Toggle Dropdown
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32959 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 28.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 111-бабының 10-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір бұйрықтары мен кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дуйсенова
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 275 бұйрығына
1 қосымша
Toggle Dropdown
1
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 111-бабының 10-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
2) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Еңбек нарығы» ААЖ) – уәкілетті мемлекеттік органның, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың, еңбек мобильділігі орталықтарының, мансап орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
3) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);
Toggle Dropdown
4) еңбек мобильділігі орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) жалақыны субсидиялау – жұмыс берушінің субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсаған шығындарын толық немесе ішінара өтеу;
Toggle Dropdown
6) жұмыссыз – жұмыс іздеуші және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
7) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
8) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Toggle Dropdown
9) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге ықпал етуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
Toggle Dropdown
10) «Зейнетақы және жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ОДҚ» ААЖ) - Кодексте белгіленген шарттарда төлем түрлерін жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органның орталықтандырылған дерекқоры;
Toggle Dropdown
11) мансап орталығы – еңбек мобильділігі орталығының аудандарда, облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын филиалы;
Toggle Dropdown
12) субсидияланатын жұмыс орны – жалақысын толық немесе ішінара субсидиялай отырып, жұмыссыздарды, сондай-ақ оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірілмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысқа қатысатын студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру үшін, еңбек мобильділігі орталығымен (мансап орталығымен) шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны;
Toggle Dropdown
13) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жөніндегі жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын жергілікті атқарушы органы;
Toggle Dropdown
14) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және саларалық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Toggle Dropdown
3. Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесі, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптар, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдері Кодекстің 111-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
4. Субсидияланатын жұмыс орындары жұмыссыздар, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін құрылады.
Toggle Dropdown
5-тармақтың қолданысы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.01.2026 жылғы № 24 Бұйрығына сәйкес, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету
Toggle Dropdown
5. Мансап орталықтары субсидияланатын жұмыс орындарын:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жұмыс істеп тұрған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер мәртебесі болған;
Toggle Dropdown
2) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдында 12 айдан астам қызметті жүзеге асырған;
Toggle Dropdown
3) өтінім берген сәтте жалақы бойынша мерзімі өткен берешек болмаған;
Toggle Dropdown
4) Кодекске және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім берген күннің алдындағы соңғы 12 айда әлеуметтік төлемдерді тұрақты жүргізген;
Toggle Dropdown
5) еңбек мобильділігі орталығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелерді толық орындаған (бар болса);
Toggle Dropdown
6) банкроттық немесе таратылу рәсімі болмаған;
Toggle Dropdown
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде болмаған;
Toggle Dropdown
8) өткен күнтізбелік жылы субсидияланатын жұмыс орындарындағы жұмысын аяқтаған (өтінім берілген сәтте) жұмыссыздарды (бар болса):
Toggle Dropdown
10 (он) және одан көп субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер үшін жұмыссыздардың кемінде 10%-ын;
Toggle Dropdown
10 (онға) дейін субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер үшін кемінде 1 (бір) жұмыссызды міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырған;
Toggle Dropdown
9) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімінде болмаған;
Toggle Dropdown
10) жалған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған салық төлеушілердің тізімінде болмаған;
Toggle Dropdown
11) өтінім беру кезінде тіркелген электрондық еңбек шарттары және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақының 10%-ынан кем емес мөлшерде міндетті зейнетақы жарналары бар жұмыскерлердің тізімдік саны болған кезде жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырады.