Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32941 болып тіркелді
Редакция 14.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Халықты әлеуметтік қорғау саласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 Бұйрығына 1 қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);
5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.
2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары
3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;
2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.
Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:
1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.
Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.
6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-собес» ААЖ) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.
7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне «Е-Собес» ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі.
Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталда авторизацияланады және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |