Toggle Dropdown
Санитариялық-эпидемияға қарсы жәнесанитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы «14» сәуірдегі № 3 қаулысына
Toggle Dropdown
Халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 102-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 коронавирус инфекциясының профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер егілетін адамдардың міндетті ақпараттандырылған келісімімен Алгоритмге сәйкес жүргізілсін.
Toggle Dropdown
4. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) басшыларымен бірлесіп:
Toggle Dropdown
1) Алгоритм мен Регламентті КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына жұмыста басшылық алу үшін жіберуді;
Toggle Dropdown
2) КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
5. Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
Toggle Dropdown
1) вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтауды, сақтаудың температуралық режиміне байланысты вакцинаны сақтау мерзімдерін сақтауды;
Toggle Dropdown
2) егу бригадаларының даярланған мамандармен толық жасақталуын (дәрігер/фельдшер, вакцинатор, 2 тіркеуші);
Toggle Dropdown
3) егу бригадасын вакциналармен, шприцтермен және басқа да егу материалымен, термоконтейнерлермен, салқындату элементтерімен, егілетін адамдарды тіркеуге арналған журналдармен және медициналық қалдықтарды қауіпсіз жоюға арналған қораптармен жарақтандыруды;
Toggle Dropdown
4) медициналық қалдықтарды жинауды, қауіпсіз жерде сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды;
Toggle Dropdown
5) вакциналардың қалдықтарын күн сайын алу, вакциналармен, термометрлермен қамтамасыз етілуді, суық тізбек шарттарының сақталуын бақылау, күрделі жағдайларды шешуді қамтитын вакциналардың сақталуына және қозғалысына жауапты адамды/адамдарды тағайындауды (болмаған жағдайда);
Toggle Dropdown
6) жарақтандырылған егу бригадаларын уақытша (көшпелі/жылжымалы) вакцинация пункттеріне жіберуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
6. КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тартылған медицина қызметкерлері (дәрігер/фельдшер, вакцинаторлар):
Toggle Dropdown
1) КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер жүргізуге рұқсаты – кейіннен аттестаттай отырып, арнайы оқытудан өткені туралы куәландыратын құжаттың болуы;
Toggle Dropdown
2) вакциналармен жұмыс істеу қағидаларын сақтауға;
Toggle Dropdown
3) профилактикалық егулерді жүргізу алдында вакцинация жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді есепке алуды қамтамасыз етуге;
Toggle Dropdown
4) суық тізбектің барлық талаптарын сақтауға, вакциналарды сақтаумен байланысты барлық проблемалар мен бұзушылықтар туралы басшылықты дереу хабардар етуге міндетті.
Toggle Dropdown
7. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылсын.
Toggle Dropdown
8. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
9. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
10. Осы қаулы 2023 жылғы 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2023 жылғы «14» сәуірдегі
№ 3 қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу алгоритмі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) коронавирус инфекциясына (бұдан әрі – КВИ) қарсы профилактикалық егулерді жүргізу тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер КВИ жұқтыру қаупі жоғары адамдарға, оның ішінде Қазақстан аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, шетел азаматтарына, сондай-ақ осы инфекцияға қарсы профилактикалық егуді алғысы келетін адамдарға 2018 жылғы 13 маусымдағы № 361 бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулер жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. КВИ-ге қарсы профилактикалық егулерді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркелген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір рет әкелуге рұқсаты бар вакциналар қолданылады.
Toggle Dropdown
4. 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге КВИ-ге қарсы профилактикалық егулер жүргізу үшін азаматтардың осы санаттары үшін ұсынылған «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) вакцинасы қолданылады.
Toggle Dropdown
18 жасқа толған жасөспірімдер «Комирнати» вакцинасының бірінші дозасын алғаннан кейін егулер арасындағы аралықты сақтай отырып, осы вакцинаның екінші дозасын алып арқылы вакцинация курсын аяқтайды.
Toggle Dropdown
5. Жүктілік басталғанға дейін КВИ-ге қарсы вакцинаның бір дозасын алған әйелдерге КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын жүктіліктің 16-37 аптасында «Комирнати» вакцинасының бір дозасымен (Пфайзер, АҚШ) аяқтау ұсынылады.
Toggle Dropdown
6. КВИ-ге қарсы вакцинация «Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық екпелерге медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріле отырып жүргізіледі.
Toggle Dropdown
КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын енгізуге ерекше күшті реакция дамыған жағдайларда вакцинацияны вакцинаның осы түрімен аяқтау жүргізілмейді. Бұл ретте 3 айдан кейін егілушінің қалауы бойынша КВИ-ге қарсы вакцинаның басқа түрін қолдана отырып, вакцинацияның толық курсын қайталап жүргізуге болады.
Toggle Dropdown
7. Иммундық-супрессивті ем қабылдайтын пациенттерде және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап жеткілікті дамымауы мүмкін. Сондықтан иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты вакцинациядан бұрын және одан кейін кем дегенде 1 ай иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды қабылдау қарсы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Егілетін адамдардың КВИ-ге қарсы вакциналарды сақтықпен қолдану қажет болатын жағдайларында осы инфекцияға қарсы егуді бейінді маманның консультациясынан кейін жүргізу ұсынылады.
Toggle Dropdown
9. КВИ-ге қарсы екпе алған адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 2 аптаға шеттетіледі. Тірі вакциналарды пайдаланған кезде егілген адамдар қан мен оның компоненттерінің донорлығынан 4 апта мерзімге шеттетіледі.
Toggle Dropdown
10. КВИ-дің жіті және сипмтомсыз түрімен ауыратын адамдар КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатпайды.
Toggle Dropdown
11. КВИ-ды қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі. Бұл ретте, КВИ-мен ауыратын науқаспен өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша жеке қорғаныш құралдарын қолданып байланыста болатын медицина қызметкерлері жатпайды.
Toggle Dropdown
12. КВИ-мен ауырып сауыққан адамдарды вакцинациялау:
Toggle Dropdown
- КВИ-дің кез келген түрімен ауырып сауыққан адамдар сауыққаннан кейін 3-6 айдан соң, вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, вакцинациялаудың бір курсымен КВИ-ге қарсы егілуі мүмкін;
Toggle Dropdown
- КВИ бойынша жоғары тәуекел тобына жататын созылмалы аурулары бар адамдарды КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсымен егу ұсынылады;
Toggle Dropdown
- КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинацияның екінші дозасымен егілуіне болады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, егер азамат КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21 күнге дейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізіледі және вакцинация курсы аяқталады. Егер азамат КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21-ші күні және одан кейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізілмеуі мүмкін және вакцинация курсы аяқталады.
Toggle Dropdown
13. Вакциналардың түрлері бойынша вакцинациялау курсының кестесін сақтау ұсынылады. Жекелеген жағдайларда (іссапарға, оқуға, жарысқа бару қажеттілігі немесе егілетін адамның қалауы бойынша) екінші дозаны вакцинация дозалары арасындағы ең аз аралықты сақтай отырып, вакцинаның бірінші дозасынан кейін мүмкіндігінше тезірек енгізу ұсынылады.
Toggle Dropdown
14. Екінші дозаны уақтылы енгізбеген жағдайда, вакцинация курсын қайтадан бастау ұсынылмайды; жетіспейтін доза енгізіледі.
Toggle Dropdown
15. КВИ-ге қарсы, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі.
Toggle Dropdown
КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі.