Toggle Dropdown
1
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 152 бұйрығы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтан туындайтын басқа да шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағы 32), 33), 45) және 62) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М. Қарабаев
Toggle Dropdown
1
Бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы, Министрлікке ведомстволық бағынысты заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Toggle Dropdown
4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
Toggle Dropdown
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (бұдан әрі - Министр) келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысы (бұдан әрі - Аппарат басшысы) бекітеді.
Toggle Dropdown
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Әзірбайжан Мәмбетов көшесі, 32-үй.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Комитеттің осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдары және аумақтық органдары бар.
Toggle Dropdown
11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
12. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Егер Комитетке заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Комитеттің негізгі функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Миссиясы: еліміздің барлық өндірістік салаларын белсенді дамыту үшін минералдық-шикізат базасын толықтыру мақсатында Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін арттыру.
Toggle Dropdown
14. Міндет: жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Toggle Dropdown
15. Функциялары:
Toggle Dropdown
1) ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;
Toggle Dropdown
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Toggle Dropdown
3) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
5) өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;
Toggle Dropdown
6) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16970 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы туралы ережеге сәйкес ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
9) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау;
Toggle Dropdown
10) жүргізілген реттеушілік әсерді талдаудың нәтижесін Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 132-бабының 2-тармағына сәйкес тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды және тексеруді жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
12) тиісті салада мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Toggle Dropdown
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 2 және 3-тармақтарында, 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
Toggle Dropdown
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттік бақылау және қадағалау тиімділігінің мониторингін жүргізу;
Toggle Dropdown
16) мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
17) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң немесе іс-қимылдың жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
18) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
19) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;
Toggle Dropdown
20) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;
Toggle Dropdown
21) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру;
Toggle Dropdown
22) геологиялық барлау кезеңділігінің қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
23) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
24) мемлекеттің меншігіндегі, сондай-ақ оның иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
25) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпаратты және оның жеткізгіштерін сақтау және есепке алу тәртібін айқындау;
Toggle Dropdown
26) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жүргізу тәртібін айқындау;
Toggle Dropdown
27) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиялар және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау;
Toggle Dropdown
28) мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
Toggle Dropdown
29) жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
30) жер қойнауының мемлекеттік сараптама жүргізу қағидаларын, Жер қойнауының мемлекеттік сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлеу;
Toggle Dropdown
31) тарихи шығындардың мөлшерiн, геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындау;
Toggle Dropdown
32) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені әзірлеу;
Toggle Dropdown
33) қорлар жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені әзірлеу;
Toggle Dropdown
34) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша жобалау құжаттарын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Toggle Dropdown
35) жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу;
Toggle Dropdown
36) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн беру;
Toggle Dropdown
37) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;
Toggle Dropdown
38) геологиялық есептің нысанын әзірлеу;
Toggle Dropdown
39) пайдалануға берілетін жер қойнауы учаскелерінің шекараларын айқындау, геологиялық ақпаратты пайдалану және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген басқа да мәселелер бойынша құзыретті органмен өзара іс-қимыл жасау және үйлестіру;
Toggle Dropdown
40) геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
Toggle Dropdown
41) жерасты сулары бөлігінде мемлекеттік су кадастрын жүргізуге қатысу;
Toggle Dropdown
42) жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларын келісу;
Toggle Dropdown
43) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалануға, консервациялауға, жоюға (кейіннен кәдеге жарату) қорытындылар беру;
Toggle Dropdown
44) жер қойнауын геологиялық зерттеу және кеңістігін пайдалану үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
Toggle Dropdown
45) пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын бағалау туралы есепте ресурстардың «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 121-бабына сәйкес бұрын бекітілген өнеркәсіптік санаттар қорларының жиырма бес пайызынан астам емес азаюы негізділігін растау;
Toggle Dropdown
46) өтініш берілген жер қойнауы учаскесінде кең таралған пайдалы қазбалар болып табылмайтын пайдалы қатты қазбалар ресурстарының жоқ екендігін немесе ресурстар перспективасының жоқ екендігін растайтын геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептің мемлекеттік сараптама қорытындысын беру;
Toggle Dropdown
47) елді мекендерді, өнеркәсіп кешендерін және (немесе) басқа да шаруашылық объектілерін жобалауға және салуға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша алдағы уақытта құрылыс салынатын учаске астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ екендігі немесе олардың елеусіз екендігі туралы оң қорытындысын келісу;
Toggle Dropdown
48) пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының рұқсатын келісу;
Toggle Dropdown
49) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу ұйымдастыру және жүргізу;
Toggle Dropdown
50) жер қойнауын геологиялық зерттеу және оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды реттеу;
Toggle Dropdown
51) жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ оның кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
52) уранды және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
53) жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, оның сақталуы мен анықтығы жөніндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
54) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
55) жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша есептер нысандарын әзірлеу;
Toggle Dropdown
56) тиісті координаттары мен жеке кодтары бар блоктарды сәйкестендіру картасын әзірлеу;
Toggle Dropdown
57) техногендік минералдық түзілімдерді орналастырудың қолданыстағы объектілерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу;
Toggle Dropdown
58) мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын енгізу және пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты ұсыну қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
59) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін, геологиялық ақпаратты жинауды және жинақтап қорытуды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
60) өздігінен ағып жататын иесіз және авариялық мұнай-газ ұңғымаларды жоюды және консервациялауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
61) пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну;
Toggle Dropdown
62) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк балансын жүргізу;
Toggle Dropdown
63) геологиялық ақпаратты жариялау немесе оған ашық қолжетімділік жасау арқылы ашып көрсету;
Toggle Dropdown
64) керндерді Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;
Toggle Dropdown
65) жер қойнауын пайдаланушының геологиялық ақпараттың сынамалар түріндегі табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) сынамаларды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге рұқсат беру;
Toggle Dropdown
66) ұңғымадан көмірсутектердің ағымын құжатпен растау арқылы алу, оның ішінде қабатты сынағышпен сынамалау жүргізген кезде және (немесе) мұнай-газдың мол болуына коллектор-жынысты зертханалық зерттеу кезінде растаған жаңа кенжатынның (кенжатындар жиынтығының) ашылуын растау;
Toggle Dropdown
67) жер қойнауын геологиялық зерттеуге берілген лицензиялар бойынша жерасты суларына арналған іздестіру-бағалау жұмыстары жобаларына өзгерістерді келісу;
Toggle Dropdown
68) жерасты сулары учаскелері қорларының мемлекеттік сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
Toggle Dropdown
69) жер қойнауын пайдаланушының балансына ұңғымаларды, технологиялық бірліктерді қабылдау және беру;
Toggle Dropdown
70) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Toggle Dropdown
71) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған уақыт нормалары мен бағасын әзірлеу;
Toggle Dropdown
72) жер қойнауына мемлекеттік сараптама жүргізу тәртібін әзірлеу;
Toggle Dropdown
73) жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережені және оның құрамын әзірлеу;
Toggle Dropdown
74) жер қойнауы кеңістігін пайдалануға лицензия алуға өтініш нысандарын әзірлеу;
Toggle Dropdown
75) жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындау;
Toggle Dropdown
76) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қатты (кең таралған) пайдалы қазбалардың минералдануын (көрінуін) растау қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
77) геологиялық және тау-кен бөлулерін беру және қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
Toggle Dropdown
78) кен орындарының қорлары мен болжамды ресурстарды сыныптау әдістемесін, пайдалы қазбалардың, оның ішінде дәстүрлі емес көмірсутектерге жатқызылатындарының қорларын есептеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу;
Toggle Dropdown
79) ашық қолжетімділікте жариялануға жататын, мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілген жер қойнауы учаскелері жөніндегі мәліметтердің тізбесі мен құрамын құзыретті органмен бірлесіп бекітеді;
Toggle Dropdown
80) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Министрдің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
16. Комитеттің құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
Комитет құқықтары:
Toggle Dropdown
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды шығару;
Toggle Dropdown
2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрау және алу;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге шараларды өткізу;
Toggle Dropdown
5) қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарын (жұмыс топтарын, комиссияларды, кеңестерді) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
Комитеттің міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) өз құзыреті шегінде заңдарды және өзге нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау және заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделері саласындағы заңдарды сақтауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
Toggle Dropdown
4) Комитет теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
5) бухгалтерлік есепті жүргізу, бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасау және Министрлікке беру;
Toggle Dropdown
6) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражатты толық, уақтылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік сатып алу рәсімдерін «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына сәйкес жүргізу;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
9) Осы ережеге сәйкес Комитетке жүктелген функцияларды уақтылы және толық орындау.
Toggle Dropdown
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
17. Комитет басшылығын төраға жүзеге асырады, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын оның жүзеге асыруына жауапты болады.
Toggle Dropdown
18. Комитетті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын төраға басқарады.
Toggle Dropdown
19. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппарат басшысының бұйрығымен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары бар.
Toggle Dropdown
20. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
Toggle Dropdown
1) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
Toggle Dropdown
2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда);
Toggle Dropdown
3) Министрліктің келісімі бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
5) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының ұсынымы бойынша филиалдардың директорларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
6) аумақтық бөлімшелердің басшы орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Toggle Dropdown
7) Министрге аумақтық органдардың басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
8) өзінің орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Toggle Dropdown
9) өзінің құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған шаралар қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау бойынша шаралар қолданылуы үшін дербес жауаптылықта болады;
Toggle Dropdown
10) Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда), сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын ынталандырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
Toggle Dropdown
11) аумақтық бөлімшелердің басшыларына іссапарға жіберу (шетелге іссапарға жіберуді қоспағанда), материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
12) заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық органдардың басшылардың орынбасарларын, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ Комитет қызметкерлерін (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
1
13) құрылымдық бөлімшелердің ережелерін және өзінің құзыреті шегінде Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылтай құжаттарын, сондай-ақ Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың ережелерін бекітеді;
Toggle Dropdown
14) Комитет қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының (еңбек қатынастары мәселелері заңнамалық актілерге сәйкес жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда) лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Toggle Dropdown
15) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымы мен штат кестелерін келісімдейді;
Toggle Dropdown
16) реттелмелі салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдайды;
Toggle Dropdown
17) аумақтық органдардың Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
Toggle Dropdown
18) аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің күшін жояды немесе қолданылуын толық немесе ішінара тоқтатады;
Toggle Dropdown
19) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Комитеттің өкілі болады;
Toggle Dropdown
20) Комитетте қаржы-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік сатып алуды өткізуге жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
21) Қазақстан Республикасының заңдары мен Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
21. Комитет төрағасы орынбасарларының өкілеттіктері:
Toggle Dropdown
1) өз өкілеттіктері шегінде Комитет қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
2) төраға болмаған кезеңде Комитет қызметінің жалпы басшылығын жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге қызметтерді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Toggle Dropdown
22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
23. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге анықталмаса, Комитет өзіне бекітілген және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен жеке өкілдік етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы.
Toggle Dropdown
Комитеттің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңiраралық геология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңiраралық геология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң «Солтүстiкқазжерқойнауы» Солтүстiк Қазақстан өңiраралық геология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңiраралық геология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетiнiң «Оңтүстiкқазжерқойнауы» Оңтүстiк Қазақстан өңiраралық геология департаментi» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
1
Бұйрығына 2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 7-Ө бұйрығы;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшынысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 7-Ө бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 27-Ө бұйрығы;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысының 2019 жылғы 1 тамыздағы № 7-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 45-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.