• Мое избранное

Отправить по почте

Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32571 болып тіркелді

Редакция 16.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 72-бабы 2-тармағының екінші абзацына сәйкес және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса берілген Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін;
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице–министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 24 мамырдағы
№ 169 бұйрығына
1-қосымша
Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 72-бабы 2-тармағының екінші абзацына (бұдан әрі – Кодекс) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бала туғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.05.2025 жылғы № 165 Бұйрығына сәйкес (17.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерін енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.
Баласы бар адамдарға (отбасыларға) берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға (бұдан әрі – жәрдемақылар) мынадай:
бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала туғанда берілетін жәрдемақы);
бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтіміне байланысты жәрдемақы);
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы);
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – наградталған анаға берілетін жәрдемақы) түріндегі ақшалай төлемдер жатады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.03.2024 жылғы № 72 Бұйрығымен (24.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.03.2024 жылдан бастап)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17.06.2024 жылғы № 196 Бұйрығына сәйкес (12.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылықпен ретке келтірілген жиынтығы;
3) екінші деңгейдегі ақпараттандыру объектілері – екінші деңгейдегі банктердің электрондық ақпараттық ресурстары, бағдарламалық қамтылымы, интернет-ресурсы және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы;
4) жәрдемақы алушы – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтіміне байланысты жәрдемақы және (немесе) көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы және (немесе) наградталған анаға берілетін жәрдемақы тағайындалған өтініш беруші;
5) жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпочта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
6) жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;
7) көпбалалы отбасы – бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
9) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
10) өтініш беруші – жәрдемақылар тағайындау үшін жүгінетін адам;
11) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
12) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
14) электрондық өтінім – бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны және наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға қажет Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мәліметтер;
15) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
16) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны;
18) электрондық іс макеті – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын жәрдемақы алушының электрондық іс макеті.
2-тарау. Жәрдемақыларды тағайындау тәртібі
1-параграф. Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау тәртібі
3. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген, бала туған күннен бастап ол бір жарым жасқа толған күнді қоса алғанда, ал асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балалары бар адамдарға (отбасыларға) – соттың баланы (балаларды) асырап алу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қамқоршылықты немесе қорғаншылықты белгілеу туралы бұйрық қабылданған күннен бастап ол бір жарым жасқа толғанға дейін тағайындалады.
Бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындаған кезде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынған балалар, егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.
Бұл ретте, отбасы құрамында өздеріне қатысты ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген балалар ескерілмейді.
Егер бір жарым жасқа толмаған бала қайтыс болғаннан кейін күтім жөніндегі жәрдемақыны тағайындауға жүгінген жағдайда күтім жөніндегі жәрдемақы қайтыс болу айын қоса алғанда тағайындалады.