• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

4

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 17-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарының 2-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы  Д. Жазыкбаев
1
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі төрағасы
2023 жылғы 5 сәуірдегі
№ 71 бұйрығына
1-қосымша
4
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптары
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 30.11.2023 жылғы № 231 Бұйрығына сәйкес (05.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптары (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 17-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) айқындалған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттары үшін белгіленген және оларға жатқызылған лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
1) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы білім деңгейі бойынша талаптар.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ротациялауға жататын орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелері басшыларының, облыстық және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволар басшыларының орынбасарларының лауазымдары үшін сол салада кемінде он екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.
Бұл ретте, ротациялауға жататын олардың орынбасарлары үшін сол салада кемінде он жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған жағдайда тиісті мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы талап етілмейді.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті құзыреттер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың, сондай-ақ қажет болған жағдайда белгілі бір саладағы біліктілікті растайтын сертификаттың болуы бойынша талаптар (бұдан әрі-құзырет).
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады Осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 2-тармақшаның екінші абзацы келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы үшін персоналды басқару жөніндегі сертификаттың (HR саласындағы сертификаттың) немесе персоналды басқару саласындағы білімі туралы құжаттың болуы талап етіледі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы жөніндегі талап мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Заңның 15-бабының 3, 3-2, 4, 5, 6-тармақтарында, 27-бабының 7 және 8-тармақтарында көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
Заңның 27-бабының 7-тармағында көрсетілген адамдар жалпы конкурсқа қатысқан жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы жөніндегі талаптар міндетті болып табылады.
3. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында басшы лауазым ретінде өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшенің немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген ұйымның құрылымдық штаттық бірлігі түсініледі.
4. E-G санаттарының лауазымдарын қоспағанда, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларындағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабының 37) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес тиісті саладағы мамандықтар бойынша білімнің болуы жөніндегі талап белгіленеді.
5. Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған жоғары білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде А-1, В-1, С-1, С-О-1, С-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 13.09.2024 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес (30.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Президенттік жастар кадр резервінде болу мерзімі аяқталғаннан кейін бұл адамдар функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда білімі болған жағдайда соңғы атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадрлық резервіне қабылданған жоғары білімі және үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар адамдар осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда білімі болған кезде D-2, D-О-2, D-R-1, Е-1, E-R-1, E-G-1 санаттарындағы лауазымдарға қойылатын Yлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Өңірлік кадр резервінде болу мерзімі аяқталғаннан кейін осы адамдар функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда білімі болған жағдайда соңғы атқаратын лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
5-1. Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының көмекшісі немесе кеңесшісі лауазымдарына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
6. Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтарға сәйкес келетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуын дербес аяқтаған және академиялық дәреже алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша (магистратура) оқуды аяқтаған адамдардың жалпы өтіліне қосымша екі жыл есептеледі.
Осы тармақта көзделген адамдар жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда да А-4, В-4, С-3, С-О-3, С-R-2, D-3, D-О-3, D-R-2, Е-2, E-R-2, E-G-1 және олардан төмен санаттардағы лауазымдарға қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.
Жыл сайын Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтардың тізбесі оның интернет-ресурсында (жылдар бойынша) жарияланады.
7. Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор дәрежесі бар адамдардың жалпы өтіліне қосымша үш жыл есептеледі*.
8. Мемлекеттік органның ведомстволық біліктілік талаптарында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып, нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді орындау үшін қажетті, сондай-ақ белгілі бір салада біліктілігін растайтын сертификаттың болуы бойынша осы Үлгілік біліктілік талаптарында көзделмеген өзге де құзыреттер (білім, икем және дағдылар) бойынша талаптар;
А-1 және В-1 санаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына - С-О, C-R, D, D-О, D-R, Е, E-R және E-G санаттарының лауазымдарында жұмыс тәжірибесінің міндетті түрде болуы жөніндегі талап белгіленуі мүмкін.
9. Осы Үлгілік біліктілік талаптарында жұмыс өтілі ретінде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттік лауазымдардағы - мемлекеттік саяси лауазымдардағы жұмыс өтілі, мемлекеттік әкімшілік лауазымдардағы жұмыс өтілі, құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарындағы жұмыс өтілі, Қарулы күштер немесе әскери оқу орындардағы, әскери қызмет өтілі;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заңнамалық актiлерiнде олар үшiн өзгеше құқықтық мәртебе айқындалған өзге де лауазымдардағы – соттар (оның ішінде Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының) лауазымындағы жұмыс өтілі, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының жұмыс өтілі;
3) тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда - ұйымдарда, оның ішінде орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда (оның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде), халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдардағы, шетелдік мемлекеттік құрылымдардағы (бұдан әрі – ұйым) жұмыс өтілі танылады.
Тиісті санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілін айқындау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асырылады (шетелдік, трансұлттық ұйымдардың немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың жұмыс өтілі де өзге құжаттармен расталуы мүмкін).
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Бұл ретте Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкестікті анықтау барысында осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағында көрсетілген жұмыс өтілінің жалпы жиынтығы ескерілуі мүмкін.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (13.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-1. Баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы талап етіледі.
«Баспасөз хатшысы» арнайы қосымша атауы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына қолданылған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген біліктілік талаптарын қолдануға жол беріледі.