Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 сәуірде № 32233 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 31.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 217) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. Б. Мусин
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 130/НҚ
Бұйрықпен бекітілген
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 12-тармағына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық кеңістіктік деректер қоры (бұдан әрі – Қор) мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
Геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектілендіреді және Бірыңғай байланыс-орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау және сақтау тәртібі
Toggle Dropdown
2. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған және жалпымемлекеттік, салааралық арнаулы және (немесе) салалық маңызы бар геодезиялық, картографиялық, топографиялық, гидрографиялық, аэроғарыштық түсірілім, гравиметриялық материалдар мен деректердің жиынтығын білдіреді.
Toggle Dropdown
Қор мәліметтерінің құрамына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша материалдар мен деректер енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Қордың мәліметтері қағаз жеткізгіштерде қалыптасады, жүйеленеді, есепке алынады, орналастырылады және осы мақсатқа арнайы бейімделген үй-жайларда (қоймаларда) жұмыс түрлері бойынша сақталады.
Toggle Dropdown
Қордың мәліметтерін орналастыру орны көрсетіле отырып, архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтау және каталогтау үшін Қордың электрондық жүйесінде электрондық түрде сақталады.
Toggle Dropdown
Қордың геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылы және мәліметтерді ұсыну географиялық ақпараттық жүйе арқылы және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық қызмет бағыттары бойынша олардың сақталу ауқымы мен мерзімдерін ескере отырып қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
Қордың материалдары мен деректері Қор мәліметтерінің орналасқан жерін көрсете отырып, архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтау және каталогтау үшін Қордың электрондық жүйесінде тіркеледі және сақталады.
Toggle Dropdown
Архивтер мен кеңістіктік деректерді сақтауға және каталогтауға арналған Қордың электрондық жүйесі Қордың барлық кеңістіктік мәліметтерін орталықтандырылған сақтауды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
5. Геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыратын субъектілер өздері бюджет қаражаты есебінен жасаған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес Қорға өтеусіз ұсынуға міндетті.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар материалдар мен деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қорға беріледі.
Toggle Dropdown
6. Қордың графикалық, цифрлық, электрондық, фотосуреттік, қағаз және өзге де нысандар мен түрлердегі материалдары мен деректері орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуға, сақтауға және пайдалануға жатады.
Toggle Dropdown
7. Материалдар мен деректерді Қордың құрамына жатқызу, материалдар мен деректерді сақтауға іріктеу, сондай-ақ сақтау мерзімдері өткендерін жою құжаттардың құндылығын мемлекеттік сараптау негізінде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3-тарау. Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін пайдалану және беру тәртібі
Toggle Dropdown
8. Қордың мәліметтері геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мақсатында мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органдарға Қордың материалдары тегін беріледі.
Toggle Dropdown
10. Таратылуы шектелген қызметтік ақпарат қорының мәліметтерін геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның рұқсатымен беріледі.
Toggle Dropdown
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін мемлекеттік органдарға, заңды және жеке тұлғаларға беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
10-1. Қордың мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен бекітілген Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік құпияларды беру қағидалары) сәйкес геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган басшысының рұқсатымен мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарға тапсырыс берушілер (бұдан әрі – тапсырыс беруші) болып табылатын мемлекеттік органға немесе ұйымға беріледі.
Toggle Dropdown
Тапсырыс беруші Мемлекеттік құпияларды беру қағидаларына сәйкес, мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана, бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауына байланысты, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңды және жеке тұлғаларға береді. Бұл ретте тапсырыс беруші мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер берілгенге дейін ұйымда тиісті құпиялылық дәрежесіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуге арналған рұқсаттың, ал жеке тұлғаларда – тиісті рұқсаттың бар екеніне көз жеткізуге міндетті.
Toggle Dropdown
1-параграф. Жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтер беру тәртібі
Toggle Dropdown
11. Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiнде жергiлiктi жерлердiң геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы тиiстi мәлiметтерді беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.
Toggle Dropdown
Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар):
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мыналарды:
Toggle Dropdown
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу үшін:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған қағаз нысандағы өтініш;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек);
Toggle Dropdown
2) ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электронды құжат нысанындағы өтініш;
Toggle Dropdown
мемлекеттік көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатын (түбіртек) жібереді.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің жұмыскеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері) орындауға жолдайды.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу не дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді, төлемді растайтын құжаттарды (төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізілген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы алады.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері өтініш тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде:
Toggle Dropdown
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыстардың көлемін айқындайды және көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде қарауында жоспарланған жұмыстар учаскелеріндегі жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенуі туралы көрсетілген мәліметтер (бұдан әрі – мәліметтер) бар мемлекеттік органға таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін беруге сауал дайындайды және жібереді.
Toggle Dropdown
Қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік орган сұрау салу келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтерін беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы оң не теріс жауап жібереді.
Toggle Dropdown
2) 15-тармақта көрсетілген мерзімдерде ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін жұмыс көлемін айқындайды және шотты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» төлеуге жібереді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қарауында көрсетілген мәліметтер бар мемлекеттік органға көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мәліметтерді алу үшін сұрау салу жібереді не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жіберіледі.
Toggle Dropdown
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде 15-тармақта көрсетілген мерзімдерде оң жауап берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу қажеттігі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) жібереді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Toggle Dropdown
17. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем жасайды.
Toggle Dropdown
Төлем жасау қолма-қол немесе қолма-қол емес тәсілмен көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған, электронды құжат нысанындағы өтінішті портал арқылы жолдаған кезде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
18. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін төлем мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы төлем жүргізбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жолдайды.
Toggle Dropdown
19. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген мерзімдерге төлем құжатын ұсынғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері сегіз жұмыс күні ішінде мәліметтерді жинақтауға, жасауға кіріседі және қорытындысы бойынша:
Toggle Dropdown
таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтері;
Toggle Dropdown
ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде ашық пайдаланылатын мәліметтерді қалыптастырады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға сұратылған мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама жолдайды.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде, мәліметтердің дайындығы және алу орны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға дайын мәліметтерді беру жеке куәлігін не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсыну бойынша көрсетілетін қызметті беруші Қор арқылы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Toggle Dropdown
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғаға беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Toggle Dropdown
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Toggle Dropdown
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының
мәліметтерін қалыптастыру, жинау,
сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының құрамына енгізілетін материалдар мен деректердің тізбесі
Toggle Dropdown
1. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған техникалық жобалар.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік нивелирлік желілерді, барлық сыныптар мен разрядтардағы геодезиялық желілерді, гравиметриялық іргелі және бірінші сыныпты желілерді жасау, дамыту және жұмыс істеу жағдайында ұстап тұру жөніндегі техникалық есептер, координаттар мен биіктіктердің каталогтары және басқа да материалдар мен деректер.
Toggle Dropdown
3. Геодезиялық және картографиялық қызметті қамтамасыз ету мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың (аэрофототүсірілімдер мен ғарыштық түсірілімдер) бастапқы және туынды материалдары мен деректері, аэрофототүсірілімдердің паспорттары, арнайы аспаптардың деректері, түсірілімдерді картографиялық байланыстырудың схемалары.
Toggle Dropdown
4. Геодезиялық, гравиметриялық, ғарыштық өлшемдер базасында геодинамикалық зерттеулердің материалдары мен деректері.
Toggle Dropdown
5. Жергілікті жердің, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер мен су қоймалары қайраңдарының топографиялық түсірілімдер бойынша техникалық есептері (ауқымы 1: 2 000 және кіші).
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік топографиялық карталардың, оның ішінде теңіздер, көлдер, өзендер, су қоймалары қайраңдарының карталарының, қалалар мен елді мекендердің жоспарларының (ауқымы 1:2 000 және кіші) графикалық, цифрлық, фотосуреттік, электрондық нысандардағы түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ көрсетілген карталар мен жоспарлардың таралымдық бедерлемелері.
Toggle Dropdown
7. Жалпымемлекеттік және салааралық мақсаттағы жалпыгеографиялық, саяси-әкімшілік, ғылыми-әкімшілік, ғылыми-анықтама және басқа да тақырыптық карталар мен атластардың, оқу картографиялық құралдардың түпнұсқалары, туынды өнім жасау үшін негіз болып табылатын картографиялық материалдардың таралымдық бедерлемелері.
Toggle Dropdown
8. Құжаттамасы бар кезекші (анықтамалық) топографиялық карталар, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы мен әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын және шетел мемлекеттерінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
Toggle Dropdown
9. Географиялық атаулардың мемлекеттік каталогы және олардың негізгі материалдары, Қазақстан Республикасының, шетел мемлекеттерінің аумақтарындағы, материктер мен мұхиттардағы географиялық объектілер атауларының сөздіктері мен анықтамалықтары.
Toggle Dropdown
10. Геодезиялық және картографиялық қызмет, архив ісі, құпиялылық режимі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар.
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер
қорының мәліметтерін қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Toggle Dropdown
|
1
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
|
«Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жұмыс жоспарланған учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу;
2. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу.
|
|
2
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін:
1) көрсетілетін қызметті беруші:
таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуды;
2) «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырады:
Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуды жүзеге асырады.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
(15) он бес жұмыс күні.
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Қағаз түрінде:
1. Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алу;
Электрондық (ішінара автоматтандырылған):
2. Ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты жоспарланған жұмыс учаскелеріндегі жергілікті жерлердің геодезиялық және картографиялық зерттелгендігі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде (таратылуы шектелген қызметтік ақпарат).
2) ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алуға жүгінген кезде:
мәліметтер немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
|
|
7
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Қордың мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес есептеледі.
|
|
8
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден бастап 17.30-ға дейін белгіленеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) уәкілетті органның www.gov.kz/memleket/entities/mdai интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі
|
Мемлекеттік қызметті берушіге:
1) таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерін алу үшін:
таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш;
көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек);
Порталға:
2) ашық пайдаланылатын материалдар мен геодезиялық деректерді алу үшін:
ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған электрондық өтініш;
жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді тіркеу туралы мәліметтер не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы төлемді растайтын құжаттарды («электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелер
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
5) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы.
|
|
11
|
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы ашық пайдаланудағы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтінішті электрондық нысанда портал арқылы жібереді.
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттық мемлекеттік көрсетілетін қызметі қағаз нысанда ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының ашық пайдаланудағы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
|
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының
мәліметтерін қалыптастыру, жинау,
сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (бұдан әрі – АЕК) сүйене отырып есептеледі:
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
Қызмет атауы
|
Өлшем бірлігі
|
Бірлік құны, АЕК
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Геодезиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер
|
|
1
|
МГЖ бекеттерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну
|
пункт
|
0,2
|
|
2
|
МГЖ бекеттерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну, координаттарды бір жүйеден екіншісіне қайта есептеу
|
пункт
|
0,2
|
|
3
|
СК42-ден қайта есептей отырып МГЖ бекеттерінің координаттары туралы мәліметтер ұсыну
|
пункт
|
1,2
|
|
4
|
МГЖ бекеттерінің биіктігі туралы мәліметтер ұсыну
|
пункт
|
0,4
|
|
5
|
МНЖ бекеттерінің орналасқан жерін сипаттай отырып, олардың биіктігі туралы мәліметтер ұсыну
|
пункт
|
0,6
|
|
6
|
CD дискісіне жазумен техникалық есеп беру
|
парақ
|
0,25
|
|
Картографиялық материалдар мен деректерді ұсыну жөніндегі қызметтер
|
|
7
|
Картографиялық өнімді таңдау
|
парақ
|
0,1
|
|
8
|
Картографиялық өнімді сканерлеу А0
|
парақ
|
1,5
|
|
|
А1
|
парақ
|
0,7
|
|
|
А2
|
парақ
|
0,4
|
|
9
|
Картографиялық материалды түрлендіру А0
|
парақ
|
1,9
|
|
|
А1
|
парақ
|
1,3
|
|
|
А2
|
парақ
|
0,6
|
|
10
|
Картографиялық өнімді плоттерлік басып шығару А0
|
парақ
|
1,8
|
|
|
А1
|
парақ
|
0,9
|
|
|
А2
|
парақ
|
0,4
|
|
11
|
Картографиялық өнімдерді шығару (4-түрлі-түсті басып шығару)
|
парақ
|
1,4
|
|
12
|
Картографиялық өнімдерді шығару (репликация 5-түрлі-түсті басып шығару)
|
парақ
|
1,7
|
|
13
|
Картографиялық өнімдерді шығару (екі жақты 4 түрлі-түсті басып шығару)
|
парақ
|
2,6
|
|
14
|
Картографиялық өнімді монтаждау
|
парақ
|
0,2
|
|
15
|
Картографиялық өнімді құрастыру, бүктеу
|
100 парақ
|
0,1
|
|
16
|
Картографиялық өнімді ламинаттау
|
ш.м.
|
0,4
|
|
17
|
Картографиялық өнімді CD-дискіге жазу
|
парақ
|
0,5
|
|
18
|
Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (қатты түптеу)
|
кітап
|
0,5
|
|
19
|
Картографиялық өнімді түптеу, брошюралау (жұмсақ түптеу)
|
кітап
|
0,4
|
|
Жерді қашықтықтан зондтау материалдары мен деректерін ұсыну жөніндегі қызметтер
|
|
20
|
Аса жоғары жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (АФТ)
|
НП
|
1,8
|
|
21
|
Қайта жобалаумен жоғары ажыратымдылықты ортофотожоспарларды ұсыну (Ғарыштық сурет)
|
НП
|
2,0
|
|
22
|
РЦМ ұсыну
|
НП
|
2,1
|
Toggle Dropdown
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
Toggle Dropdown
АФТ – аэрофототүсірілім;
Toggle Dropdown
МГЖ – мемлекеттік геодезиялық желі;
Toggle Dropdown
МНЖ – мемлекеттік нивелирлік желі;
Toggle Dropdown
НП – номерклатуралық парақ;
Toggle Dropdown
РЦМ – рельефтік цифрлық моделі;
Toggle Dropdown
СК-42 – 1942 жылғы координаттар жүйесі.
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер қорының
мәліметтерін қалыптастыру, жинау,
сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
4-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігінің «Ұлттық геодезия және
кеңістіктік ақпарат орталығы»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
Toggle Dropdown
бас директоры
Toggle Dropdown
__________________________
Toggle Dropdown
(аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
__________________________
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(бар болса) тегі немесе заңды
Toggle Dropdown
тұлғаның толық атауы)
Toggle Dropdown
__________________________
Toggle Dropdown
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы, байланыс телефоны (бар болса)
Toggle Dropdown
Таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың материалдары мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі не заңды тұлғаның толық
Toggle Dropdown
атауы) _____________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Сұралып отырған таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың мәліметтері
Toggle Dropdown
мен материалдардың тізбесі: _________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы
Toggle Dropdown
мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама
Toggle Dropdown
алатын мекенжай: ___________________________________________________
Toggle Dropdown
(пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
Toggle Dropdown
Күні _________
Toggle Dropdown
Өтініш беруші _________________
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса)
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер
қорының мәліметтерін қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
5-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Цифрлық даму, инновациялар
Toggle Dropdown
және аэроғарыш өнеркәсібі
Toggle Dropdown
министрлігі Геодезия және
Toggle Dropdown
картография комитетінің
Toggle Dropdown
«Ұлттық геодезия және
Toggle Dropdown
кеңістіктік ақпарат орталығы»
Toggle Dropdown
шаруашылық жүргізу құқығындағы
Toggle Dropdown
республикалық мемлекеттік
Toggle Dropdown
кәсіпорнының директоры
Toggle Dropdown
__________________________
Toggle Dropdown
(аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Toggle Dropdown
__________________________
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(бар болса) немесе заңды
Toggle Dropdown
тұлғаның толық атауы)
Toggle Dropdown
__________________________
Toggle Dropdown
(жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-
Toggle Dropdown
сәйкестендіру нөмірі), мекенжайы,
Toggle Dropdown
байланыс телефоны (бар болса)
Toggle Dropdown
«Құпия» грифі бар материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Ведомстволық және мемлекеттік тиесілігі, азаматтығы (жеке тұлғаның):___________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Сұралып отырған мәліметтердің тізбесі, олардың құпиялылық дәрежесі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Мәліметтерді берудің қажеттілігі мен орындылығының негіздемесі: ____________________________________________________________________ Орындаушы ұйымның мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыстарды жүргізуіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті немесе оның органдары берген рұқсатының нөмірі мен күні: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік құпияларға рұқсаты:____________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (мемлекеттік құпияларға рұқсаттың нысаны, нөмірі мен күні) Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді алу жоспарланып отырған мерзім: ____________________________________________________________________ Жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық зерделенгендігі туралы мәліметтер бергені үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге хабарлама алатын мекенжай ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (пошта мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) Қосымша: тапсырыс беруші ұйым (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланумен байланысты жұмыстардың тапсырыс берушісі болып табылатын мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым) мен өтініш беруші арасындағы бірлескен және өзге де жұмыстарды жүргізуге арналған шарт жобасы. Күні ______ Өтініш беруші ______________ (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, қолы, мөрі (бар болса))
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер
қорының мәліметтерін қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
6-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Toggle Dropdown
Цифрлық даму, инновациялар
Toggle Dropdown
және аэроғарыш өнеркәсібі
Toggle Dropdown
министрлігі «Ұлттық геодезия
Toggle Dropdown
және кеңістіктік ақпарат орталығы»
Toggle Dropdown
шаруашылық жүргізу құқығындағы
Toggle Dropdown
республикалық мемлекеттік
Toggle Dropdown
кәсіпорнының бас директоры
Toggle Dropdown
(аты, әкесінің аты (бар болса)
Toggle Dropdown
тегі) ______________________
Toggle Dropdown
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
Toggle Dropdown
(бар болса) немесе заңды
Toggle Dropdown
тұлғаның толық атауы
Toggle Dropdown
_________________________
Toggle Dropdown
Ашық пайдаланудағы материалдар мен геодезиялық деректерді алуға арналған өтініш
Toggle Dropdown
Алу жоспарланып отырған мәліметтердің тізбесі және олардың саны:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Toggle Dropdown
[Жасалған күні]
Toggle Dropdown
[Қол қоюшының аты, әкесінің
Toggle Dropdown
аты (бар болса), тегі]
Toggle Dropdown
Toggle Dropdown
Ұлттық кеңістіктік деректер
қорының мәліметтерін қалыптастыру,
жинау, сақтау, пайдалану
және беру қағидаларына
7-қосымша
Toggle Dropdown
|
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлiгінің
«Ұлттық геодезия және
кеңістіктік ақпарат орталығы»
шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
|

|
Республиканское государственное
предприятие на праве
хозяйственного ведения
«Национальный центр геодезии и
пространственной информации»
Министерства цифрового
развития, инноваций и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
|
Toggle Dropdown
Жеке тұлғаның аты, әкесінің
Toggle Dropdown
аты (бар болса), тегі не
Toggle Dropdown
заңды тұлғаның толық атауы
Toggle Dropdown
____________________________
Toggle Dropdown
Дәлелді бас тарту
Toggle Dropdown
|
Нөмірі _________
|
|
|
20__ жылғы «___» _______
|
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгінің «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің 20__ жылғы «___» _____ № ___________ өтінішіңізді қарап, мынадай себептермен мәліметтерді беруден бас тартады:
Toggle Dropdown
[Дәлелді бас тартудың себебі]
Toggle Dropdown
[Қол қоюшының лауазымы]
Toggle Dropdown
[Қол қоюшының аты, әкесінің
Toggle Dropdown
аты (бар болса), тегі]
Toggle Dropdown

Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің м.а.
2023 жылғы 31 наурыздағы
№ 130/НҚ
бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 10137 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу және геодезия және картография саласындағы кейбір бұйрықтардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 187/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 20654 болып тіркелді).
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 178/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 28235 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 164 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 332/НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде № 29790 болып тіркелген).