• Мое избранное
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 маусымда № 32685 болып тіркелді

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
Редакция 30.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 «Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13523 болып тіркелген).
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 3-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызмет көрсету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 2 маусымдағы
№ 198 Бұйрығына
1 қосымша
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары
Тақырып жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 133-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
2) қызметтерді алушы – қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға жүгінген, сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген адам;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
2025 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес 3-тармақша келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар.
3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес болуы тиіс.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
2-тарау. Қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі
4. Қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адам немесе оның заңды өкілі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге мынадай құжаттарды ұсыну жолымен жүгінеді:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініші;
2) қызметтерді алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Стандарттарға сәйкес нысандар бойынша медициналық карта;
4) құқықбұзушылық жасаған адамға ерекше талаптар белгілеген құжат.
5. Арнаулы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер Стандарттарға сәйкес айқындалады.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды.
6-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығымен (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 30.06.2024 жылдан бастап)
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектінің басшысы ақылы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, олардың арасында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының қаражаты есебінен қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады.
7. Қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттарды (мәліметтер алу) және (немесе) толық емес құжаттар топтамасын ұсыну;
2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі;
3) қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы.
8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша сәйкес болмаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект қызмет алушы ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы хабардар етеді.
9. Шартты уақытша тоқтата тұруға қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің жеке өтініші бойынша жол беріледі.
10. Қызметтерді алушы туралы ақпараттың құпиялылығы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына)
қызметтерді алушының қаражаты есебінен
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына
1-қосымша
Нысан
 ________________________________
 (ұйымның атауы)
 азамат (-ша) _____________________
 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 ________________________________
 (туған күні, айы және жылы)
 Тұрғылықты мекенжайы ___________
 ________________________________
 Байланыс телефоны ______________
Өтініш
  Сізден, стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында (қажетінің астын сызу керек)   маған 20 ___ жылғы "____" __________ бастап 20 ___ жылғы "____" __________ аралығындағы қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын.
  Күні ____________________ Қолы________________
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін
қызметтерге мұқтаж емес адамға (отбасына)
қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
 _______________________________
 (ұйымның атауы)
 азамат (-ша)____________________
 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
 _______________________________
 (туған күні, айы және жылы)
 Тұрғылықты мекенжайы __________
 _______________________________
 Байланыс телефоны _____________
Өтініш
  Сізден, стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында (қажетінің астын сызу керек)   20 ___ жылғы "____" __________ бастап 20 ___ жылғы "____" __________ аралығындағы кезеңге ______________________________ мекенжайында тұратын, байланыс телефоны _________________ және ________________________ мекенжайы бойынша тіркелген азамат (-ша) __________________________ мүддесін білдіре отырып, оған қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын.
  Күні ____________________ Қолы________________
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге
мұқтаж емес адамға (отбасына) қызметтерді
алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік
қызметтер көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан
 Алушының қаражаты есебінен қызметтер көрсетуге арналған № ____ шарт


 

_______________________ қаласы


 


 


 

20___ жылғы "____" _________


 

(қаланың, ауданның, ауылдың атауы)


 


 


 


 

  Бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын 20__ жылғы "____" __________________ № ______ бекітілген _________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________ (бұдан әрі – Ұйым) атынан __________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бір тараптан және бұдан әрі "Қызметтерді алушы" деп аталатын __________ жылы туған, ______________ берген жеке куәлігінің № ______________ ___________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген, байланыс телефоны ____________________, ___________________ мекенжайында тұратын ___________________ (қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан (бұдан әрі – Тараптар) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Орындаушы Қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің жазбаша өтініші және осы Шарт негізінде, толық ақы төлеу шарттарымен қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
2-тарау. Шарт бойынша төлем сомасы және оны енгізу тәртібі
2. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызметтерге ақыны арнаулы әлеуметтік қызметтердің келісілген көлемінің негізінде төлейді.
3. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі Шарттың 2-тармағында көзделген қызметтер үшін ұйымның жеке шотына (бұдан әрі – шот) төлем енгізеді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Қызметтерді алушы:
Орындаушыдан қызметтерді ұйымдастыруға және олардың тиісінше атқарылуын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер жөнінде ақпарат алуға;
осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Орындаушыға ұсыныстар енгізуге құқылы.
5. Қызметтерді алушы:
қызметтер үшін төлемді уақтылы жүргізуге;
қызметтер көрсететін адамдарға құрметпен қарауға;
қызметтерден бас тарту себептері туралы қызметтерді ұсынғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын Орындаушыға хабарлауға;
осы Шарт талаптарының өзгеруіне алып келетін, жаңадан туындаған мән-жайлар туралы Орындаушыны уақтылы хабардар етуге міндетті.
6.Орындаушы, Қызметтерді алушы Шарт талаптарын бұзған жағдайда, қызметтерді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
Орындаушының бастамасы бойынша қызметтерді ұсыну мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Қызметтерді алушы Орындаушы көрсетпеген қызметтер көлемі үшін қаражатты қайтаруға құқылы.
7.Орындаушы:
Орындаушымен және Қызметтерді алушымен келісілген көлемдерде және мерзімдерде қызметтер көрсетуге;
Қызметтерді алушыға көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға;
Қызметтерді алушыға көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасы туралы толық әрі шынайы ақпарат беруге;
осы Шарттың талаптары мен Қызметтерді алушының заңнамада және осы Шартта көзделген құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге;
Шарт бойынша өз міндеттерін орындаған кезде Қызметтерді алушы туралы белгілі болған жеке сипаттағы ақпаратты жария етпеуге міндетті.
4-тарау. Қызметтер көрсету тәртібі
8. Осы қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойылғаннан кейін және қызметтер көрсету басталғанға дейін Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызмет құнының 100% мөлшерінде төлемді енгізеді.
Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызметтер көрсету басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымның шотына төлемді енгізеді.
Қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда, енгізілген төлемдерді қайтару Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
9. Қызметтердің сапасы, олардың көлемі мен ұсынылу мерзімдері бойынша наразылықтарын Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі сапасыз қызмет көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Орындаушыға ұсынады.
10. Орындаушы наразылық шағымы түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметкерінің кінәсі бойынша жол берілген кемшіліктерді жояды.
11. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды үшінші тұлғаларға бермейді.
5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
12. Қызметтерді алушы белгіленген мөлшерде қызметтерге ақы төлеуден бас тартқан жағдайларда, Орындаушы осы Шарттың іс-әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесін заңнамаға сәйкес шешеді.
13. Қызметтерді алушы қызметтерді көрсетуге арналған шартты бұзады және егер көрсетілген шартта белгіленген мерзімде орындаушы көрсеткен қызметтердің кемшіліктерін жоймаса, залалдарды толық өтеуді талап етеді.
Қызмет алушы, егер олар шарттың елеулі бұзушылықтарын анықтаса, қызмет көрсету шартын бұзады.
Орындаушы қызметтердің кемшіліктері үшін жауап береді, егер қызметтерді алушы олардың қабылдағанға дейін немесе ауыр сәтке дейін туындаған себептер бойынша пайда болғанын дәлелдесе;
14. Егер Орындаушы Шартта белгіленген мерзімде көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жоймаған болса, Қызметтерді алушы қызметтер көрсетуге арналған шартты бұзады және шығынның толық өтелуін талап етеді.
Егер Қызметтерді алушы сондай-ақ көрсетілген қызметтердің елеулі кемшіліктерін тапса немесе Шарт талаптарынан өзге де айтарлықтай ауытқулар орын алса, қызметтер көрсетуге арналған Шартты бұзады.
Егер Қызметтерді алушы қызметтердің кемшіліктері көрсетілетін қызметті оларды қабылдағанға дейін немесе осы кезге дейін туындаған себептерден пайда болғанын дәлелдесе, Орындаушы қызметтердің кемшіліктері үшін жауап береді.
15. Қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда, Орындаушы мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсету бағасының үш пайызы мөлшерінде Қызметтерді алушыға тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді.
Мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсетудің басталу және (немесе) оның кезеңін орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қызмет көрсету басталғанға дейін және (немесе) оның кезеңі орындалғанға дейін немесе Қызметтерді алушы осы тармақта көзделген талаптарды қойғанға дейін өндіріліп алынады.
Мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсетудің аяқталу және (немесе) оның кезеңін орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қызмет көрсету аяқталғанға дейін және (немесе) оның кезеңі орындалғанға дейін немесе Қызметтерді алушы осы тармақта көзделген талаптарды қойғанға дейін өндіріліп алынады.
Қызметтерді алушы өндіріп алған тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың) мөлшері қызметтің жекелеген түрінің бағасынан немесе, егер қызметтің жекелеген түрінің орындалу бағасы белгіленбесе, тапсырыстың жалпы бағасынан аспайды.
Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың) мөлшері қызмет көрсету бағасына сүйене отырып есептеледі, егер бұл баға Қызметтерді алушының талабы ерікті түрде қанағаттандырылған күні немесе егер ол ерікті түрде қанағаттандырылмаған болса, сот шешімі шығарылған күні сол жердегі тапсырыстың жалпы бағасына сүйене отырып көрсетілмесе.
Шарт бұзылған кезде Орындаушы қызмет көрсету процесінде орын алған өз шығындарын өтеуді, сондай-ақ, егер Қызметтерді алушы көрсетілген қызметті қабылдап алған жағдайды қоспағанда, көрсетілген қызмет үшін төлемді талап етпейді.
Егер Орындаушы қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан немесе Қызметтерді алушының кінәсінен орын алғанын дәлелдесе, Қызметтерді алушының осы тармақта белгіленген талаптары қанағаттандыруға жатпайды.
6-тарау. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу және Шартты бұзу тәртібі
16. Осы Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу немесе оны бұзу оның ажырамас бөлігі болып табылатын Тараптардың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
17. Шарт:
1) Қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша;
2) Қызметтерді алушының мүгедектігі алынып тасталған жағдайда;
3) Қызметтерді алушы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің ішкі тәртібін бірнеше рет бұзған жағдайда;
4) қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
5) Қызметтерді алушы шарт талаптарын бұзған жағдайда бұзылады.
18. Қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда, Тараптардың еркіне қарамастан, Шарт бұзылады.
19. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Тараптар шарттың бұзылу сәтіне дейін үш жұмыс күн бұрын жазбаша түрде екінші тарапты алдын ала ескертеді және ақша қаражаттары Қызметтерді алушыға немесе Қызметтерді алушының заңды өкіліне Қызметтерді алушының жеке шотына қайтарылады.
7-тарау. Дауларды шешу
20. Шарт нысанасы бойынша туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.
21. Егер Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, дау сот тәртібімен шешіледі.
8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
22. Осы Шарт Тараптар оны жасасқан күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы "____" _______________ дейін қолданылады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
23. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада жасалды, олардың біреуі Орындаушыда, екіншісі - Қызметтерді алушыда болады.
24. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде ресімделіп, Тараптардың уәкілетті тұлғалары оларға тиісінше қол қойған болса, жарамды деп есептеледі.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары

"Орындаушы"

_______________________________

(ұйымның атауы)

_______________________________

(заңды мекенжайы)

Байланыс телефоны

_______________________________

Банк деректемелері:

_______________________________

_______________________________

_______________________________

_______________________________

Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі

_______________________________

_______________________________

_______________________________

(Орындаушының тегі, аты,

әкесінің аты (бар болса)

Қолы ________ Күні ________

"Қызметтерді алушы"

Тегі___________________________

Аты____________________________

Әкесінің аты (бар болса)

_______________________________

Тіркелген мекенжайы

_______________________________

_______________________________

Нақты тұрғылықты мекенжайы

_______________________________

_______________________________

Байланыс телефоны

_______________________________

Жеке басын куәландыратын

құжаттың №

_______________________________

_______________________________

берілген

_______________________________

Қызметтерді алушының тегі, аты,

әкесінің аты (бар болса)

Қолы __________ Күні __________