БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32159 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы»;
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11588 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы М. Карабаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 наурыздағы № 192 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығымен бекітілген
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) және әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттауды және сертификат беруді жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;
3) сертификаттық зерттеп-қарау - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асыратын құралдарды, жабдықтарды, технологиялық процестерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, персоналдың құзыреттілігін сертификаттау талаптарына сәйкестігіне зерттеп-қарау;
4) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін, авиация персоналын және әуежай (әуеайлақ) ғимаратына баратын басқа да адамдарды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар;
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.
3. «Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
4. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты (бұдан әрі – Сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа адамға берілмейді.
5. Сертификат қолданылу мерзімі көрсетіле отырып, 3 (үш) жыл мерзімге беріледі.
6. Сертификат көрсетілетін қызметті алушының белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайды.
7. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау үшін Заңның 16-бабының 3-тармағына сәйкес тәртіппен және мөлшерде азаматтық авиация саласында төлемдер алынады.
Ұсынылған құжаттарды қарау және алдын ала бағалау сатысында сертификаттаудан бас тартқанда, төлем сақталады және құжаттарды қайта тапсырған кезде қабылданады.
Келесі күнтізбелік жылға қайта өтінім берген кезде көрсетілетін қызметті алушы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруін ескере отырып, төлем айырмасын енгізеді.
Сертификаттау рәсімі аяқталғаннан кейін теріс шешім қабылданған кезде енгізілген төлем қайтарылуға жатпайды.
8. Сертификаттаудың жалпы мерзімі 17 (он жеті) жұмыс күнін құрайды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
2-тарау. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттауды және сертификат беруді жүргізу тәртібі
11. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі анықталады:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттармен бірге өтінім беруі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімі бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдауы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізуі;
4) шешім қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
12. Сертификат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттарды қоса бере отырып жібереді.
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің, әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасының персоналы мен басшы құрамы бойынша жиынтық деректер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе осы Қағидаларға сәйкес сертификат беру үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде ұсынылған құжаттар топтамасының сәйкес келмегені туралы хабарламаны оларды сәйкестендіру мерзімін көрсете отырып, өтініш берушіге жібереді.
Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
14. Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы оны осы Қағидалардың 12-тармағының нормаларына сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды жібереді.
3-тарау. Өтінім бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау
15. Өтінімді алдын ала бағалау мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың мазмұнын 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде тексеруді қамтиды.
Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің бюджетіне әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттағаны үшін азаматтық авиация саласындағы төлемнің төленгенін растау;
2) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік қызметінің ұйымдық құрылымы;
3) әуежайдың (әуеайлақтың) персоналы мен басшы құрамы, авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы бойынша жиынтық деректердің болуы;
4) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;
5) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереже;
6) өтінім бойынша шешім қабылдау.
16. Оң шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші сертификаттық зерттеп-қарау жүргізеді. Порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат алуға өтінім бойынша шешім жіберіледі.
17. Теріс шешім болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама теріс шешім қабылданған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші сертификаттық тексеру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жүргізеді.
4-тарау. Сертификаттық зерттеп-қарауды және сертификат беруді жүргізу тәртібі
18. Сертификаттық зерттеп-қарауды көрсетілетін қызметті берушінің авиациялық инспекторлары қатарынан комиссия жүргізеді.
Комиссияның құрамы кемінде 3 (үш) адамнан тұрады, олардың функционалдық міндеттеріне авиациялық қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру жатады және көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
19. Сертификаттық зерттеп-қарау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттық зерттеп-қарау жөніндегі үлгілік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
20. Сертификаттық зерттеп-қарау барысында көрсетілетін қызметті алушы мәлімделген қызмет саласының Сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайды.
21. Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – Акт) авиациялық қауіпсіздіктің нақты жай-күйі, сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы Комиссияның қорытындылары, ұсынымдары мен қорытындысы көрсетіле отырып, 2 (екі) данада жасалады. Актіге Комиссия мүшелері қол қояды және танысу үшін көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктердің жоқтығы туралы қорытындыны қамтитын Акт сертификат беру үшін негіз болып табылады.
22. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер Заңның 16-бабының 6-тармағына сәйкес 3 (үш) деңгейге бөлінеді.
23. Сертификаттық зерттеп-қарау және Актіні жасау мерзімі сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
24. Акт нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сертификат не мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ресімделеді және порталдағы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
25. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
5-тарау. Шағымдарды қарастыру
26. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға береді.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей шағымды қарайтын органға әкімшілік істі жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші-тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
27. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша түрде (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық нысанда берген кезде) хабарлайды.
28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Кодекстің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
6-тарау. Сертификаттың қолданылуын тоқтату, кері қайтарып алу және қайта ресімдеу
29. Көрсетілетін қызметті беруші:
1) көрсетілетін қызметті алушының сертификаттау талаптарын сақтамаған;
2) инспекторлық ұйғарымдарды орындамаған жағдайларда сертификаттың қолданылуын тоқтатады.
30. Сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе оны қайтарып алған жағдайда әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметі тоқтатылады. Көрсетілетін қызметті беруші қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыны дереу хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде тоқтата тұру себебін және сертификаттың қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңді (алты айдан аспайтын) көрсетеді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сертификат күшін жояды.
Сертификат күшін жою көрсетілетін қызметті алушы сертификат қолданылуын тоқтата тұру немесе куәліктің күшін жою туралы хабарламаны алған сәттен бастап күшіне енеді.
31. Сертификаттың қолданылуын жаңартуды (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктерді жойғаннан және көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға сараптама жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
32. Сертификатты қайтарып алынған жағдайда оны беру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта сертификаттаудан кейін жүзеге асырылады.
33. Берілген сертификаттарды қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және егер олар сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке әкеп соқпаса, басқа да өзгерістер болған жағдайда жүзеге асырылады.
34. Сертификатты қайта ресімдеудің мынадай тәртібі айқындалады:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге өзгерістер туралы мәліметтермен өтінім беруі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің өтінімі бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдауы;
3) сертификатты қайта ресімдеу (қайта ресімдеуден бас тарту).
35. Сертификатты қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді.
36. Көрсетілетін қызметті беруші өтінім тіркелген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес ұсынылған мәліметтердің толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған немесе сертификатты қайта ресімдеу үшін қажетті мәліметтер болмаған жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші сертификатты қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
37. Сертификатты қайта ресімдеудің жалпы мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатты алуға арналған өтінім
_________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының толық аты-жөні) _____________________________________________________________________ мақсатында (авиациялық қауіпсіздік қызметі сертификатын алу, оның қолданылу мерзімін ұзарту, сертификаттық зерттеп-қарауды жүзеге асырудың жоспарланған күні_____________________________________________сертификаттау жүргізуді сұраймын. Ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде, тиісінше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзімі көрсетіледі) өтініш беруші міндеттенеді: сертификаттау рәсімдерін орындауға; сертификаттық талаптарға жауап беруге; көрсетілетін қызметті берушіге авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну. Басшы_______________________________________________________________ (лауазымы/қолы/күні) Мөр орны (бар болған жағдайда) Ескертпе: егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылса, өтінішті мөрмен бекіту талап етілмейді.
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
«Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру». Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1. Сертификат беру; 2. Сертификатты қайта ресімдеу. |
||
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы - сертификат беру; «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» акционерлік қоғамы - сертификатты қайта ресімдеу. |
2. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал); сертификатты қайта ресімдеу - портал |
3. |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Сертификат беру - 17 (он жеті) жұмыс күні; сертификатты қайта ресімдеу - 2 (екі) жұмыс күні. |
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған): сертификат беру; сертификатты қайта ресімдеу. |
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификаты, әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. |
6. |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Сертификат беру – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын бергені үшін, ақылы, сертификатты қайта ресімдеу – тегін. |
7. |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) күндері және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 8.30-дан 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен; 2) портал - тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. |
8. |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Сертификат беру: 1) өтінімнің электрондық көшірмесі; 2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі; 3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі; 4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы бойынша жиынтық деректердің электрондық көшірмесі; 5) көрсетілетін қызметті алушының авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ережесінің электрондық көшірмесі. Сертификатты қайта ресімдеу - өтінімнің электрондық көшірмесі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады. |
9. |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі; 3) «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 21822 актілер) сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның теріс қорытындысы. |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: Министрліктің – www.miid.gov.kz. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі, «Азаматтық авиация комитеті» бөлімі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Әуежайдың ( әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы бойынша жиынтық деректер
1. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің песоналы мен басшылық құрамын жасақтау жөніндегі деректер (әуежай, әуеайлақтың атауы)
Штаттық лауазымдар |
Санаты |
Штат бойынша саны |
Нақты саны |
Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылық құрамының штаттық лауазымдары |
|
|
|
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
Жете тексеру және қауіпсіздік бөлімшесінің штаттық лауазымдары |
|
|
|
1. |
|
|
|
2. |
|
|
|
2. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы бойынша деректер
Авиациялық қауіпсіздік қызметіне арналған өндірістік үй-жайлар мен құрылыстар |
Саны және жалпы ауданы - (ш.м) |
|
Жеке меншік |
Жалданатын |
|
1. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметтік үй-жайлары |
|
|
2. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің тұрмыстық үй-жайлары |
|
|
3. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің оқу сыныбы |
|
|
4. Өту/жүруге арналған бақылау-өткізу пункті |
|
|
5. Жолаушыларды, әуе кемесінің экипаж мүшелерін, авиаперсоналды жете тексеру пункттері |
|
|
6. Багажды, жүкті, поштаны, борттық қорларды жете тексеру пункттері |
|
|
7. Қосымша ақпарат |
|
|
Әуежай (әуеайлақтың) басшысы _____________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы) Күні: __________________ мөр орны (бар болған жағдайда)
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алуға арналған өтінім бойынша ШЕШІМ
20__ жылғы «__» ________________ №_______________________________________ әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің (көрсетілетін қызметті алушының атауы) сертификатын алуға арналған ______________________________________________________ өтінімін қарап, (көрсетілетін қызметті алушының атауы)
хабардар етеміз: сіз ұсынған құжаттар ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ сәйкес келеді (сәйкес емес) (нормативтік құқықтық актінің атауы)
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның басшысы немесе оның (бар болған жағдайда) уәкілеттік берген адамы ________________ ____________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) мөр орны (бар болған жағдайда) 20__ жылғы «___» __________
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 5-қосымша
Нысан
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттық зерттеп-қарау жөніндегі үлгілік бағдарлама
Тексеру күні, бұйрық №: ________________________ Комиссия құрамында: ________________________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)
р/с № |
Тексеру бағдарламасы бойынша позициялар нөмірлері және тексерілетін Авиациялық қауіпсіздік элементтері |
Сәйкестік бағасы (+/-) |
Сәйкессіздік позициясының нөмірі |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
|||
1) |
АА саласындағы уәкілетті ұйыммен, АҚ жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясымен келісілген және әуежайдың (әуеайлақтың) бірінші басшысы бекіткен АҚ бағдарламасы; |
|
|
2) |
авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережеге сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) АҚҚ туралы ереже; |
|
|
3) |
әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) құрылымы мен штат кестесі; |
|
|
4) |
АА саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген және әуежайдың (әуеайлақтың) бірінші басшысы бекіткен АҚ бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы; |
|
|
5) |
авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын ішкі бақылау бағдарламасы; |
|
|
6) |
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясының жұмысы: 1) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясын құру туралы ережені; 2) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясын құру туралы бұйрықтарды; 3) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясының мүшелерін бекіту туралы бұйрықтарды; 4) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясы отырысының хаттамаларды қамтиды; |
|
|
7) |
АҚҚ әуежай қызметтерімен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс қимыл жасау технологиясы; |
|
|
8) |
АҚҚ-ның білікті және дайындалған персоналмен жасақталуы олардың кәсіптік даярлаудан және қайта даярлаудан өтуін және жұмысқа жіберілуін қамтамасыз етеді; |
|
|
9) |
тәуекелдерді бағалау және тәуекелдерді басқару бағдарламасы; |
|
|
10) |
өткізу және объектішілік режим бойынша нұсқаулық; |
|
|
11) |
жете тексеру кезінде қолданылатын қазіргі заманғы техникалық жете тексеру құралдарымен жабдықтау; |
|
|
12) |
АҚҚ техникалық, өндірістік және қаржылық қамтамасыз ету: 1) АҚҚ орналастыру және АҚ бойынша технологиялық рәсімдерді жүзеге асыру үшін өндірістік ғимараттар мен үй-жайларды күтіп-ұстау; 2) әуежайдың АҚҚ басшы құрамы мен персоналының қызметтік үй-жайлармен (кабинеттермен, талдау бөлмелерімен) және тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлармен (демалыс және тамақтану бөлмелерімен, киім ауыстыратын бөлмелермен, арнайы киімді кептіргіштермен) қамтамасыз етілуі; 3) техникалық құралдармен, байланыс құралдарымен, автокөлікпен жарақтандырылуы; 4) қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы үй-жай; 5) нысанды киімге бақылауды қамтамасыз ету (қорғау шаралары, беру және алып қою тәртібі); |
|
|
13) |
АҚҚ мамандарының лауазымдық нұсқаулықтары; |
|
|
14) |
АҚ бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау жүйесі, тұрақты ішкі тексерулер жүргізу; |
|
|
15) |
орындалатын қауіпсіздік шараларына бақылау жүргізу кезеңділігі; |
|
|
16) |
АҚ қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шаралардың жеткіліктілігі мен тиімділігіне талдау және бағалау жүргізу; |
|
|
17) |
заңсыз араласудың ықтимал актілерінен қорғау мақсатында АА объектілерінің (орындарының) осалдығын анықтау жөніндегі қызмет; |
|
|
18) |
жүргізілетін бақылауды есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізу, адамдарды тағайындау, осындай бақылауды жүргізу және есепке алу үшін; |
|
|
19) |
сенімділік (сынақтар) және АҚ бойынша әзірленген тексеру жоспарлары. |
|
|
2. Жолаушылардың, қол жүгінің, әуе кемелері экипажы мүшелерінің және авиация персоналының қауіпсіздігі |
|||
1) |
заңсыз араласу актісін жасау үшін пайдаланылуы мүмкін қарудың, жарылғыш заттардың немесе кез келген басқа да қауіпті құрылғылардың әуе кемесінің бортына түсуіне жол бермеу шарттары; |
|
|
2) |
жолаушылардың өзіне немесе қол жүгіне алып жүретін жарылғыш заттардың немесе жарылғыш құрылғылардың, оның ішінде жолаушылар кезіндегі заттардың болуын анықтауға қабілетті тиісті тексеру әдістерін қолдану. Мұндай әдістер тұрақты негізде қолданылмайтын жағдайларда олар болжамсыздық қағидаты бойынша қолданылады; |
|
|
3) |
жолаушыларды тіркеу аймақтарында авиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы ақпараты бар плакаттар; |
|
|
4) |
жете тексеруден өткен және өтпеген адамдарды араластыруды болдырмау; |
|
|
5) |
жете тексеру пункттерінің жабдықтары мен орналастыруларының белгіленген талаптарға сәйкестігі; |
|
|
6) |
жолаушыларды, қол жүгі мен багажды, әуе кемелері экипажы мүшелерін және авиация персоналын жете тексеру пункттерін техникалық жете тексеру құралдарымен жабдықтау: рентген-телевизиялық қондырғылар, стационарлық және портативті металл іздегіштер, рентгенографиялық сканерлер, электромагниттік спектрдің терагерц диапазонындағы интровидение жүйелері және жарылғыш заттарды анықтауға арналған басқа да құрылғылар; жолаушыларды жете тексеруге арналған үй-жайлармен; әуежайдың полициясы және АҚҚ пункттерін хабардар ететін дабыл сигнализациясы құрылғыларымен; бейнебақылау жүйелерімен ақпарат 30 күнтізбелік күн ішінде сақталады; қол жүгі мен багажды қолмен (физикалық) жете тексеруге арналған үстелдермен; рентген-телевизиялық қондырғылармен жете тексеру мақсатында жете тексерілетін адамдардың заттары мен заттарын орналастыруға арналған пластикалық, көзбен қарайтын сыйымдылықтармен; жете тексерілген және жете тексерілмеген жолаушылар ағынының араласуына жол бермейтін, жете тексеруден өтетін жолаушылар ағынын реттейтін қоршаулармен; әуе кемелерінде жолаушыларға тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі туралы ақпараты бар стендтермен; жолаушыларды, қол жүгі мен багажды жете тексеру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерден үзінді көшірмелермен; |
|
|
7) |
жете тексеру пункттерінің қызметкерлеріне қалыпты еңбек жағдайларын және жылдың кез келген уақытында жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін жете тексеру пункттерінде температуралық режимді сақтау; |
|
|
8) |
іріктеп тексерулерге қатысты талаптар (кемінде 10% іріктеп қолмен жете тексеруден өтеді); |
|
|
9) |
рентгендік жабдықтың немесе қолмен жете тексерудің көмегімен белгілі бір адамның заттарын жете тексеру барысында табылған тасымалдауға тыйым салынған заттармен және заттармен жұмыс істеу тәртібін қамтамасыз ететін рәсімдер; |
|
|
10) |
сұйықтықтарды, аэрозольдерді және гельдерді жете тексеру тәртібі; |
|
|
11) |
тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттармен және заттармен жұмыс істеу тәртібі; |
|
|
12) |
электр қуаты өшкен немесе жете тексеру үшін жабдықтар сынған жағдайда АҚҚ персоналының іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық; |
|
|
13) |
жолаушыларға қызмет көрсетуге ыңғайлы орындардағы ұшу алдындағы жете тексеру пункттерінің жанында қаруды, оқ-дәрілерді және оның патрондарын қабылдауға (беруге), тексеруге және ресімдеуге арналған үй-жайлармен (бөлме); |
|
|
14) |
жолаушының жеке заттарын жете тексеру тәртібі (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жұмыс қабілеттілігін имитациялай отырып, сыртқы киімдерді, бас киімдерді, аяқ киімдерді, жолаушылардың белдіктерін, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті түрде жете тексеру); |
|
|
15) |
әуе тасымалына тыйым салынған қауіпті заттар мен заттарды жете тексеру кезінде жолаушылардан, әуе кемелері экипаждарының мүшелерінен және авиация персоналынан уақытша сақтауға арналған үй-жайлар; |
|
|
16) |
жете тексерілген жолаушыларға арналған стерильді аймақтардың жай-күйі; |
|
|
17) |
Жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелері экипажы мүшелерін және авиация персоналын ұшу алдындағы жете тексеру технологиясы: әрбір жете тексеру пункті мен қауіпсіздік бекетінің персоналын (жолаушыларды ұшу алдындағы жете тексеру пунктіндегі персонал саны кемінде 4 маман болуға тиіс), ауысым ішінде жұмыс орындарында тұрақты ротациялау тәртібін жасақтауға; жолаушының жеке заттарын жете тексеру тәртібіне (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жұмысқа қабілеттілігін имитациялай отырып, жолаушылардың сыртқы киімдерін, бас киімдерін, аяқ киімдерін, белдіктерін, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті түрде жете тексеру); сұйықтықтарды, аэрозольдерді және гельдерді жете тексеру тәртібіне; заттарды жете тексеру немесе қолмен жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалана отырып, күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібіне; іріктеп тексерулерге қатысты талаптар (жолаушылардың кемінде 10% - ы іріктеп қолмен жете тексеруден өтеді); ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне; ресми делегациялар залы арқылы өтетін жолаушыларды жете тексеру рәсімдері; транзитпен немесе трансферттік рейстермен жүретін жолаушыларды жете тексеру тәртібіне; тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидаларын; заңсыз араласу актісін жасау тәуекелінің жоғары дәрежесі кезеңінде жете тексеруді жүргізу тәртібіне; мүмкіндігі шектеулі адамдар мен еріп жүретін адамдарды жете тексеру жөніндегі талаптар; жете тексерілетін жолаушымен бір жыныстағы қызметкердің жолаушыларды қолмен жете тексеруді ұйымдастыру; транзитпен немесе трансферттік рейстермен жүретін жолаушыларды жете тексеру тәртібі; жете тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидалары; жете тексеруден өтпеген жолаушылармен араласқан немесе байланыста болған жағдайда ӘК-ге отырғызу алдында жолаушыларды және олардың қол жүгін қайта жете тексеруді ұйымдастыру және сақтау; |
|
|
18) |
әуежайдың (әуеайлақтың) бірінші басшысы әуежайдың стерильді аймағында орналасқан бажсыз сауда дүкендеріне түсетін тауарларды жете тексеру жөніндегі нұсқаулықтар; |
|
|
19) |
техникалық жете тексеру құралдарына тұрақты техникалық қызмет көрсету және жөндеу. |
|
|
3. Жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың, жүктің, почтаның және борттық тамақтанудың (борттық қорлардың) қауіпсіздігі |
|||
1) |
Әуежайдың бірінші басшысы бекіткен багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды жете тексеру технологиясы: әуе кемесінің бортына орналастырылатын барлық заттарды толық жете тексеру талабы; рентгендік жабдықта күдікті заттар табылған немесе багажды, жүкті, поштаны физикалық жете тексеру кезіндегі іс-қимыл тәртібіне; жүк бөлігінде тасымалданатын трансферттік багажға қатысты қағидаларды; багаждың жолаушыларға тиесілігін анықтау тәртібіне; багажды, жүкті және борттық тамақтануды (борттық қорларды) жете тексеру карталарын ресімдеу және олардың қозғалысы тәртібіне; жете тексеруден өткен жүктерді нөмірлік жапсырмалармен таңбалау тәртібіне; әуе кемесінің бортына бортпен қоректенетін контейнерлерді және жете тексеру рәсімінен өткен бажсыз саудаға арналған тауарларды жеткізу тәртібіне; |
|
|
2) |
әуе кемесінің жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты рәсімдердің болуы; |
|
|
3) |
әуе жүктерінің, пошта жөнелтілімдерінің және басқа да заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты рәсімдердің болуы; |
|
|
4) |
борт тамағының мен борт қорларының қауіпсіздігі мақсатында бақылау рәсімдері мен шаралары; |
|
|
5) |
жете тексерілген, жете тексерілмеген жүктің, пошта жөнелтілімдерінің араласуын болдырмау мақсатында жүктерді және пошта жөнелтілімдерін өңдеу және жете тексеру объектілеріндегі аймақтарды бөлу; |
|
|
6) |
жүкті және почта жөнелтілімдерін жете тексеру сәтінен бастап әуе кемесінің бортына тиегенге дейін заңсыз араласудан қорғау жөніндегі рәсім; |
|
|
7) |
жоғары қауіп кезеңінде бақылау шаралары; |
|
|
8) |
багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды жете тексеру пункттерінің жай-күйі мен жарақтандырылуы; |
|
|
9) |
жолаушыларға багаждың тиесілігін анықтау; |
|
|
10) |
ӘК-ге багажды тасымалдауды бақылау; |
|
|
11) |
Багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды жете тексеру байланыс құралдарымен, дабыл сигнализациясымен, авариялық жарықпен және электрмен жабдықтаумен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентген-телевизиялық қондырғылармен, сондай-ақ ақпарат күнтізбелік отыз күн сақталатын бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі; |
|
|
12) |
ӘК жүк бөлігінде тасымалданатын багаждың тұтастығы бұзылған жағдайда қайта жете тексеру жөніндегі іс-әрекеттер; |
|
|
13) |
егер осы багаж тиесілі адам отырғызуға жатпаса, багажды, оның ішінде жолаушыларды отырғызу шығысында күтіп тұрған багажды алып қою және түсіру рәсімдері; |
|
|
14) |
сүйемелденбейтін багаж анықталған жағдайда іс-қимыл бойынша рәсімдер; |
|
|
15) |
бортпен қамтамасыз ететін ұйымдардың қауіпсіздік жөніндегі қызметкерін тағайындау және даярлау рәсімдері; |
|
|
16) |
дене қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және бортпен қамтамасыз ететін ұйымдардың өндірістік үй-жайларына кіруді бақылауды қамтамасыз ететін рәсімдер; |
|
|
17) |
бортпен қамтамасыз ететін компаниялар қызметкерлерінің сауалнамалық деректерін тексеру рәсімдері; |
|
|
18) |
борт қоректендіруді және борттық қорларды техникалық жете тексеру құралдарымен не қолмен (көзбен шолып) жете тексеру және жеткізілген борт қоректендірудің және борттық қорлардың АҚҚ қызметкерімен контейнерді (орналастыруға арналған сыйымдылықты) пломбалау рәсімдері; |
|
|
19) |
борт тамағын және борттық қорларды тасымалдайтын көлік құралының жүк бөлімшесін пломбалау рәсімдері. |
|
|
4. Авиакәсіпорынның құрылыстары мен жерүсті құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету: |
|||
1) |
бақылау-өткізу пункттерінің болуы (бұдан әрі - байланыс құралдарымен, жарықпен, турникеттермен, дабыл сигнализациясы жүйесімен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентген-телевизиялық қондырғылармен, бейнебақылау құралдарымен, қарау алаңдарымен, эстакадалармен және көлік құралдары мен жүктерді жете тексеруге арналған арнайы құрылғылармен, жылжымалы (кері қайтатын) немесе электржетегі бар бұралмалы қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталған, өртке қарсы құрылғылармен, шлагбаумдармен, терезелердегі металл торлармен, периметрдің сыртқы жағына қарайтын және ішінен құлыптау құрылғылары бар жоғары қорғалған есіктер; |
|
|
2) |
бақыланатын аймақта және қолжетімділігі шектеулі күзетілетін аймақтарда өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібі; |
|
|
3) |
авиатехниканы қоса алғанда, әуежайдың (әуеайлақтың) аумағын (бақыланатын аймақтарын) және онда орналасқан объектілерді, курстық және глиссадалық радиомаяктардың жұмыс секторларының аймақтарын, ӘҚБ объектілерін, әуеайлақтың радио және жарық-техникалық жабдықтарын, ЖЖМ қоймаларын және коммерциялық қоймаларды күзету жөніндегі технология; |
|
|
4) |
ЖЖМ объектілерінде және коммерциялық қоймаларда қосымша қоршаулар; |
|
|
5) |
объектілердің орналасуын және бақыланатын аймақтардың (қолжетімділігі шектеулі аймақтардың) шекараларын көрсете отырып, әуежай аумағының схемасының болуы; |
|
|
6) |
әуежайдың периметрі бойынша қоршаудың және оның аумағында орналасқан АА объектілерінің, бекет мұнараларының, жарықтандырудың, күнқағардың, патрульдік жолдың алдын алу аншлагтарының және қоршау бойындағы қауіпсіздік белдеулерінің жай-күйі; |
|
|
7) |
әуежайдың (әуеайлақтың) периметрлік қоршауының ішкі жағынан жасанды жабыны бар жолдың болуы; |
|
|
8) |
жылына үш жүз мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсететін және/немесе тұрғын аудандарға жақын орналасқан және/немесе террористік қауіптілік деңгейі жоғары өңірлерде орналасқан әуежайдың (әуеайлақтың) периметрлік қоршауы бойында күзет жарығы мен бейнебақылаудың болуы; |
|
|
9) |
ағаштар мен өсімдіктерден бос әуежайдың (әуеайлақтың) периметрлік қоршауының сыртқы және ішкі жағынан тыйым салынған аймақтардың жай-күйі; |
|
|
10) |
әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын аймағына апаратын барлық есіктердің кіруін бақылау және басқару жүйесінің болуы; |
|
|
11) |
адамдар мен көлік құралдарының бақыланатын аймақтарға кіруін бақылауды ұйымдастыру және жай-күйі; |
|
|
12) |
бақыланбайтын аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету рәсімдері; |
|
|
13) |
аэронавигациялық қызмет көрсету объектілері мен құралдарын қорғау жөніндегі рәсімдер; |
|
|
14) |
әуе кемесінің бортында қаруды, оқ-дәрілерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықтар; |
|
|
15) |
жүргізушіні қоса алғанда, бес отыратын орыннан кем емес, өтімділігі жоғары АҚҚ арнайы патрульдік көлік құралдарының болуы, сары түсті жарқылдауық шамдармен, іздеуші фарамен, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен радиобайланыс құралдарымен және АҚҚ кезекші үй-жайымен жабдықталған «Авиациялық қауіпсіздік қызметі» деген жазу; |
|
|
16) |
қызметтік қару мен оларға оқ-дәрілердің болуы (бар болса); |
|
|
17) |
әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің профайлер-инспекторлары жүргізетін әуежайлардың жолаушылары мен келушілері тарапынан ықтимал қылмыскерлер мен террористік қатерлерді уақтылы профильдеу және анықтау технологиясы; |
|
|
18) |
авиациялық қауіпсіздік қызметі қауіпсіздік бөлімшесінің кинологиялық бөлімінің қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды іздеу және табу технологиялары (бар болса); |
|
|
19) |
өткізу және объектішілік режимді жүзеге асыру; |
|
|
20) |
әуежайда (әуеайлақта) жұмыс істеп тұрған рұқсаттамалардың үлгілері, рұқсаттамаларға қол қоюға құқығы бар лауазымды адамдардың қолтаңбаларының үлгілері бар стендтердің болуы; |
|
|
21) |
БӨП-да шұғыл хабарлау схемасының, авиаперсонал ауысымдары қызметкерлерінің, әуежайда (әуеайлақта) тұрақты орналасқан, персоналдың ауысым жұмысы кезінде қызметін жүзеге асыратын шекара және кеден қызметтері мен ұйымдары өкілдерінің тізімдерінің болуы; |
|
|
22) |
барлық кілттер мен құлыптарды тіркеу жүйесі; |
|
|
23) |
БӨП-ның жай-күйі, оларды қызмет көрсетуші персонал мен автокөлікті жете тексеру үшін қақпалармен, шлагбаумдармен, алаңдармен және техникалық құралдармен жабдықтау; |
|
|
24) |
әуежайдың рұқсат беру шектелген аймақтарына ілесіп жүрмейтін қолжетімділігі бар барлық персоналдың сауалнамалық деректеріне тексеру жүргізу; |
|
|
25) |
ғимараттарға, іргелес аумаққа, көлік құралдарына, сондай-ақ кинологиялық қызметтің қараусыз қалдырған багажына және қол жүгіне профилактикалық тексеру жүргізу; |
|
|
26) |
ӘК тұрақ орындарын, жекелеген орналасқан объектілер мен бақылау-өткізу пункттерінің аумақтарын сыртқы жарықтандырумен жабдықтау. |
|
|
5. ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету мыналарды қамтиды: |
|||
1) |
жердегі ӘК қорғауды ұйымдастыру және жай-күйі; |
|
|
2) |
ӘК қорғауды қамтамасыз ету схемасы; |
|
|
3) |
ӘК күзет бекеттерінің жай-күйі; |
|
|
4) |
ӘК қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілік; |
|
|
5) |
ӘК-ні техникалық қызмет көрсетуге және күзетуге қабылдау-беру тәртібін ұйымдастыру және сақтау (ӘК-ні күзетуге қабылдау-беру журналын жүргізу); |
|
|
6) |
аралық әуежайларда оларға техникалық және коммерциялық қызмет көрсету кезінде ӘК-де АҚ шараларының сақталуын бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; |
|
|
7) |
ӘК тұрақ орындарын жарықтандыру жағдайы; |
|
|
8) |
ӘК-ге қол жеткізуді бақылауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; |
|
|
9) |
ӘК-ге қызмет көрсетуге рұқсаты бар әуе персоналында рұқсат беру аймақтары мен жұмыс ауысымдары көрсетілген рұқсаттамалардың болуы; |
|
|
10) |
ӘК ұшуға дейінгі жете тексеру жүргізуді ұйымдастыру және жай-күйі; |
|
|
11) |
ӘК үшін арнайы тұрақтың болуы және жарақтандырылуы; |
|
|
12) |
ӘК арнайы қарап-тексеру орындарының тізбесі; |
|
|
13) |
ӘК пайдаланылатын түрлерін технологиялық карталар мен жете тексеру схемалары; |
|
|
14) |
ӘК жете тексеру топтарын құру туралы өкімдік құжат. |
|
|
6. Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайларды реттеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қабылдау мыналарды қамтиды: |
|||
1) |
АА қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты ТЖ реттеу жөніндегі іс-қимыл жоспары; |
|
|
2) |
ТЖ туындаған кезде персоналдың іс-әрекеттері бойынша нұсқаулықтар, үзінділер мен жадынамалар (ӘК басып алу, диверсиялар және жарылғыш құрылғыларды қолданамын деп қорқыту жағдайларында көзделген іс-әрекеттер мен рәсімдер); |
|
|
3) |
аса қауіпті кезеңдерде немесе аса маңызды рейстер мен маршруттарға қатысты, оның ішінде қорқытып алу және әуежай қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне араласу актілері кезінде қолдануға жататын АҚ қамтамасыз ету жөніндегі арнайы шаралар; |
|
|
4) |
ТЖ реттеу жөніндегі жедел штабтың жұмысын қамтамасыз етуге арналған командалық пункт (арнайы жабдықталған үй-жай) ; |
|
|
5) |
жедел штабтың құрамы және құрылымдық сызбасы; |
|
|
6) |
хабарлау және байланыс тәртібі (сызбасы) байланыс құралдарының болуы, жай-күйі және пайдаланылуы; |
|
|
7) |
командалық пункттің қызметті қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандырылуы; |
|
|
8) |
жедел штабты қолданысқа енгізу тәртібі; |
|
|
9) |
ТЖ реттеуге тартылатын күштер мен құралдардың дайындығы; |
|
|
10) |
күштер мен құралдарды үйлестіру, сабақтар, жаттығулар мен жаттығулар өткізуді ұйымдастыру және есепке алу; |
|
|
11) |
өзара іс-қимыл жасайтын қызметтермен және ұйымдармен АБ шараларын практикалық пысықтау бойынша өткізілетін оқу іс-шаралары (оларды дайындауға және жаттығуларды өткізу кезеңділігіне жауапты орган). |
|
|
Ескерту:
( * ) - бұл ұйым үшін міндетті емес;
(+) – талаптарға сәйкес келеді;
(-1) - қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;
(-2) - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда мерзімінде оны жою кезінде қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;
(-3) - қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АА - азаматтық авиация;
АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ - авиациялық қауіпсіздік;
ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;
ӘК - әуе кемесі;
БӨП - бақылау-өткізу пункті;
ТЖ - төтенше жағдай.
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Сертификаттық зерттеп-қарау актісі
20__ жылғы «___» _____________ _________________________________________________ (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы) бұйрыққа сәйкес құрамындағы комиссия: Төраға:_____________________________________________________________ Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), лауазымы Комиссия мүшелері: __________________________________________________ Т.А.Ә., лауазымы ________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) сертификаттық зерттеп-қарау жүргізілді. Жалпы ережелер_______________________________________ Анықталған кемшіліктер________________________________ Қорытынды __________________________________________ Төраға:______________________________________________________ Т.А.Ә., лауазымы Комиссия мүшелері: ___________________________________________ Т.А.Ә., лауазымы Актімен таныстым: Ұйымның басшысы не ол уәкілеттік берген адам _________________ _____________ Т.А.Ә. (қолы)
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 7-қосымша
Нысан
______________________________________________________________________________ Уәкілетті ұйымның атауы СЕРТИФИКАТ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметі № ___________
Жарамдылық мерзімі:
Пайдаланушының атауы:
Пайдаланушының мекенжайы:
Телефоны:
Факс:
E-mail:
Байланыс ақпараты:
Осы сертификат әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушыға куәландырады
_______________________________________________________________________________ (әуежайдың (әуеайлақтың) атауы )
«Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген) сәйкес қолжетімділігі шектеулі күзетілетін аймақтарды, бақыланатын аймақтарды белгілеу және қорғау, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету, әуе кемелерін күзету, әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын аймағында орналасқан радионавигациялық құралдардың, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жолаушыларды, қол жүгін, багажды, экипаж мүшелерін, әуе кемелерінің, әуе персоналының және әуежайдың бақыланатын аймақтарына өтетін өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің бақылау және тексеру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ жүктерді тексеріп қараудың, пошта жөнелтілімдері және борттық тамақтың қауіпсіздігі мақсатында бақылау құқығы берілді.
Инспекциялық бақылауды жүзеге асырады __________________________________________ (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы) мөр орны (бар болған жағдайда) Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға _________________ ______________________________________________ (қолы) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Берілген күні: 20__ жылғы «__» __________ ____________________________________________________________________ әуежайды (әуеайлақты) пайдаланушының атауы, №___________сертификат
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларына 8-қосымша
Нысан
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын қайта ресімдеуге өтінім
____________________________________________________________ өзгеріске байланысты ______________________________________ қолданылу мерзімі __________________ бастап (ұйымның толық атауы) ________________ дейін №___________________ сертификатқа түзету енгізуді сұраймын. Өтініш беруші: сертификаттау талаптарына жауап беруге; көрсетілетін қызметті берушіге авиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге міндеттенеді. Басшы_________________________________________________ (лауазымы/қолы / Күні) Мөр орны (бар болған жағдайда) Ескертпе: егер заңды тұлға жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылған жағдайда өтінішті мөрмен бекіту талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 наурыздағы № 192 бұйрығына 2-қосымша
Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - Сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына сәйкес әзірленді және әуежайлардың (әуеайлақтардың) авиациялық қауіпсіздік қызметтеріне қойылатын сертификаттау талаптарын белгілейді.
2. Осы сертификаттау талаптарында қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бақыланатын аймақ – оларға кіру бақыланатын әуежайдың жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;
2) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар –жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғылар;
3) кіру шектелген күзетілетін аймақ – әуежайдың бақыланатын аймағының ең жоғары тәуекел аймақтарымен айқындалған, қауіпсіздік мақсатында оларда кіруді бақылаудан өзге бақылаудың басқа да шаралары қолданылатын учаскелері, жете тексеру пунктінен және әуе кемесіне дейінгі коммерциялық авиацияның ұшатын жолаушыларына арналған аймақтар, сондай-ақ перрон, жете тексеруден өткен багаж бен жүктер бар әуе кемелеріне қызмет көрсету аймақтарын қоса алғанда, багаж өңдеу аймақтары, жүк қоймалары, пошта жөнелтілімдерін өңдеу орталықтары, әуежайдың бақыланатын аймағында орналасқан бортта тамақтандыру мен ұшақтарды тазалау қызметтерінің үй-жайлары.
2-тарау. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптары
3. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын алу үшін сертификаттау талаптары авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруды көздейді, ол мыналардың:
1) «Авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11603 болып тіркелген) сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік қызметі (бұдан әрі – АҚҚ) туралы бекітілген ереже;
2) әуежайдың (әуеайлақтың) бірінші басшысы бекіткен әуежайдың (әуеайлақтың) АҚҚ құрылымы мен штат кестесі;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11440 болып тіркелген) сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) АҚҚ білікті персоналмен жинақталған;
4) «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы № 673 ҚБП қаулысына (бұдан әрі – Қауіпсіздік бағдарламасы) сәйкес әзірленген әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздігінің бекітілген бағдарламасы;
5) «Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12568 болып тіркелген) сәйкес әзірленген әуежайдың (әуеайлақтың) АҚҚ авиациялық қауіпсіздік жөніндегі даярлау және қайта даярлау бекітілген бағдарламасы;
6) «Авиациялық қауіпсіздіктің сақталуы сапасына бақылау жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436 қбпү қаулысына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бекітілген ішкі сапаны бақылау бағдарламасы;
7) АҚҚ инспекторлары мен олардың басшыларында кәсіптік даярлықтан өткені туралы сертификаттар;
8) «Қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26940 болып тіркелген) сәйкес жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық жете тексеру құралдарын;
9) Қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әзірленген әуежайдың (әуеайлақтың) қауіптері мен тәуекелдерін бағалаудың бекітілген бағдарламасы;
10) Қауіпсіздік бағдарламасының талаптарына сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) АҚҚ қызметтік және тұрмыстық үй-жайлары;
11) Қауіпсіздік бағдарламасының талаптарына сәйкес жабдықталған бақылау-өткізу пункттері;
12) Қауіпсіздік бағдарламасының талаптарына сәйкес әуе кемесінің бортында қаруды, оқ-дәрілерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулық;
13) әуежайдың бірінші басшысы бекіткен электр энергиясы ажыратылған немесе жете тексеру үшін жабдықтар сынған жағдайда АҚҚ персоналының іс-қимылдары жөніндегі нұсқаулық;
14) байланыс құралдарымен, дабыл сигнализациясымен, авариялық жарықпен және электрмен жабдықтаумен, сондай-ақ ақпарат күнтізбелік 30 күн ішінде сақталатын бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелері экипажы мүшелерін, авиациялық персоналды, багажды, жүкті, почтаны, борттық тамақтануды және борттық қорларды ұшу алдындағы жете тексеру пункттері.
Жете тексеру пункттерінде АҚҚ жете тексеру инспекторларының қалыпты еңбек жағдайларын және жылдың кез келген уақытында жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдардың жұмыс жағдайын қамтамасыз ететін температуралық режим сақталады;
15) жеке жете тексеруді жүргізуге арналған үй-жайлар (бөлмелер);
16) жолаушыларға қызмет көрсетуге ыңғайлы орындарда ұшу алдындағы жете тексеру пункттерінің жанында орналасқан қаруды, оқ-дәрілерді және оның патрондарын қабылдауға (беруге), тексеруге және ресімдеуге арналған үй-жайлар (бөлмелер);
17) тексеру кезінде жолаушылардан алынған әуе тасымалына тыйым салынған қауіпті құралдар мен заттарды уақытша сақтауға арналған үй-жайлар;
18) жолаушыларды ұшу алдындағы жете тексеру пункттері мен қол жеткізуі қатаң бақыланатын әуе кемелері арасындағы аймақтар;
19) жолаушыларды тіркеу аймақтарында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы ақпараты бар плакаттар ілінеді, оларда мыналар көрсетіледі:
әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен құралдардың тізбесі;
әуе кемелерінде қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, радио, фото және бейне аппаратураны, электрондық-есептеу және теледидар техникасын тасымалдау тәртібі, сондай-ақ қол жүгін тасымалдаудың шекті нормалары;
20) жете тексеруден өтпеген жолаушылардың немесе шығарып салушылардың тексеруден өткен жолаушылармен байланысын болдырмау үшін жете тексеру пункттеріндегі қоршаулар;
21) әуежайдың (әуеайлақтың) бірінші басшысы бекіткен жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін және авиация персоналын ұшу алдындағы тексеріп қарау технологиясы, ол мыналарды қамтиды:
әрбір жете тексеру пунктін персоналмен жасақталуы (жолаушыларды ұшу алды жете тексеру пунктінде персонал саны кемінде 4 маман болуы тиіс), ауысым ішінде жұмыс орындарында тұрақты ротациялау тәртібі;
жолаушының жеке заттарын жете тексеру тәртібі (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жұмысқа қабілеттілігін имитациялай отырып, жолаушылардың сыртқы киімдерін, бас киімдерін, аяқ киімдерін, белдіктерін, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті түрде жете тексеру);
сұйықтықтарды, аэрозольдер мен гельдерді жете тексеру тәртібі;
заттарды жете тексеру немесе қолмен жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану кезінде күдікті заттарды анықтау кездегі іс-қимыл тәртібі;
«Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздігі қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 507 қбпү қаулысына сәйкес іріктеп тексерулерге қатысты талаптар (жолаушылардың кемінде 10% - ы іріктеп қолмен жете тексеруден өтеді);
әуежайдың АҚҚ әуежай қызметтерімен және басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
ресми делегациялар залы арқылы өтетін жолаушыларды жете тексеру рәсімдері;
транзитпен немесе тарнсферлік рейстермен өтетін жолаушыларды жете тексеру тәртібі;
жете тексеру пунктінде алынған қауіпті заттар мен әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою тәртібі;
заңсыз араласу актісін жасау қауіптілігінің жоғары деңгейінің кезеңінде жете тексеруді жүргізу тәртібі;
22) әуежайдың (әуеайлақтың) бірінші басшысы бекіткен багажды, жүкті, почтаны және борттық қорларды жете тексеру технологиясы, ол мыналарды қамтиды:
әуе кемесінің бортына орналастырылатын барлық заттарды толық жете тексеру талабы;
рентген жабдығында немесе багажды, жүкті, поштаны қолмен жете тексеруде күдікті заттар табылған кезіндегі іс-қимыл тәртібі;
жүк бөлігінде тасымалданатын трансферттік жүкке қатысты қағидалар;
багаждың жолаушыларға тиістілігін белгілеу тәртібі;
әуежайдың АҚҚ әуежай қызметтерімен және басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
багажды, жүкті және борт жабдығын (борт қорларын) жете тексеру карталарын ресімдеу және олардың қозғалу тәртібі;
жете тексеруден өткен жүктерді нөмір жапсырмаларымен таңбалау тәртібі;
жете тексеру рәсімінен өткен бажсыз сауда-саттық үшін тауарлары және борттық тағамдары бар контейнерлерді жеткізу тәртібі;
23) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген әуежайдың зарарсыздандырылған аймағында тұрған бажсыз сауда-саттық дүкендеріне түсетін тауарларды жете тексеру жөніндегі нұсқаулық;
24) объектілердің орналасуын, бақыланатын аймақтардың, кіруі шектелген күзетілетін аймақтардың шекараларын және әуе кемелерін күзету бекеттерін көрсете отырып, әуежай (әуеайлақ) аумағының схемасы;
25) Қауіпсіздік бағдарламасына сәйкес әуежайдың (әуеайлақтың) өткізу және объектішілік режимі жөніндегі бекітілген нұсқаулық;
26) Қауіпсіздік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін әуежайдың (әуеайлақтың) бүкіл периметрі бойынша қоршаулар;
27) жанар-жағармай материалдары объектілерінде және коммерциялық қоймаларда қосымша қоршаулар;
28) әуежайдың (әуеайлақтың) периметрлік қоршауының ішкі жағынан жасанды жабыны бар жолдар;
29) жылына 300 (үш жүз) мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсететін және/немесе тұрғын аудандарға тікелей жақын орналасқан және/немесе террористік қауіптілік деңгейі жоғары өңірлерде орналасқан әуежайдың (әуеайлақтың) периметрлік қоршауы бойымен күзет жарығы мен бейнебақылау;
30) ағаштар мен өсімдіктерден бос әуежайдың (әуеайлақтың) периметрлік қоршауының сыртқы және ішкі жағынан тыйым салынған аймақтар;
31) әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын аймағына апаратын барлық есіктердің кіруін бақылау және басқару жүйелері;
32) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық әуежай комиссиясы және олардың отырыстарының хаттамалары;
33) әуежайдың (әуеайлақтың) АҚҚ мамандарының бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары;
34) бекітілген әуе кемелерін арнайы жете тексеру жөніндегі нұсқаулық;
35) жүру мүмкіндігі жоғары, жүргізушіні қоса алғанда кемінде 5 (бес) отыратын орны, «Авиациялық қауіпсіздік қызметі» деген жазуы бар, сары түсті жарқылдауық шамдармен, іздеуші фарамен, әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен және әуежайдың АҚҚ кезекші үй-жайымен радиобайланыс құралдарымен жабдықталған әуежайдың АҚҚ арнайы патрульдік көлік құралдары болуын қамтиды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |