«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 289 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-5-тармақпен толықтырылсын:
«3-5. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2021 − 2024 жылдардың қорытындысы бойынша акцияларының мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов