз ету және (немесе) лот бойынша өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету хабарландырудағы лот сомасының 3 (үш) кем пайызды құраса;
4) өтінімді ашу күніне дейін күнтізбелік бір ай бұрын берілген «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған дәріханалық қоймаға тіркелген құқықтар туралы анықтама;
5) дәріханалық қоймаға техникалық құжат;
6) паллета-орындардың осы Қағидалардың және хабарландырудың талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
7) осы Қағидалардың 21-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген санаттар бойынша көлік құралдарына меншік құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттар ұсынылмаса.»;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды бірыңғай дистрибьютор мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) конкурс қатарынан екі рет өткізілмеді деп танылған кезде. Шақыру алдыңғы қаржы жылы дәл сол әкімшілік-аумақтық бірлікте қызмет көрсеткен өнім берушіге жіберіледі;
2) өнім берушімен шарт және (немесе) ұзақ мерзімді шарт бұзылса. Шақыру екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге, ол болмаса біліктілік талаптарына және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарға сәйкес келетін болса лот бойынша кез келген өзге бәсекелеске жіберіледі;
3) бірыңғай дистрибьютор қорытынды жасағанға дейінгі кезеңге бірыңғай дистрибьютордың алпыс күндік қажеттілікке дейін көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттілігі туындағанда. Шақыру ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасасқан өнім берушіге жіберіледі.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу рәсімін тараптар әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алу туралы хабарлама және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша шарт жобасы жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аяқтайды. Бұлай болмаған жағдайда сатып алу өткізілмеді деп есептеледі және уақыты өткеннен кейін веб-портал сатып алуға «өткізілмеді» деген мәртебе береді, ал бірыңғай дистрибьютор қайтадан сатып алуды өткізеді.»;
Қағидалардың 10-тарауы және 10-тараудың 1-параграфының тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Веб-портал арқылы ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) не шарт жасасу, келіссөздер жүргізу және ұзақ мерзімді шарттың (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімнің) не шарттың орындалуын қамтамасыз ету
1-параграф. Веб-портал арқылы ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) не шарт жасасу және өзгерту»;
86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«86. Бірыңғай дистрибьютор шағымдану мерзімі өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушіге, өнім берушіге ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) не шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және сатып алу қорытындылары бойынша қалыптасқан бағаны ескере отырып, ұзақ мерзімді шарттың (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімнің) не шарттың жобасын қоса бере отырып, өнім берушінің деректемелерін ұсыну туралы сұрау салу жібереді.
Ұзақ мерзімді шарт уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша 3 (үш) жыл мерзімге жасалады. Бұл ретте әрбір қаржы жылына ұзақ мерзімді шартқа уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қызмет көрсетумен байланысты тауардың атауы мен көлемі, көрсетілетін қызметтің алдын ала құны көрсетілген қосымша келісім жасалады. Қосымша келісім ұзақ мерзімді шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
87. Әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші веб-порталда тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) не шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және өнім берушінің деректемелерін толтырады және растайды. Әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) не шартқа қол қоятын тұлға туралы мәліметтерді және оның деректемелерін растауы болмаған жағдайда бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) не шартқа веб-порталда орналастырылған әлеуетті өнім берушінің тіркеу деректеріне сәйкес қол қояды.
Бірыңғай дистрибьютор Қағидалардың осы тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің мәліметтерді растау мерзімі өткен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған ұзақ мерзімді шарттың (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімнің) не шарттың жобасын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қалыптастырады және әлеуетті өнім берушіге қол қою үшін жібереді.
88. Ұзақ мерзімді шарттың (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімнің) не шарттың жобасын өнім беруші, әлеуетті өнім беруші ол келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
89. Егер әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші белгіленген мерзімде ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) не шартқа қол қоймаса, бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші, өнім беруші ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) не шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда ұзақ мерзімді шарттың (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімнің) не шарттың жаңа жобасын қалыптастырады және оны екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге (бар болса) жібереді. Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) не шарт жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) не шарт жобасы ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
Ұзақ мерзімді шартқа жыл сайынғы қосымша келісім жасасудан жалтарған жағдайда бірыңғай дистрибьютор конкурс өткізу немесе бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды.
90. Егер екінші орын алған әлеуетті өнім беруші ұсынылған ұзақ мерзімді шарт жобасына белгіленген мерзімде қол қоймаса, бірыңғай дистрибьютор конкурсты қайта өткізеді.
91. Екінші орын алған әлеуетті өнім берушімен ұзақ мерзімді шарт жасасу және келіссөздер жүргізу рәсімі конкурс жеңімпазымен өткен тәртіп бойынша жүргізіледі.
92. Ұзақ мерзімді шартқа не шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге жол берілмейді.
93. Жасалған ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) не шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған сапаның өзгермеуі шартымен:
1) шарт бағасын төмендету бөлігінде тараптардың келісуі бойынша;
2) осы Қағидалардың 94-тармағына сәйкес формула бойынша белгіленген бағаны өзгертпей көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайту бөлігінде;
3) өнім берушіге байланысты емес себептер бойынша бұрынғыны пайдалану мүмкін болмаған жағдайда онымен бірдей дәріханалық қоймаға ауыстырылған немесе неғұрлым сапалы дәріханалық қоймаға ауыстырылған кезде өзгерістер енгізуге жол беріледі.
94. Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша ақы төлеу (Х) тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілген қызмет үшін іс жүзіндегі баға бойынша жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
Х = W+T+L, мұндағы
W = Wj*(S1+S2), мұндағы
W – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Wj – 1 паллета-орынның өңірге байланысты құны (j), S1 – арнайы температуралық режимі бар (суық +2 - +8 Цельсий градусы, мұздату -15 – 20 Цельсий градусы, салқын +8 – +15 Цельсий градус) паллета- орындардың саны; S2 – арнайы температуралық режимі жоқ паллета- орындардың саны (+15 – +25 Цельсий градус);
T – тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызмет;
Т = Cij,
Cij –көлік құралымен тасымалдаудың 1 км үшін қалыптасқан осы Қағидалардың 21-тармағында көзделген көлік құралының жүк көтеру санатына (i) және өңірге (j) байланысты құны;
L – тиеу-түсіру жұмыстары
L = Lj * Lki,
Lj – өңірге (j) байланысты тиеу-түсіру жұмыстарының 1 норма сағатының қалыптасқан құны;
Lki – санаттарға сәйкес көлік құралының (i) тоннажына қарай көлік құралына тиеу немесе одан түсіру үшін жұмсалатын норма-сағаттардың саны: 1-санат – қоса алғанда 1,5 тоннаға дейін – 0,5 сағат, 2-санат – қоса алғанда 5 тоннаға дейін – 1 сағат, 3-санат – қоса алғанда 10 тоннаға дейін – 1,5 сағат, 4- санат – 10 тоннадан астам – 3 сағат.
Бұл ретте норма-сағат – бұл жұмыстарды орындау уақытының бірлігі, тиеу-түсіру жұмыстары үшін есептік бірлік, олар мыналарды қамтиды: көлік құралынан қабылдау, түсіру және тауарды қайта есептеу, тауарды сақтауға орналастыру, қажет болған кезде – тауардың қаптамасын стикерлеу және қаптамаға медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты салу, тауарды тиеуге немесе орнын ауыстыруға арналған жиынтық (құрастыру), палеттеу (палеттаға орналастыру және қаптау материалымен орау), көлік құралына тиеу, жеткізу орнында түсіру, тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу (қол қою).
Денсаулыққа келетін елеулі зиянның алдын алу және (немесе) өмірге төнген қауіпті жою үшін шұғыл медициналық көмек көрсетілген жағдайда денсаулық сақтау ұйымының жазбаша өтініші және бірыңғай дистрибьютордың өтінімі бойынша іс жүзіндегі бағаға әуе тасымалдаушысының бағасы бойынша тауарларды әуемен жеткізу қызметтері үшін жұмсалған шығыстар қосылады.»;
97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«97. Жеңімпаз ұзақ мерзімді шарттың бағасын төмендету жөніндегі ұсыныстан бас тартады не келіседі, ол туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб - портал арқылы бірыңғай дистрибьюторға тиісті негіздемемен ақпарат жібереді. Келіссөздер жеңімпаздан бағаны төмендету жөніндегі ұсынысқа келісу не бас тарту туралы хабарлама алынғаннан кейін аяқталды деп есептеледі.
Жеңімпаз көрсетілетін қызмет бағасын төмендетуден бас тартқан кезде бірыңғай дистрибьютор келіссөздер аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы жеңімпаздың баға ұсынысы бойынша ұзақ мерзімді шарттың жобасын жібереді. Жеңімпаз ұзақ мерзімді шарттың жобасын келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырады.
Ұзақ мерзімді шарттың бағасын төмендетуге келіскен жағдайда конкурс жеңімпазы веб-портал арқылы бірыңғай дистрибьюторға веб-порталда көзделген нысан бойынша түпкілікті бағасы бар баға ұсынысын жібереді. Веб-портал бағасы өзгертілген ұзақ мерзімді шарттың жаңа жобасын автоматты түрде қалыптастырады және оны тараптарға қол қою үшін жібереді. Тараптар ұзақ мерзімді шартқа келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды.»;
Қағидалардың 10-тарауы 3-параграфын тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-параграф. Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету»;
98, 99, 100, 101 және 102-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«98. Өнім берушінің ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларының мөлшері ақшалай мәнде жеке лот бойынша жасалатын ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бағасының 3 (үш) пайызын құрайды және тараптар веб-порталда ұзақ мерзімді шартқа (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімге) немесе шартқа қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьютордың пайдасына ұсынылуға тиіс.
99. Әлеуетті өнім беруші ұзақ мерзімді шартты (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімді) немесе шартты жасасқан кезде шарт бойынша өзінің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарасы ретінде ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша өзінің міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерінің бірін таңдайды:
1) бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін ақшалай кепілдік жарна;
2) веб-порталда көзделген нысан бойынша банк ұсынатын электрондық банк кепілдігі.
100. Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету төтенше жағдай қолданылатын кезеңде ол қолданылатын мерзімі аяқталғанға дейін енгізілмейді.
Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету төтенше жағдайдың қолданылуы аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 98-тармағында белгіленген мөлшерде енгізіледі.
101. Ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мынадай жағдайларда:
1) өнім беруші қызмет көрсетуден бас тартса;
2) ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт өнім берушінің бастамасымен бұзылса;
3) өнім берушінің міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шартты (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімді) немесе шартты біржақты тәртіппен бұзса, ұстап қалынады.»;
102. Бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт бойынша міндеттемелерді:
1) ақшалай жарна түрінде кепілдікті қамтамасыз ету ұстап қалынған жағдайда өнім берушіге веб-портал арқылы веб-порталда көзделген нысан бойынша ұстап қалу туралы хабарлама жібереді;
2) электрондық банк кепілдігі түрінде кепілдікті қамтамасыз ету ұстап қалынған жағдайда – банкке және өнім берушіге (мәлімет үшін) веб-портал арқылы веб-порталда көзделген нысан бойынша оны төлеу туралы талапты жібереді.
Банк кепілдігін төлеу туралы талап банкке шарт бұзылған немесе қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап банктік 20 (жиырма) күн ішінде қойылады.»;
104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«104. Конкурс қорытындыларының хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютордың, комиссияның, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына шағымданған жағдайда ұзақ мерзімді шартты (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімді) немесе шартты жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Сатып алуға қатыспаған тұлғалардың бірыңғай дистрибьютордың, комиссияның, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдану ұзақ мерзімді шартты (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісімді) немесе шартты жасасу мерзімін тоқтатпайды.»;
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«107. Қорытындылар хаттамасы жарияланғанға дейін және (немесе) осы Қағидалардың 104-тармағында белгіленген мерзімде бірыңғай дистрибьютордың, комиссияның, бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына шағымданған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес камералдық бақылау шеңберінде осы Қағидалардың 104-тармағында белгіленген мерзім өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мәлімделген талаптар (дәлелдер) шегінде қаралады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы шағым түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьюторға ұзақ мерзімді шарт (ұзақ мерзімді шартқа қосымша келісім) немесе шарт жасасуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов