1) абилитация – мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
Отправить по почте
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі
ҚР Конституциялық Сотының 08.04.2023 № 8 нормативтік қаулысын қараңыз Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 15.04.2024 жылғы № 72-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ЖАЛПЫ БӨЛІК
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абилитация – мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
2) адамға (отбасына) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – мансап орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3-тармақша өзгертілді ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңымен (21.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған бағаның шектері – арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген мемлекеттік құнын қамтамасыз етуге арналған тарифтердің ең жоғары және ең төмен деңгейлері;
6) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) – осы Кодекстің 133-бабында көзделген, адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, оны өз бетінше еңсере алмайтын негіздер бойынша осындай деп танылған адам (отбасы);
7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы);
2025 жылдың 1 қантардан бастап ҚР 15.04.2024 жылғы № 72-VIII Заңына сәйкес 8-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету
8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын ең төмен талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
10-1) арнаулы әлеуметтік төлем – еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға жүзеге асырылатын ақшалай төлемдер;
1-тармақ 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.12.2023 жылғы № 49-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
12) ассистент – мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуде, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуде жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері;
13) асыраушы – өзінің асырауындағы отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерін өз кірісі есебінен асырайтын адам;
14) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган –республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;
15) әлеуметтік аударымдар – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеушілер төлейтін ақша;
16) әлеуметтік аударымдар бойынша берешек – осы Кодексте белгіленген мерзімдерде есептелген және төленбеген әлеуметтік аударымдар сомалары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;
17) әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі – әлеуметтік аударымдар есептелетін объектінің шамасына пайыздық қатынаспен көрсетілген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін міндетті төлемдердің тіркелген мөлшері;
18-тармақшаның қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды осы Кодекстің 262-бабының 7-тармағына сәйкес, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету
18) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар төлеуді жүзеге асыратын салық агенттері.
18-тармақша өзгертілді ҚР 01.07.2024 жылғы № 104-VIII Заңымен (16.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды төлейтін, осы Кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы әлеуметтік төлемдерді төлеушілер деп танылады;
19) әлеуметтік бейімделудің бұзылуы – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара іс-қимылының бұзылуы;
20) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айыру;
21) әлеуметтік еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;
22) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант – мансап орталығының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамның (отбасының) кедейлік шегінде болуға байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;
23) әлеуметтік жұмыскер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар жұмыскер;
24) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – кәсіп таңдауда, қызмет түрін ауыстыруда және кәсіптік білімді, дағдыларды, жеке басының мүдделерін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
25) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы мен еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталығы) арасындағы, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке немесе заңды тұлғалармен арадағы, тараптардың құқықтарын және міндеттерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;
26) әлеуметтік тәуекел – еңбекке қабілеттіліктен айырылуға және (немесе) жұмысынан айырылуға, асыраушысынан айырылуға, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылуға алып келген оқиғаның туындауы, соның нәтижесінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы не ол қайтыс болған жағдайда, оның асырауында болған отбасы мүшелері осы Кодекске сәйкес әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады;
27) әлеуметтік төлемдер – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметтік төлемді алушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдер;
28) әлеуметтік төлемді алушы – әлеуметтік тәуекел жағдайы туындағанға дейін өзі үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры оған қатысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
29) әртараптандыру – зейнетақы активтерінен айрылу тәуекелін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген талаптарға сәйкес оларды түрлі қаржы құралдарына орналастыру;
30) баспасөз басылымы – тізбесін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мерзімді баспасөз басылымдары;
31) биометриялық сәйкестендіру – жеке тұлғаның физиологиялық және биологиялық өзгермейтін белгілері негізінде оның жеке басын анықтау рәсімі;
32) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
33) біржолғы зейнетақы төлемі – осы Кодексте белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы (зейнетақы төлемдерін алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын, міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасы;
34) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
35) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы – инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, қойылатын шарттары мен шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеуге және әртараптандыруға қойылатын шарттарды айқындайтын құжат;
36) бірыңғай төлемді төлеуші – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-1-бабына сәйкес айқындалған салық агенті;
37) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және жарғының негізінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
38) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
39) еңбек нарығы – жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сала;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |