БҰЙЫРАМЫН:
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі орынбасарының - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 314 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
9 «Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер» кіші сыныбында:
07 «Иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«07 Иесіз мүлікті, тәркіленген жылжымайтын мүлік объектілері, заттай дәлелдемелер, иесіз қалған мүлік, белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер» кіші сыныбында:
07 «Нұр-Сұлтан қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«07 Астана қаласының бюджетiнен алынатын бюджеттік алу»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
106 «Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 006 және 018 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 005 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:
«005 Қазақстандағы ұлттық құқық қорғау тетіктерінің тиімділігін күшейту
006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен
018 Грант есебінен»;
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 055 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«055 Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 022 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«022 Шетелдегі отандастармен және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтармен байланыстарды және қатынастарды дамытуға жәрдемдесу
101 Шетелдегі отандастар мен Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды қолдау үшін жағдай жасау»;
мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«028 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметтің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру»;
249 «Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі, геология, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 101 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«101 Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары»;
мынадай мазмұндағы 005, 011, 015 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 061 бюджеттік бағдарламасымен 762 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«762 Облыстың құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
061 Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту
005 Ішкі қарыздар есебінен
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен»;
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
1 «Әскери мұқтаждар» функционалдық кіші тобында:
208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
047 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік, жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
мынадай мазмұндағы 108 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |