«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 маусымда № 32746 болып тіркелді
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі А. Ескараев
Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 9 маусымдағы № 367 Бұйрығына 1- қосымша
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық зерттеп-қарау жүргізілуін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынандай терминдер пайдаланылады:
1) акведук - ерекше мақсаттағы жасанды құрылыс, оның ішінде кеме қатынасына арналған көпір арналар, суару арнасы немесе су құбырына суағындысына арналған көпірлер, лотоктар;
2) арзан құнды құрылыс - күрделі құрылыстарда пайдаланылмайтын, уақытша сипаттағы, тозығы жеткен, жартылай бұзылған (тарихи және сәулеттік ескерткіштерден басқа) материалдардан салынған құрылыс; жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортына енгізілмейді (бұдан әрі - кадастрлық паспорт), алайда толық сипаттамасымен абристе көрсетіледі;
3) балкон - ғимарат қасбетінде орналасқан, тіреуіш қанаттармен қоршалған алаң;
4) виадук - үлкен жыраны, шатқалды, алапты өткен кездегі салынған жасанды құрылыс;
5) вестибюль - үздіксіз келушілерді қабылдауға және бөлуге арналған, тұрғын және тұрғын емес құрылыстың ішкі бөлігіне кірер алдындағы үй-жай;
6) дамба - суды уақытша ұстауға, су ағысы бағытын тосқауылдауға арналған, құрылуы бойынша жер бөгетіне ұқсас гидротехникалық құрылыс;
7) дюкер - кішкентай су ағандысын өткізу үшін соғылатын жасанды құрылыс, мысалы суаруарнасы, арық;
8) дәліз - тұрғын үйге тысқары салынған немесе оған қосарлана салынған, бөлігі 60 пайыздан аз емес әйнектелген ашық немесе әйнектелген жылытылмайтын жай. Сондай ақ көпқабатты құрылыстағы пәтердің құрамдас бөлігі, әдетінше жылытылмайды, терезелердің ашылатын желдетілетін, кейде күн көзінен сақтайтын құралдармен жабдықталады. Дәліз балалар, шипажай ұйымдарда, емханаларда кеңінен қолданылады;
9) жер асты қабаты (подвал) - жер бетінің үйдің биіктігінің жартысынан асатын жердің беткі белгісінен төмен белгідегі қабаты;
10) жер үсті қабаты - жер бетінің жоспарланған жер деңгейінен жоғары тұрған белгідегі қабаты;
11) кертік салу - жеке нүктелердің кординатын айқындайтын, оның алғашқы шығу пунктімен байланыстыратын әдіс, элементтердің өлшеуі;
12) коллектор - құбырсыз сұйықтықтарды және газдарды тасымалдауға арналған коммуникациялық жерасты созыла салынған құрылыс;
13) орынтұрақ орны – паркингте (болған кезде гаражда) автокөлік құралын қоюға арналған, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын және дара (бөлек) меншіктегі орын;
14) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
15) қысқы бақ - экзотикалық және қысқа бейімді емес өсімдіктерді орналастыру үшін табиғи жарық көзі бар жылытылатын жай;
16) құрылыстың негізгісі - деп жер учаскесінде құрылысының күрделілігіне, сәулеттік белгісіне және өзінің мақсаты бойынша үстем болатын құрылысты айтады. Бір жер учаскесінде бір немесе бірнеше негізгі құрылыстар болады;
17) қызметтік құрылыс деп - жер учаскесінде негізгіге қатысты кейінгі орындағы маңызға ие құрылысты айтады. Қызметтік құрылыстарға сарайлар, гараждар, моншалар мен басқалар жатады;
18) лоджия – күрделі қабырғаларының үстіңгісінің үш жағынан шектелген және алдыңғы жағы ашық, жабындысы бар алаңша;
19) мансардтты қабат (мансарда) – қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс беттен (беттерден) немесе сынық төбеден пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;
20) өткерме жол - әртүрлі деңгейдегі жолдардың қиылысы орнына салынған жасанды құрылыс;
21) селөткізгіш - жол үстінен таулардағы балшық-тасты ағындар өткізу үшін соғылатын жасанды құрылыс;
22) сутартқыш - суқабылдағыштан, су жинағыш құрылыстан оны беру үшін арналған тоннель, арна, лоток немесе құбыр тәріздес құрылыс;
23) тұрғын үйдің (тұрғын ғимарат) жалпы ауданы - барлық тұрғын үйлердің жалпы ауданы мен барлық тұрғын емес үй жайлардың аудандары, сондайақ ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің аудандарының жиынтығы;
24) тоннель - ойқыс тау шатқалдарында қиылысатын көшелердің тарамдарына арналған таудың ішіне жолсалу үшін соғылатын жасанды құрылыс;
25) техникалық қабат - инженерлік құрал-жабдықтар мен коммуникация төсемдерін орналастыратын қабат, төменгі (техникалық астыртын орында) және/немесе жоғарғы (техникалық шатырда) қабатта орналасқан;
26) техникалық жерасты бөлігі - жердің нөлдік белгісінде орналасқан және төбесінің биікті 1,5 метрден аспайтын жылытылмайтын үй-жай (техникалық жерасты жеріне сызбалық жоспар сызылмайды);
27) тамбур - үй-жайға, басқыш алаңға немесе асқа жайларға кіре берістегі суықтың, түтіннің, иістің өтпеуінен қорғау үшін қызмет ететін есіктер арасындағы өтпелі бөлме;
28) террасса - төбесі бар, қоршалған ашық құрылыс (алаң) немесе пайдаланылатын жабынды жайдың төменгі жағындағы демалысқа арналған аудан түріндегі, ғимаратқа қосылып салынған қосымша құрылыс;
29) тоғысқыр - тоғыспаның немесе доғаның жоғарғы нүктелерін байланыстыратын тік сызық;
30) үй төбесіндегі үйшік (мезонин) - бұл ауданы бойынша төменгі қабаттан кіші және олармен ішкі қатынастары бар, ортақ шатыр құрылысынан жоғары көтеріліп, үстіне салынған құрылыс;
31) үй асты қабаты (цокол) - жер бетінің жердің жоспарлы белгісінен төмен, бірақ үй биіктігінің жартысынан аспайтын белгідегі қабаты;
32) эркер - тұрғын үй қабырғасының жартылай дөңгелек, үш бұрышты немесе қырланып шыныланған шығыңқы жері. Көбінесе қасбет биіктігі бойынша бірнеше қабаттарға жасалады.
3. Жылжымайтын мүлік объектілері үш күрделілік санатына бөлінеді:
1) бірінші күрделілік санатына осы Нұсқаулыққа 1–қосымшаға сәйкес төрт үй жайдан аспайтын тікбұрышты нысандағы құрылыс жатады;
2) екінші күрделілік санатына осы Нұсқаулыққа 2–қосымшаға сәйкес екі немесе оданда көп тікбұрыштан тұратын, он төрттен аспайтын үй-жайлардан тұратын құрылыстар жатады;
3) үшінші күрделілік санатқа осы Нұсқаулыққа 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес он төрттен астам үй-жайдан, әр-түрлі, қиғаш бұрышты немесе қисық сызықты нысанды күрделі кескіндеме пішіндерден тұратын құрылыстар жатады.
4. Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жұмысы мыналардан: