1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) осы негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
Бұл өтініш электрондық түрде де ұсынылады;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат - шетелдік заңды тұлға үшін;
4) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат - шетелдік жеке тұлға үшін;
5) экспорттаушы елдің өзіндік ерекшелігі бар тауарларын бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжат;
6) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен өзіндік ерекшелігі бар және құндық мәндегі нақты тауарлардың номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жеткізуге арналған келісімшарт;
7) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасы);
8) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хаты;
9) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып), оның транзитпен өткізілетін өнімді кері қабылдауға сөзсіз келісімін растайтын (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың жүк жөнелтушісінің хаты;
10) осы негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс бағыты, шекаралық кіру және шығу пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер.
11) әскери қарауыл адамдарының саны, олардың қару - жарақтары мен оқ-дәрілері (маркасы (типі), калибрі, саны) туралы деректер көрсетілген әскери қарауыл туралы ақпарат-әскери (қосарланған) мақсаттағы өнімнің әскери қарауыл транзитін алып жүру кезінде.
12) эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметін (пайдалануын) бастағаны және тоқтатқаны туралы хабарлама (осы құжатты шетелдік құзыретті органдар берген жағдайда).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.
Ескерту:
Осы тармақтың 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларында немесе нотариат куәландырған көшірмелерінде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
2. Порталға:
1) осы негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;
2) шетелдік заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) экспорттаушы елдің өзіндік ерекшелігі бар тауарларын бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
4) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен нақты және құндық мәндегі өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хатының электрондық көшірмесі;
7) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып), оның транзитпен өткізілетін өнімді кері қабылдауға сөзсіз келісімін растайтын (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың жүк жөнелтушісінің хатының электрондық көшірмесі;
8) осы негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс бағыты, шекаралық кіру және шығу пункттері, көлік түрі туралы мәліметтің электрондық көшірмесі;
9) әскери қарауыл адамдарының саны, олардың қару-жарақтары мен оқ-дәрілері (маркасы (типі), калибрі, саны) туралы деректер көрсетілген әскери қарауыл туралы ақпарат-әскери (қосарланған) мақсаттағы өнімнің әскери қарауыл транзитін алып жүру кезінде.
10) эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарламаның электрондық көшірмесі (осы құжатты шетелдік құзыретті органдар берген жағдайда).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады.
2, 3, 4, 5-тармақтарда көрсетілген құжаттарды нотариат куәландырған көшірмелерде ұсыну қажет.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармамен ұсынылады
3. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мынадай құжаттар қағаз түрінде, сондай-ақ электрондық форматта электрондық ақпарат тасығышта ұсынылады:
1) осы негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Бұл өтініш электрондық түрде де ұсынылады;
2) өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі;
3) жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) шетелдік заңды тұлға үшін - заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
5) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат - шетелдік жеке тұлға үшін;
6) экспорттаушы елдің өзіндік ерекшелігі бар тауарларын бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды әкетуге рұқсаттың болуы туралы құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
7) сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар (сатушы, жүк жөнелтуші, сатып алушы, жүк алушы, делдал) арасында оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен нақты және құндық мәндегі өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың номенклатурасы мен көлемін көрсете отырып, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жеткізуге арналған келісімшарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
8) Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының нотариат куәландырған көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хаты;
10) егер жүкті жүк алушыға беру оған байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмаған жағдайда (келісімшарттың нөмірі мен күнін көрсете отырып), оның транзитпен өткізілетін өнімді кері қабылдауға сөзсіз келісімін растайтын (көрсетілетін қызметті берушіге жолданған) өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың жүк жөнелтушісінің хаты;
11) осы негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде қозғалыс бағыты, шекаралық кіру және шығу пункттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
12) әскери қарауыл адамдарының саны, олардың қаруы мен оқ - дәрілері туралы деректер (маркасы (типі), калибрі, саны) көрсетілген әскери қарауыл туралы ақпарат-әскери қарауылдың әскери (қосарланған) мақсаттағы өнімдерінің транзитін сүйемелдеу кезінде әкелінетін әрбір қару бірлігіне;
13) эпидемиялық маңызы шамалы объектінің қызметін (пайдалануын) бастағаны және тоқтатқаны туралы хабарлама (осы құжатты шетелдік құзыретті органдар берген жағдайда).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасынан кетуге құқық беретін адамдардың құжаттары (әскери қарауыл құрамынан), бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімі және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (нұсқама, наряд, қорытынды) ұсынылады).
Ескерту:
Тармақшаларда көрсетілген құжаттар 3), 4), 5), 6) және 7) Осы тармақтың түпнұсқаларында немесе нотариат куәландырған көшірмелерінде ұсынылады.
Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген келісімшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады.
Осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген, ел заңнамасында көзделмеген құжаттың болмауы түсіндірме хат ұсынылады.
|