• Мое избранное
Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысы

Редакция 29.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  • 2
1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2025 жылғы № 846 Қаулысына сәйкес (25.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.12.2025 жылғы № 1143 Қаулысына сәйкес (09.10.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  Ә. Смайылов