• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 және «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 наурызда № 32014 болып тіркелді

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 және «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 17 мамырдағы № 191 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 наурызда № 32014 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11283 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы №191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17072 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Б. Акчулаков
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 88 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 276 бұйрығымен
бекітілген
  • 2
Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) графиктен үзінді көшірмелер – операторларға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жөнелтушілер мұнай тасымалдауға қағаз және электрондық тасығышта ай сайын уәкілетті орган жіберетін толық ақпарат;
2) жөнелтуші – өнім өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық құбырмен тасымалдау үшін өнімді ұсынатын тұлға;
3) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктері – Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін қажетті мұнай көлемі;
4) магистральдық мұнай құбыры – мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
5) мұнайды тасымалдау графигі – уәкілетті орган бекіткен мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен және/немесе басқа көлік түрімен тасымалдау графигі;
6) мұнай тасымалдаушы ұйым - мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе басқа көлік түрінің меншік иесі;
7) оператор – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауды және (немесе) оны пайдалануды жүзеге асыратын магистральдық мұнай құбырының меншік иесі немесе магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін заңды тұлға не олар уәкілеттік берген, операторлық қызметтер көрсететін ұйым;
8) тасымалдауға арналған өтiнiм – мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдауға арналған өтінім (айлық);
9) уәкілетті орган – магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Мұнайды магистральдық мұнай құбырымен тасымалдау графигін қалыптастыру тәртібі
3. Мұнайды тасымалдау графигі (бұдан әрі – График) магистральдық мұнай құбырының меншік иесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес негіздерде не магистральдық мұнай құбырына өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның немесе олардың атынан осындай қызметтер көрсетуге уәкілетті оператордың және мұнай жөнелтушінің арасындағы тиісті шарттар ескеріле отырып әзірленеді.
4. Графикті әзірлеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайтын көлемдердегі ішкі қажеттіліктері;
магистральдық мұнай құбырларының қолданыстағы техникалық өткізу қабілеті;
стандартты емес жағдайлар (хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері бойынша рұқсат етілген мәндерден асып кету, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы авариялық жағдайлар, мұнай өңдеу зауыттарын жоспардан тыс жөндеуге тоқтату, электр энергиясының ажыратылуы, экспорттық бағдарлардағы штаттан тыс жағдайлар, оның ішінде мұнай тасымалдауды шектеу);
еңсерілмейтін күш мән-жайлары.
5. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға біркелкі жүктемені ұстап тұру мақсатында осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалатын көлемдерді бөлу кезінде өңірлер бойынша пайыздық жүктеме ескеріледі.
Өңірлер бойынша пайыздық жүктеменің өзгерістерін өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіру деңгейіне байланысты, бірақ ұлғаю жағына қарай он пайыздан (жинақтаушы жүктеме) аспайтын өзгерістерді уәкілетті орган енгізеді.
6. Уәкілетті орган графикті әзірлеу кезінде, оның ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда бекітілген графикке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ресурстық база көлемдерін жедел бөлуге ауысады.
7. Жөнелтушінің графигін қалыптастыру үшін қағаз және/немесе электронды түрде уәкілетті органға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті айдың алдындағы, айдың оныншы күніне дейін жоспарланған айға мұнай тасымалдауға өтінім береді.
8. Жөнелтушілер уәкілетті органға мұнай тасымалдауға өтінім берген кезде пайыздық жүктемені ескере отырып өздерінің ресурстық базасын заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөледі.
9. Бұл ретте мұнайды тасымалдауға өтінім еншілес ұйымдардың жазбаша келісімі болған кезде жөнелтушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға беріледі.
Өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде жөнелтушінің құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға график қалыптастыру үшін өтінім берілген жағдайда, жөнелтушінің құрылтайшылары (қатысушылары) уәкілетті органды өзінің ресурстық базасын өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөлу жөніндегі ниеттері туралы, бірақ алты айда кемінде бір рет хабардар етеді.
10. Ай сайын уәкілетті орган графиктен үзінді көшірмелерді есепті айдың алдындағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей қарастырады және оператордың мұнай тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге техникалық мүмкіндігінің растауы болғанда жөнелтушілер мен тиісті операторларға, сондай-ақ Комитетке орындау үшін жіберіледі.
Операторға (нетто салмағы бойынша), сондай-ақ Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде жөнелтушінің экспорт үшін және Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға жататын басқа оператордың магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне беру (ауыстырып құю) үшін, Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін қарастырылған мұнай мөлшері, сондай-ақ басқа да ақпарат (келісімшарттың нөмірі және жөнелту бағдары) көрсетіледі.
Мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздардың және механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады.
Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырымы ретінде айқындайды.
11. Уәкілетті орган графикке өзгерістер мен толықтыруларды жөнелтушіден түзету үшін жоспарлы айға мұнай тасымалдауға арналған еркін нысандағы өтінімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Графиктер, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігіне оператордың растауы болған кезде бекітіледі.
Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігі туралы растауды оператор уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша күнтізбелік бір күн ішінде еркін нысанда оған ұсынады.
Графиктен үзінді көшірмелер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде операторға орындау үшін және Комитетке (мұнай экспорты кезінде) жіберіледі.
12. Мұнай тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігін растау болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жөнелтушіні хабардар етеді.
Мұнайды магистральдық
мұнай құбырларымен
тасымалдау графигін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
Нысан
Мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен жоспарланатын айда тасымалдауға арналған өтінім

Компанияның атауы:

Есепті ай:

Жоспарланатын айы:

Көрсеткіштер

Есепті ай (нетто)

Жоспарланатын айға өтінім

жоспар

факт

нетто

брутто

1.

Барлық ресурстар:


 


 


 


 

1.1.

Барлық өңделген мұнай, оның ішінде: келісімшарттың нөмірі бойынша, келісімшарттық аумақтың атауы


 


 


 


 

1.2.

Басқа көзден алынған мұнай*


 


 


 


 

1.3.

Ай басына ауысатын қалдық


 


 


 


 

2.

Операторға тапсыру


 


 


 


 

3.

Ресурстарды тарату

(3.1.+3.2.+3.3.+3.4.+3.5.):


 


 


 


 

3.1.

Мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу:, оның ішінде (3.1.1.+3.1.2.+3.1.3.):


 


 


 


 

3.1.1.

Атырау мұнай өңдеу зауыты


 


 


 


 

3.1.2.

Павлодар мұнай-химия зауыты


 


 


 


 

3.1.3.

ПетроҚазақстан ойл продактс


 


 


 


 

3.2.

Роялти тапсыру


 


 


 


 

3.3.

Каспий Құбыр Консорциумы (келісімшарттар бойынша)


 


 


 


 

3.4.

Атырау-Самара (келісімшарттар бойынша), оның ішінде: (3.4.1.+3.4.2.):


 


 


 


 


 


 

3.4.1.

Алыстағысы


 


 


 


 

3.4.2.

Таяудағысы


 


 


 


 

3.5.

Орынбор газ өңдеу зауыты


 


 


 


 

4.

Ай соңына ауысатын қалдық


 


 


 


 

Ескертпе:
*оның ішінде, мұнайдың шығу заңдылығын растайтын құжаттарды міндетті түрде қоса беріп басқа заңды және/немесе жеке тұлғалардан сатып алынғаны.
  Бірінші басшы:_________________
  Қолы:__________________
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2023 жылғы 27 ақпандағы
№ 88 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 17 мамырдағы
№ 191 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 130-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мұнай беру графигін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) графиктен үзінді көшірмелер – көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган мұнай тасымалдаушы ұйымдарға, мұнай өңдеу зауыттарына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ай сайын қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіште жіберетін толық ақпарат;
2) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі – жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратты жинауға, сақтауға, талдауға және өңдеуге арналған көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның жер қойнауын пайдалануды бірыңғай мемлекеттік басқару жүйесі;
3) мұнай беру – мұнайды жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық құбыр бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа магистральдық құбырларға қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
4) мұнай өнімдерін өндіруші – меншік құқығында және (немесе) өзге де заңды негіздерде мұнай өңдеу зауыты бар және өндіріс паспортына сәйкес мұнай өнімдерін өндіруді, сондай-ақ өндірілген меншікті мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын мұнай өнімдерін беруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
5) мұнай тасымалдаушы ұйым – мұнайды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және (немесе) басқа көлік түрінің меншік иесі.
2-тарау. Мұнай беру графигін қалыптастыру қағидалары
3. Мұнай беру графигі (бұдан әрі – график) жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері, мұнай және қайта өңдеу өнімдерін өңдеу жоспарлары және мұнай тасымалдаушы ұйымдардың техникалық мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленеді.
4. Графикті әзірлеу кезінде мынадай факторлар ескеріледі:
Қазақстан Республикасының уәкілетті органы айқындайтын көлемдердегі ішкі қажеттіліктері;
магистральдық мұнай құбырларының қолданыстағы техникалық өткізу қабілеті;
стандартты емес жағдайлар (хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері бойынша рұқсат етілген мәндерден асып кету, отандық мұнай өңдеу зауыттарындағы авариялық жағдайлар, мұнай өңдеу зауыттарын жоспардан тыс жөндеуге тоқтату, электр энергиясының ажыратылуы, экспорттық бағдарлардағы штаттан тыс жағдайлар, оның ішінде мұнай тасымалдауды шектеу);
жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіруінің жалпы көлемі;
еңсерілмейтін күш мән-жайлары.
5. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушыларға біркелкі жүктемені ұстап тұру мақсатында осы Қағидалардың 4-тармағында айқындалатын көлемдерді бөлу кезінде өңірлер бойынша пайыздық жүктеме ескеріледі.
Өңірлер бойынша пайыздық жүктеменің өзгерістерін өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың мұнай өндіру деңгейіне байланысты, бірақ ұлғаю жағына қарай он пайыздан (жинақтаушы жүктеме) аспайтын өзгерістерді уәкілетті орган енгізеді.
6. Уәкілетті орган графикті әзірлеу кезінде, оның ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда бекітілген графикке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ресурстық база көлемдерін жедел қолмен бөлуге ауысады.
7. Графиктерді қалыптастыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есепті айдың алдындағы айдың бесіне дейін ай сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай беру өтінімін (бұдан әрі – өтінім) электронды түрде «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
8. Жер қойнауын пайдаланушылар уәкілетті органға өтінім берген кезде пайыздық жүктемені ескере отырып өздерінің ресурстық базасын заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөледі.
9. Бұл ретте өтінім еншілес ұйымдардың жазбаша келісімі болған кезде жер қойнауын пайдаланушының құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан, егер олар болса, уәкілетті органға беріледі.
Өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде жер қойнауын пайдаланушының құрылтайшыларының (қатысушыларының) атынан уәкілетті органға график қалыптастыру үшін өтінім берілген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылардың құрылтайшылары (қатысушылары) уәкілетті органды өзінің ресурстық базасын өзінің заңды тұлғалар тобы шеңберінде бөлу жөніндегі ниеттері туралы, бірақ алты айда кемінде бір рет хабардар етеді.
10. Графиктер есепті айдың алдындағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей, ай сайын қалыптастырылады.
11. Графиктен үзінді көшірмелер график қалыптастырылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде мұнай тасымалдаушы ұйымдарға, мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Комитетке орындау үшін жіберіледі.
Мұнай өнімдерін өндірушілерге жолданатын графиктен үзінді көшірмеде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін көзделген жер қойнауын пайдаланушының мұнай мөлшері (нетто салмағы бойынша) көрсетіледі.
Мұнай тасымалдаушы ұйымдарға (нетто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (беру) үшін басқа мұнай тасымалдаушы ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа (теміржол, теңіз) түріне беру (ауыстырып құю) үшін көзделген жер қойнауын пайдаланушының мұнай мөлшері көрсетіледі.
Мұнай тасымалдаушы ұйымдарға (нетто салмағы бойынша), сондай-ақ Комитетке (брутто салмағы бойынша) жолданатын графиктен үзінді көшірмеде жер қойнауын пайдаланушының басқа мұнай тасымалдаушы ұйымның магистральдық мұнай құбырлары жүйесіне немесе көліктің басқа (теміржол, теңіз) түріне беру (ауыстырып құю) үшін көзделген мұнай мөлшері, сондай-ақ басқа да ақпарат (келісімшарттың нөмірі және жөнелту бағдары) көрсетіледі.
12. Уәкілетті орган графикке өзгерістер мен толықтыруларды жер қойнауын пайдаланушыдан түзету үшін жоспарланған айға мұнай тасымалдауға арналған еркін нысандағы өтінімді қабылдаған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және бекітеді.
Графиктер, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар мұнай беру бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігіне мұнай тасымалдаушы ұйымның растауы болған жағдайда бекітіледі.
Мұнай беру бойынша қызметтер көрсетуге техникалық мүмкіндігі туралы растауды мұнай тасымалдаушы ұйым уәкілетті органның жедел сұратуы бойынша күнтізбелік бір күн ішінде еркін нысанда оған ұсынады.
Графиктен үзінді көшірмелер графикке өзгерістер мен толықтыруларды қарау нәтижесінде мұнай тасымалдаушы ұйымдарға және мұнай өңдеу зауыттарына орындау үшін және Комитетке (Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу кезінде) бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.
13. Уәкілетті орган әрбір жер қойнауын пайдаланушы үшін мұнай өнімдерін өндірушіге шикі мұнай жеткізу көлемін айқындайды.
Көлемді айқындау кезінде уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін мұнай және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және мұнай өнімдерін беру жоспарларын басшылыққа алады.
Мұнай беру графигін
қалыптастыру қағидаларына
қосымша
Нысан
Мұнай беруге өтінім
Жер қойнауын пайдаланушының атауы:
Есептік ай:
Жоспарланатын ай:

Көрсеткіштер

Жоспарланатын айға өтінім

нетто**

брутто***

1.

Ресурстардың барлығы (1.1.+1.2.+1.3.)


 


 

1.1.

Келісімшарттар және келісімшарттық аумақтардың атауы бөлінісінде мұнай өндіру:


 


 

1.2.

Басқа көздерден алынған мұнай *


 


 

1.3.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың басындағы ауыспалы қалдық


 


 

2.

Ресурстарды бөлу (2.1.+2.2.)


 


 

2.1.

Мұнайды мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу (2.1.1.+2.1.2.+2.1.3.+2.1.4.+2.1.5.):


 


 

2.1.1.

Атырау мұнай өңдеу зауыты


 


 

2.1.2.

Павлодар мұнай-химия зауыты


 


 

2.1.3.

ПетроҚазақстан ойл продактс


 


 

2.1.4.

Ақтау қаласындағы битум зауыты


 


 

2.1.5.

Басқа да мұнай өңдеу зауыттары


 


 

2.2.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісіндегі бағыттары бойынша мұнай экспорты (2.2.1.+2.2.2.+2.2.3.+2.2.4.+2.2.5.+2.2.6+2.2.7.)


 


 

2.2.1.

Каспий Құбыр Консорциумы


 


 

2.2.2.

Атырау - Самара


 


 

2.2.3.

Атасу - Алашанькоу


 


 

2.2.4.

Ақтау порты


 


 

2.2.5.

Темір жол көлігімен


 


 

2.2.6.

Орынбор газ өңдеу зауыты


 


 

2.2.7.

Экспорттың басқа да бағыттары


 


 

3.

Мұнайды теміржол көлігімен беру (3.1.+3.2.+3.3.+3.4.):


 


 

3.1.

Экспортқа, мұнай құю эстакадасынан (атауы)


 


 

3.2.

Мұнай өңдеу зауытына, мұнай құю эстакадасынан (атауы)


 


 

3.3.

Атырау, мұнай құю эстакадасынан төгу (атауы)


 


 

3.4.

Ақтау порты, мұнай құю эстакадасынан (атауы)


 


 

4.

Келісімшарттар, келісімшарттық аумақтардың атауы және басқа да көздерден алынған мұнай бөлінісінде айдың соңындағы ауыспалы қалдық


 


 

Ескертпе:
* оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен күнін, келісімшарт шеңберіндегі кен орны, онда өндірілген мұнай және жұмыс түрлерін (барлау, өндіру) міндетті түрде көрсете отырып, бөгде заңды және (немесе) жеке тұлғалардан сатып алынған;
** мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының айырмасы ретінде айқындайды;
*** мұнайдың брутто массасы балласт массасын қосқанда мұнайдың жалпы массасы ретінде айқындалады.
Бірінші басшы:
Қолы:
Күні: