Бұйрық № 717 от 2023-06-29г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.
Документ на казахском языке
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32930 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және 120-3 бабының 1-тармағының екінші бөлігін және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Осы Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) оларды пайдаланушыларға ұсыну мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін және көлемін, мерзімділігін, мерзімдерін белгілейді.
2. Республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жартыжылдық, жылдық есептіліктерін осы Қағидаларда белгіленген көлемде жасайды.»;
«7. Әкімшілік деректердің нысандарына титулдық парақтың атаулы бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады:
нысан бекітілген бұйрықтың, күні мен нөмірі;
нысан атауы;
есептік кезең;
«Индексте» қаржылық есептілік (бұдан әрі - ҚЕ) нысаны (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);
«Мерзімділігі» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Бюджеттің түрі» – мемлекеттік мекеме қандай бюджеттен қаржыландырылады, бюджеттің түрі көрсетіледі;
«Өлшем бiрлiгi» – мың теңге.
Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен кодын көрсете отырып, ұсынады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық қаржылық есептілікті жасайды және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.»;
«9. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгілеген және олар қаржылық есептілікті беру күніне дейін мемлекеттік мекемелерге жеткізген мерзімдерде ұсынады.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары қаржылық есептілікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар белгілеген және олар қаржылық есептілікті ұсынған күнге дейін мемлекеттік мекемелерге жеткізген мерзімдерде ұсынады.
Қаржылық есептілік қағаз тасығышта кітапша түрінде беттері нөмірленіп, мазмұны көрсетіліп және электрондық түрде нысандардың толық көлемінде ұсынылады.
Олар үшін қаржылық есептілікті ұсыну күні болып почта кәсіпорнының штемпелінде немесе фельдъегерлік қызмет, бiрақ бюджеттік есептiлiктi ұсыну күнiне дейiн 5 күнтізбелік күннен кешiктiрмей көрсетілген оны жіберген күн есептелетін басқа тұрғылықты мекендерде орналасқан мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме үшін қаржылық есептілікті ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне қарай табыс еткен күн болып есептеледі.
Есептiлiктi ұсыну үшін белгіленген мерзім демалыс күнге (жұмыс емес күнге) сәйкес келген жағдайда, қаржылық есептілік одан кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады.
Мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жылдық қаржылық есептілігін (пысықталған жылдық қаржылық есептілігін) қабылдағаннан кейін, оны «Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7375 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 636 бұйрық) бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімін, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесінде айқындалған тәртіппен және мерзімде мемлекеттік мүлік тізіліміне жібереді.
Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар жылдық қаржылық есептілікті (пысықталған жылдық қаржылық есептілікті) қабылдағаннан кейін оны № 636 бұйрықта айқындалған тәртіппен және мерзімде мемлекеттік мүлік тізіліміне жібереді.
10. Мемлекеттік мекемелер мен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары ұсынатын жартыжылдық, жылдық қаржылық есептіліктің көлемі:
1) ҚЕ-1-нысан – бухгалтерлік баланс;
2) ҚЕ-2-нысан – қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп;
3) ҚЕ-3-нысан – қаржыландыру көздері бойынша (тікелей әдіс) мемлекеттік мекемлердің шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп;
4) ҚЕ-4-нысан – таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп;
5) ҚЕ-5-нысан – қаржылық есептілікке түсіндірме жазба;
6) ҚЕ-6-нысан – қайта ұйымдастыру кезіндегі бухгалтерлік баланс.»;
«21. Ағымдағы есепке алу шоттарын жабу мынадай тәртіппен жүргізіледі: есепті жылдың аяғында:
«6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотының дебетіне 1081 «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1082 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1083 «Өзге де бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1088 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1091 «Жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1092 «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шоттарының кредитінен бұдан бұрын ағымдағы қызметті қаржыландырудан түсетін кірістер, трансферттер бойынша кірістер, күрделі салымдар, субсидиялар бойынша кірістер ретінде танылған қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар шоттары, 1096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» бойынша қалдықтар есептен шығарылады;
5012 «Күрделі салымдарды сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен қаржыландыру» есепті жылы бөлінген қосалқы шотының дебетіне 1087 «Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредитінен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар есептен шығарылады;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының дебетіне 6090 «Бюджет қаражатының қалдықтарын қайтару» шотының кредитінен қаржыландыруды қайтару шотын жабу жүргізіледі;
есепті кезеңнің аяғында:
1320 «Аяқталмаған өндіріс» шотының дебетіне аз көлемде өнім шығаратын қосалқы ауыл шаруашылық және өндірістік (оқу) шеберханалары бойынша бұрын 8010 «Өндіріске және өзге мақсаттарға арналған шығындар» шотында есепке алынған өнімнің аяқталмаған бірліктеріне жатқызылатын шығындар сомасы көшіріледі. Келесі есепті кезеңнің басында бұл шығындар кері тізбекпен: 8010 «Өндіріске және өзге мақсаттарға арналған шығындар» шотының дебетіне 1320 «Аяқталмаған өндіріс» шотының кредитінен қалпына келтіріледі;
1330 «Дайын өнім» шотының дебетіне аз көлемде өнім шығаратын қосалқы ауыл шаруашылық және өндірістік (оқу) шеберханалары бойынша бұдан бұрын 8010 «Өндіріске және өзге мақсаттарға арналған шығындар» шотында есепке алынған аяқталған өнімдерге қатысты шығындар сомасы көшіріледі;
Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға берілмеген құрылыс және реконструкциялау объектілері бойынша шығындар 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шотында бухгалтерлік баланста қалады;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шоттарының дебетіне:
7010 «Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар», 7020 «Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар», 7030 «Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар», 7040 «Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар», 7050 «Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар», 7060 «Қорлар бойынша шығыстар», 7070 «Іссапарларға арналған шығыстар», 7080 «Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар», 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар», 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар», 7120 «Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар», 7130 «Жал бойынша шығыстар», 7140 «Өзге операциялық шығыстар», 7150 «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған шығыстар», 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар», 7220 «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар», 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар», 7240 «Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар», 7250 «Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттері бойынша шығыстар», 7260 «Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар», 7270 «Басқа да трансферттер бойынша шығыстар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар», 7320 «Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар», 7330 «Мемлекеттік-женкешелік әріптестік бойынша шығыстар», 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар», 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар», 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар», 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар», 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар», 7460 «Өзге шығыстар», 7470 «Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ-лары бойынша шығыстар», 7480 «Бағалы қағаздарды орналастырудан шығыстар», 7490 «Қорлардың шығыстары» шоттарының кредитінен есептен шығарылады;
5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шотының кредитіне:
6010 «Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер», 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер», 6030 «Трансферттер бойынша кірістер», 6040 «Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер», 6050 «Қайырымдылық көмектен алынатын кірістер», 6060 «Гранттар бойынша кірістер», 6070 «Қарыздардың түсімдерінен түсетін кірістер», 6080 «Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер», 6110 «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынатын кірістер», 6210 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер», 6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер», 6320 «Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер», 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер», 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер», 6350 «Залалдарды өтеуден алынатын кірістер», 6360 «Өзге кірістер», 6370 «Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерден алынатын кірістер», 6371 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсімдерден түсетін кірістер», 6372 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына түсімдерден түсетін кірістер», 6380 «Бағалы қағаздарды орналастырудан түсетін кірістер»;
есепті жылдың аяғында 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі», 5240 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдыңғы жылдардың қаржылық нәтижесі» шоттарының кредитіне 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі», 5230 «Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі» шоттарының дебеттерінен мемлекеттік мекеменің қаржылық қызметінің оң нәтижесі жазылады;
Комментарий успешно добавлен