• Мое избранное
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32920 болып тіркелді

Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.06.2024 жылғы № 193 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма сегізінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 366 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17402 тіркелді);
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер тізбесінің 6-тармағы.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2023 жылы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі   Т. Дуйсенова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономикалық министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Еңбек және
халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 261 Бұйрығына
қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма сегізінші абзацына сәйкес әзірленді және халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары – бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдері;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) және облыстық маңызы бар аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган);
4) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары – қабылданған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемдері;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мониторингілеу (бұдан әр – мониторинг) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің жай-күйін және даму перспективаларын талдау үшін қажетті, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында тәуекел дәрежесін және заңнама талаптарының сақталуын бағалау мақсатында мәліметтерді жинау және өңдеу;
6) мемлекеттік мекеме – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен қамтылатын коммерциялық емес ұйым.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді қаржыландыруы мыналардың есебінен жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;
2) кепілдік берілген көлемінен тыс арнаулы әлеуметтік қызметтер алушының қаражат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері.
2-тарау. Тек қана бюджет есебінен қамтылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру тәртібі
4. Тек қана бюджет есебінен қамтылатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган бекіткен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары негізінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттері мен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің тиісті бюджеттік бағдарламаларының шегінде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар санына байланысты тек қана бюджет есебінен қамтылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру мыналарға арналған қаражатты қамтиды:
1) еңбекақыны төлеуге, жыл сайынғы еңбек демалысына төленетін сауықтыру жәрдемақысы және жұмыс берушінің жұмыскерлердің бюджеттеріне салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге;
2) негізгі қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдеріне;
3) экологиялық қасірет және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін негізгі қызметкерлерге төленетін қосымша ақыларға;
4) киім, жұмсақ инвентарь сатып алуға жұмсалатын шығыстарға;
5) дәрілік формулярларға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік заттар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуға;
6) азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстарға;
7) көлік шығыстарына;
8) негізгі қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
9) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажетті тауарларды және қызметтерді, соның ішінде жуу құралдарын, шаруашылық тауарлары мен инвентарьды, гигиена құралдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дезинфекция құралдарын, ыдыс-аяқ сатып алуға;
10) оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен құралдарды (түзете дамытатын, оқу-дидактикалық материалдар), мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;
11) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен тікелей байланысты басқа да ағымдағы қызметтерге (бейнебақылауға қызмет көрсету қызметтері, жөргектер мен шприцтерді кәдеге жарату, заңгерлік қызметтер) арналған қаражатты қамтиды.
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар санына байланысты емес тек қана бюджет есебінен қамтылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру мыналарға арналған қаражатты қамтиды:
1) еңбекақыны төлеуге, жұмыс берушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдері бойынша жарналарына;
2) әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің өтемақы төлемдеріне;
3) міндетті сақтандыруға;
4) іссапар шығыстарына;
5) үй-жайларды жалдауға жұмсалатын шығыстарға;
6) коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге;
7) байланыс қызметтеріне ақы төлеуге;
8) басқа да қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге (ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды күтіп ұстау, коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесін, көлік және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметтері, қызметкерлерді медициналық тексеру, қоқыс шығару, курьерлік қызметтер, банк қызметтеріне ақы төлеу және заңгерлік қызметтер);
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің қызметін қамтамасыз етуге қажетті, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету процесінде қолданылмайтын тауарларды, соның ішінде құрылыс материалдарын, ғылыми зерттеулерге және басқа да мақсаттарға арналған материалдар, шаруашылық материалдарын және кеңсе керек-жарақтарын, қосалқы бөліктерді сатып алуға;
10) негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді (серверлер, жұмыс станциялары, принтерлер, сканерлер, желілік жабдық, телекоммуникациялық жабдық, электр жабдығы, ұйымдастыру техникасы, Кеңсе жиһазы, жеңіл көлік құралдары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөлік, оңалту жабдығы) сатып алуға;
11) негізгі құралдарды күрделі жөндеуге;
12) өзге де ағымдағы шығындарға (халықты әлеуметтік қорғау органдары интернет-үйлерінің қамқорлықтағыларын жерлеуге арналған шығындар, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы, мемлекеттік баж салығы, өсімпұл мен айыппұлдар, автокөлік құралдарын міндетті техникалық қарау бойынша шығындар) арналған қаражатты қамтиды.
3-тарау. Тек қана бюджет есебінен қамтылатындарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерін қаржыландыру тәртібі
7. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу мақсатында, жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік өтінімді қалыптастырады.
8. Арнаулы әлеуметтік қызметтер алушылар санына байланысты тек қана бюджет есебінен қамтылатындарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру мыналарға арналған қаражатты қамтиды:
1) еңбекақыны төлеуге, жыл сайынғы еңбек демалысына төленетін сауықтыру жәрдемақысы және жұмыс берушінің жұмыскерлердің бюджеттеріне салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;
2) негізгі қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдері;
3) экологиялық қасірет және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін негізгі қызметкерлерге төленетін қосымша ақылар;
4) киім, жұмсақ инвентарь сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
5) дәрілік формулярларға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік заттар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алу;
6) азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
7) көлік шығыстары.
9. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар санына байланысты емес тек қана бюджет есебінен қамтылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру мыналарға:
1) еңбекақыны төлеуге, жұмыс берушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдері бойынша жарналарына;
2) әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің өтемақы төлемдеріне;
3) міндетті сақтандыруға;
4) үй-жайларды жалдауға жұмсалатын шығыстарға;
5) коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге;
6) байланыс қызметтеріне ақы төлеуге;
7) басқа да қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге (ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды күтіп ұстау, коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесін, көлік және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметтері, қызметкерлерді медициналық тексеру, қоқыс шығару, курьерлік қызметтер, банк қызметтеріне ақы төлеу және заңгерлік қызметтер);
8) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің қызметін қамтамасыз етуге қажетті, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету процесінде қолданылмайтын тауарларды, соның ішінде құрылыс материалдарын, ғылыми зерттеулерге және басқа да мақсаттарға арналған материалдар, шаруашылық материалдарын және кеңсе керек-жарақтарын, қосалқы бөліктерді, басқа да запастарды сатып алуға арналған қаражатты қамтиды.
10. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілерге төлемдер, тек қана бюджет есебінен қамтылатындарды қоспағанда, көрсетілгеи арнаулы әлеуметтік қызметтердің іс жүзіндегі көлеміне байланысты жүргізіледі.
4-тарау. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізу тәртібі
11. Мониторинг келесілерге қатысты жүргізіледі:
тек қана бюджет есебінен қамтылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері жарты жылда бір рет;
тек қана бюджет есебінен қамтылатындарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге шартқа сәйкес жергілікті атқарушы оргындар жүргізеді.
12. Мониторинг жүргізу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қамтылған деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың саны туралы;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін негізгі қызметкерлердің саны туралы;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін бөлінген және игерілген жергілікті бюджет қаражатының көлемі туралы;
4) субъектілер көрсеткен арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері туралы.
13. Мониторинг нәтижелері Комитет жартыжылдықта бір рет қалыптастыратын қорытынды талдамалық есептерде көрсетіледі (бірінші жартыжылдықта – ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей, екінші жартыжылдықта – есепті жылдан кейінгі 15 қаңтарға дейін).
14. Қорытынды талдамалық есеп еркін нысанда жасалады және есепті жартыжылдықтан кейінгі 20-шы күні халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган басшылығының назарына жеткізіледі.
15. Мониторинг нәтижелерін Комитет және оның аумақтық бөлімшелері арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалауды жүргізу мақсатында пайдаланады.
16. Мониторинг нәтижелерінің ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қорытынды талдамалық есептерді Комитет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарты жылда бір рет (бірінші жартыжылдықта – қолданыстағы жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, екінші жартыжылдықта – есепті жылдан кейінгі 25 қаңтарға дейін) орналастырады.