• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 тамыздағы № 652 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысы.
2. «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 105 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 909 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.