• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 195 Жарлығы

Редакция 30.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 13 сәуірдегі
№ 195 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Институттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4.».
2. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
1-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Басшысына «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 12, 13 және 14-баптарында айқындалған барлық мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөнінде өкілеттік беріледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісуден кейін өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін бекітеді.»;
кестенің «1. Әскери саладағы мәліметтер» деген бөлімінің 1-бағанында:
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Энергетика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Денсаулық сақтау министрі
Қорғаныс министрі, Энергетика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Оқу-ағарту министрі»;
он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Энергетика министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі»;
кестенің «2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер» деген бөлімінің 1-бағанында:
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және [[жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ішкі істер министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрі, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық экономика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы»;
он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Қаржы министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Ұлттық экономика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Энергетика министрі, Қаржы министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Төтенше жағдайлар министрі»;
жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Энергетика министрі, Ғылым және жоғары білім министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Төтенше жағдайлар министрі
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі»;
жиырма алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі»;
жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы және [[отыз бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Экология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Сауда және интеграция министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы