• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.09.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 12 мамырдағы № 126 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 жылғы № 385-НҚ Бұйрығына сәйкес 
БҰЙРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 143 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабының 2-2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 195 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану және кинематография салаларында ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 15 кіреберіс.»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда одан алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
13. Міндеттері:
1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.»;
14-тармақта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларында нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды әзірлеу;
2) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография салаларындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;»;
18) және 19) тармақшалар алынып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) театр, музыка және концерт қызметі, цирк өнері, музей ісі және археология, бейнелеу өнері, сәулет және дизайн жөнінде салалық көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;»;
22) және 23) тармақшалар алынып тасталсын;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) театр, музыка өнерін, кинематографияны, музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, кітапханаларды қоспағанда мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету;»;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) өз құзыреті шегінде кітапханаларды қоспағанда республиканың (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіру, меншік нысанына қарамастан шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен мәдениет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;»;
38) тармақша алынып тасталсын;
60) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«60) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;»;
70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«70) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
93) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«93) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымы негізінде шешім қабылдау, сондай-ақ жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішіне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімін келісу;»;
95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«95) «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптама комиссиясын құру;»;
104) және 105) тармақшалар алынып тасталсын;
107) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«107) мәдени-демалыс ұйымдары қызметінің тәртібін әзірлеу;»;
112) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«112) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлеу;»;
113) тармақша алынып тасталсын;
119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«119) мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар әзірлеу;»;
125), 126) және 127) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 127-1), 127-2), 127-3), 127-4), 127-5), 127-6), 127-7), 127-8), 127-9), 127-10), 127-11), 127-12), 127-13), 127-14), 127-15), 127-16), 127-17), 127-18), 127-19), 127-20), 127-21), 127-22), 127-23), 127-24) және 127-25) тармақшалармен толықтырылсын:
«127-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
127-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
127-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды интернет-ресурсқа орналастыруға дайындау;
127-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсетуге қатысу;
127-5) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар береді және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
127-6) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
127-7) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
127-8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1139 қаулысымен бекітілген Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізуге және олармен шарттар жасасуға қатысу;
127-9) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
127-10) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын әзірлеу;
127-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
127-12) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шаралардың тақырыптық бағыттарын айқындау жөніндегі қағидаларды әзірлеу;
127-13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасындағы жəне шетелдегі мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен мәдени іс-шараларды өткізуді қаржыландыру қағидалары мен қаржыландыру нормативтерін әзірлеу;
127-14) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын әзірлеу;
1 тармақтың алпыс жетінші абзацы осы бұйрықтың 4 тармағына сәйкес 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 жылғы дейін қолданылады 
127-15) Ұлттық кинокомиссия туралы ережені жəне оның құрамын әзірлеу;
127-16) мемлекеттік емес музейлер әкелген кезде импорты қосылған құн салығынан босатылатын өнер туындылары тізбесін әзірлеу;
127-17) өз құзыреті шегінде мәдениетаралық және этносаралық диалогты қамтамасыз ету, қазақ халқының және этностық топтардың ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрметті нығайту;
127-18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеу;
127-19) Қазақстан Республикасының халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасау;
127-20) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;
127-21) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мәдениет қызметкерлерін аттестаттау және мерзімінен бұрын аттестаттау қағидаларын әзірлеу;
127-22) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін әзірлеу;
127-23) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізу;
127-24) жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;
127-25) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Комитет басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері»;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Республикалық академиялық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
8. «Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
9. «Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
10. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
11. «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
12. «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
13. «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
14. «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
15. «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
16. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
17. «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
18. «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
19. «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
20. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
21. «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
22. «Қазқайтажаңарту» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
23. «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
24. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
25. «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
26. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
27. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
28. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
29. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
30. «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
31. «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
32. «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
33. «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
34. «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы.
35. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы.
36. «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
37. «Астана Балет» театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
38. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы.»;
Комитеттің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-тармақтың алпыс жетінші абзацын қоспағанда, 2023 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Е. Еркінбаев