«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32409 болып тіркелді
Редакция 02.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 9 маусымдағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7059 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 763 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15923 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында ересектер мен балалар халқына анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (04.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) анестезиологиялық құрал – хирургиялық араласу кезінде, инвазивті зерттеу әдістерімен, операциядан кейінгі кезеңде пациентті ауырсынудан қорғауға және өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің функцияларын қолдауға бағытталған емдеу және диагностикалық шаралар кешені;
1-1) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
2-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.08.2025 жылғы № 76 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 23.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
3) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) жедел медициналық жәрдем – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі.
5) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – ЖТМҚ) – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;
6) жоспарлы медициналық көмек – көмек көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациент жай-күйінің нашарлауына алып келмейтін, пациенттің өміріне қатер төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде, сондай-ақ профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
7) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
8) клиникалық хаттама (бұдан әр і– КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезінде профилактика, диагностика, емдеу, мецициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
9) қарқынды терапия – осы бұзылуларды тудырған себептерге қарамастан, аурудың, жарақаттың, хирургиялық араласудың және дененің басқа да ауыр жағдайларының салдарынан туындаған ағзаның өмірлік маңызды функцияларының бұзылуын жоюға және (немесе) алдын алуға бағытталған емдеу шараларының кешені;
10) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;
11) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін аурулар мен жай-күйлердің алдын алуды, диагностикалауды, емдеуді қамтитын халықтың мұқтажына бағдарланған медициналық көмекке алғашқы қол жеткізу орны;
12) медициналық көмек көрсетудің бірінші деңгейі – медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету;
13) медициналық көмек көрсетудің екінші деңгейі – мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету;
14) медициналық көмек көрсетудің үшінші деңгейі - жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бірінші және екінші деңгейлердегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету;
15) медициналық мақсаттағы бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
16) медициналық ұйым (бұдан әрі – МҰ)– негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
17) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС жүйесі) – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
18) пациент – медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
19) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі;
20) реанимация – пациентті терминалдық жағдайдан шығаруға, ағзаның күрт бұзылған және (немесе) жоғалған өмірлік маңызды функцияларын қалпына келтіруге бағытталған емдеу іс-шараларының кешені;
21) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
3. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
4. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары:
1) аурулардың, жарақаттардың, босанулардың, операциялық араласулардың, диагностикалық зерттеулердің және(немесе) емдік манипуляциялардың салдарынан науқастың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар кезінде ауырсынудың профилактика және емдеуге, өмірлік маңызды ағзамдардың және (немесе) жүйелерді және олардың функцияларын қолдауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
2) пациенттерге операцияға дейінгі, операция ішілік және операциядан кейінгі кезеңдерде, диагностикалық зерттеулер мен емдеуде, диагностика мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін, оның ішінде дәлелді медицина қағидаттарына негізделген ЖТМҚ қолдана отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, ағзаның өмірлік маңызды функциялары бұзылған кезде мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.
5. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат саны осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес ұсынылатын штат санын ескеріле отырып белгіленеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.09.2023 жылғы № 147 Бұйрығына сәйкес (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес ұсынылатын жарақтандыру ескеріле отырып жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.09.2023 жылғы № 147 Бұйрығына сәйкес (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек:
1) ТМККК шеңберінде («Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысына сәйкес);
2) МӘМС жүйесінде («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына сәйкес);

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |