Toggle Dropdown
2
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымда № 32951 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 22.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйырық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Әділет министрі А. Ескараев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 428 Бұйрықпен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптар
Toggle Dropdown
1. Туу туралы куәлік бланкісінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген.
Toggle Dropdown
2. Туу туралы куәлік бланкісі қазақтың оюлары, өрнектері қолданылып жасалған (ауданның кемінде 30 %) жиекті рамкадан және тангир тордан тұрады.
Toggle Dropdown
3. Міндетті қорғаныш элементі ретінде биіктігі 250 микрометрден аспайтын микрошрифт, сондай-ақ гильошир элементтер пайдаланылады. Графикалық элементтерде сызықтықтан (штрихтік) басқа растрлық құрылымдар болмайды.
Toggle Dropdown
4. Туу туралы куәлік бланкісі түпнұсқа сутамғы белгісі, арнайы қорғаныш дақтары бар, ақтығы 94-96 %, құрамында мақта немесе зығыр талшығының мөлшері жоғары қағазда жасалады, тығыздығы - 100-120 г/м2. Мөрде кем дегенде төрт бояу пайдаланылады. Бұл ретте температураның әсерінен өзінің түсі мен қанықтығын өзгертпейтін, түрлі түсті көшірмелеуге кедергі келтіретін пастельді қоспалары бар бояулар пайдаланылуы қажет.
Toggle Dropdown
5. Туу туралы куәлік бланкісінде қатты мұқаба және сыртында атауы жазылған бумвинилді қаптама болуы, сондай-ақ біржақты мөрі бар қосымша парақ болуы тиіс.
Toggle Dropdown
6. Туу туралы куәлік бланкісінде реттік нөмірі болады.