Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысы
Осы тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы « » . № қаулысымен бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысына сәйкес (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.03.2024 жылғы № 228 Қаулысына сәйкес (30.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Әлеуметтік кодексте айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
2-1) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – оператор) –интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысына сәйкес (өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент (бұдан әрі – агент) – Қазақстан Республикасындағы қызметін шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтін, ұстап қалатын (есепке жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысымен (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі – салық агенттері) жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) көздейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады.
Қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті Әлеуметтік кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көрсетілген интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдаланып жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде оператор қарастырылады.
4) өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар – Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген тұлғалар.
2-тармақ 4-тармақшапен толықтырылды ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында агент ретінде есепке алынуға тиіс.
4. Агенттер жұмыскерлерге төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2024 жылғы № 749 Қаулысымен (27.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 170 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32568 болып тіркелген) Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшыларының агенттері өз қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскердің кірісінен ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке жазады және БЖЗҚ-ға аударады.
Жеке практикамен айналысатын адамдар, Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер салық кезеңінің әрбір айы үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептейді және оларды БЖЗҚ-ға өз пайдасына аударады.
Шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына БЖЗҚ-ға аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан есептелуге және төленуге тиіс.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайларына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды Мемлекеттік корпорация міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) сәйкес жүзеге асырады.
Әлеуметтік кодекстің 248-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алынатын кірістің 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін қолма-қол ақшамен жарна салу арқылы банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төленуге тиіс.
Агенттер, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар тұлғалардың кірістерінен салымшының ай сайын БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті зейнетақы жарналарын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш бойынша есептейді және ұстап қалады.
5. Заңды тұлға – агенттер ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, оның ішінде қате төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде заңнамада белгіленген тәртіппен сақтайды.
Заңды тұлға – агент таратылған кезде міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстап қалу және аудару туралы құжаттар агенттің орналасқан жеріндегі мемлекеттік архивке беріледі.
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) тәртібі мен мерзімдері
6. БЖЗҚ-ға төленетін міндетті зейнетақы жарналары осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабының 4-тармағында және 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне Әлеуметтік кодекстің 249-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.09.2024 жылғы № 749 Қаулысымен (27.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысымен (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ең жоғары жиынтық жылдық кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Мыналар міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері болып табылады:
1) заңды тұлғалар үшін – жалдамалы жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар жасалған жеке тұлғалардың, ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайтын ай сайынғы кірісі;
2) жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – жалдамалы жұмыскердің және ақы төленетін өзге жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген) тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінен аспайтын ай сайынғы кірісі;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар, Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер үшін алынатын табысы.
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысымен (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін Әлеуметтік кодекстің 101-1-бабында көрсетілген жеке практикамен айналысатын адамдар, жеке тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерлер шегінде өздері айқындайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын табыстан аспайтын сома олар үшін алынатын табыс болып табылады.
Кірісі болмаған жағдайда жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер БЖЗҚ-ға өзінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен 10 пайыз есебінен төлеуге құқылы;
4) Мемлекеттік корпорация үшін – еңбекке қабілеттіліктен айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырып алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысына сәйкес (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін:
дипломатиялық қызмет қызметкерлері – белгіленген ақшалай төлемдермен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес бөлу негізінде айлықақының 100 пайыз мөлшері;
дипломатиялық қызмет жұмыскерлері – Министрліктің дипломатиялық қызмет персоналына теңестірілген лауазымы бойынша белгіленген ақшалай төлемдермен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес бөлу негізінде айлықақының 100 пайыз мөлшері;
6) сақтандыру ұйымы үшін – жалақысынан (кірісінен) айырылуына байланысты залалды өтеу ретіндегі сақтандыру төлемі;
7) салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар үшін – жұмыстарды орындауды (қызметтер көрсетуді) көздейтін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған кірісі;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 945 Қаулысына сәйкес (16.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Салық кодексінің 94-тарауында көрсетілген бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі міндетті зейнетақы жарналарының үлесі:
9-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2025 жылғы № 939 Қаулысымен (18.08.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 50,0 пайызды;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 46,5 пайызды;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 42,0 пайызды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 40,3 пайызды;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 38,8 пайызды;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |