Toggle Dropdown
10
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 842 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 02.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44-бабының 3-бөлігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жығы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 22-тармағы 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 784 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Министр А. Ғиният
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 842 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, аппарат басшысы, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында
міндеттерді бөлу
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшылығы өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
1-бөлім. Министр
Toggle Dropdown
1. Министрліктің, ведомстволардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына басшылықты және бақылауды жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады.
Toggle Dropdown
4. Министрлік алқасының жұмысын үйлестіреді.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Президентімен, Парламентімен және Үкіметімен, сондай-ақ Конституциялық Кеңесімен және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қарым-қатынастарда Министрліктің мүддесін білдіреді.
Toggle Dropdown
6. Заңнамада көзделген құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
7. Ведомстволардың құзыреті және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
8. Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша өз қызметінде оның бақылауындағы ведомство төрағаларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Toggle Dropdown
9. Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен, аппарат басшысының келісуі бойынша ведомство басшысының тағайындау үшін ұсынатын ведомстволардың төрағалары орынбасарларының кандидатураларын келіседі.
Toggle Dropdown
10. Оның құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастарының мәселелері бойынша Министрліктің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданылады және көтермелеу шаралары қолданылады.
Toggle Dropdown
11. Ұйымдық-құқықтық, кадрлық, материалдық-техникалық, қаржылық мәселелер бойынша:
Toggle Dropdown
Министрліктің штат санының лимиті шегінде штат санын;
Toggle Dropdown
Министр немесе оның орынбасарлары жетекшілік ететін Министрлік департаменттері директорларын және дербес басқармаларының басшыларын лауазымға тағайындауды және оларды лауазымнан босатуды;
Toggle Dropdown
ведомстволар басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындауды және оларды лауазымнан босатуды;
Toggle Dropdown
Министрліктің ведомстволарының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық департаменттерінің басшыларын лауазымға тағайындауды және оларды лауазымнан босатуды;
Toggle Dropdown
еңбек қатынасы мәселелері оның құзыретіне жататын Министр жетекшілік ететін ведомстволар басшыларының, олардың орынбасарларының, департамент директорларының, Министрліктің дербес басқармаларының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мәселелерін;
Toggle Dropdown
заңнамамен оның айрықша құзыретіне жатқызылған өзге де мәселелерді келісуді жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
12. Ішкі аудит, жеке қауіпсіздік, жұртшылықпен байланыс департаменттерінің, мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс басқармаларының қызметін үйлестіреді және бақылайды.
Toggle Dropdown
13. Министрліктің құзыреті шегінде аппарат басшысы, бірінші вице-министр қол қойған әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының бесінші бөлігіне, 138-бабының бесінші бөлігіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ жоғары тұрған әкімшілік органның, лауазымды адамның уәжді ұстанымын қабылдайды (қол қояды) және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрлері болып табылады.
Toggle Dropdown
14. Бірінші вице-министрге, вице-министрлерге, вице-министрге – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігеріне, аппарат басшысына жетекшілік ететін мәселелер бойынша:
Toggle Dropdown
1) келісуге жолданатын нормативтік құқықтық актілерге, соның ішінде Министрліктің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрдің, Президенттің заң жобаларына және құқықтық актілерінің жобаларына;
Toggle Dropdown
2) құжаттарға және нормативтік емес құқықтық актілерге;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және мемлекеттік органдар бастама жасаған заң жобаларына, Үкімет қорытындыларының жобаларына;
Toggle Dropdown
4) Министрліктің атынан Қоғамдардың акционерлерінің, Директорлар кеңесінің кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы талаптарға қол қоюға уәкілеттік береді.
Toggle Dropdown
15. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
16. Заңнамаға сәйкес ведомстволардың құқықтық актілерінің күшін толық немесе ішінара жояды немесе тоқтата тұрады.
Toggle Dropdown
17. Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін) бекіту, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша акционерлік қоғамдардың немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғыларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оларды жаңа редакцияда бекіту туралы;
Toggle Dropdown
3) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы;
Toggle Dropdown
4) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларымен еңбек шарттарын жасау және бұзу туралы (оның ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы);
Toggle Dropdown
5) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының, олардың орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін белгілеу туралы;
Toggle Dropdown
6) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекеттік мекемелердің басшы қызметкерлеріне сыйлықақы беру жүйесін айқындау, ынталандыру үстемеақыларын және өзге де сыйақы белгілеу туралы;
Toggle Dropdown
7) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және олардың орынбасарларының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберу, демалыстар беру мәселелерін келісу туралы;
Toggle Dropdown
8) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына сәйкес шығыстардың лимиттерін айқындау туралы;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Директорлар кеңесінің, байқау кеңестерінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі құрамын бекіту және байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия құру туралы;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша директорлар кеңесі мен байқау кеңесі қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы;
Toggle Dropdown
12) Министрдің штаттан тыс кеңесшілерін және Министрліктің штаттан тыс бас мамандарын бағыттар (бейіндер) бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да мәселелер бойынша лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы шешім қабылдайды.