Bestprofi Logo

Бұйрық № 845 от 2023-08-10г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

«Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 845 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 тамызда № 33269 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

1. «Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27339 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларында:

6-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«ведомство – республикалық және жергілікті (облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттері берешегінің жай-күйі туралы жиынтық қаржылық есептiлiгі) бюджеттер берешегінің жай-күйі туралы қаржылық есептiлiкті және өзге қаражат есебінен пайда болған берешектің жай-күйі туралы қаржылық есептілікті мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне тиісінше – 25 тамыздан кешіктірмей, есепті қаржы жылы үшін – есепті қаржы жылынан кейінгі 25 ақпанға дейін ұсынады.»;

«12. Берешектің жай-күйі туралы жылдық және жартыжылдық қаржылық есептілікте берешектің пайда болу себептері туралы ақпарат берешек пайда болған бухгалтерлік есеп шотының нөмірін көрсете отырып қалыптастырылады.

31 наурыздағы және 30 қыркүйектегі есептерде шот нөмірлері көрсетілмейді.»;

«18. ҚЕ-1-ДБ-Б нысаны мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

2, 3, 4 және 5-бағандарда функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама және ерекшелік толтырылады;

6-бағанда берешек қалыптасқан бухгалтерлік есеп шотының нөмірі көрсетіледі;

7-бағанда 1, 2, 3, 4 және 5-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

8-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

9-бағанда ағымдағы жылдың басында жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. Қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, 9-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермейді;

10-бағанда Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес ағымдағы қаржы жылында тиісті бюджеттің кірісіне аударылған өткен жылдардың дебиторлық берешегінің сомасы көрсетіледі;

11-бағанда ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен өтелген, сондай-ақ есептен шығарылған, оның ішінде сот шешімі бойынша өткен жылдардағы дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

12-бағанда бір берешек шотынан (-) екінші берешек шотына (+) ауыстырылған дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

13-бағанда өткен жылдардың дебиторлық берешегінің оның бір бөлігі ағымдағы қаржы жылында өтелгеннен кейінгі қалдығы көрсетіледі;

14-бағанда ағымдағы қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;

15-бағанда есепті күнге қалыптасқан жалпы дебиторлық берешек (13 және 14-бағандардың сомасы) көрсетіледі;

16-бағанда бюджет қаражаты есебінен тауарлар мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға өнім берушілермен және мердігерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес аванстық төлемдердің (алдын ала төлеудің) сомасы көрсетіледі;

17-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарына ағымдағы жылғы берешек сомасының пайыздық қатынасы көрсетіледі;

18-бағанда талап қою мерзімі өткен дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі. Көрсетілген берешек активтерді, есеп айырысуларды және мемлекеттік мекеме балансының басқа да баптарын түгендеу жүргізілгеннен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен түгендеу актісі жасалғаннан кейін есепке енгізіледі. 16-бағанда көрсетілген дебиторлық берешек сомасы 15-бағанда көрсетілген дебиторлық берешек сомасына қосылады.

19. ҚЕ-1-ДБ-Ө нысаны мынадай түрде толтырылады:

1, 2, 3, 4 және 5-бағандарда тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау есебінен пайда болған берешекті көрсету үшін ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстарының сыныптамасына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышына (бұдан әрі – Ақылы қызметтер сыныптауышына) сәйкес шығыстардың кодтары көрсетіледі;

филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түскен ақшаны жұмсау есебінен пайда болған берешекті көрсетуге арналған 901 «Филантропиялық қызмет және (немесе) демеушілік қызмет және (немесе) меценаттық қызмет және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызмет есебінен шығыстарға алынған ақша» коды;

жетіспеушілік және талан-таражға салу салдарынан, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен пайда болған берешекті көрсетуге арналған 902 «Жетіспеушіліктер» коды;

басқа да қаражат (консулдық алымдар, қызметкерлер алған несиелер, сотталғандардың жалақысы және басқалар) есебінен пайда болған берешекті көрсетуге арналған 903 «Өзгелері» коды;

6-бағанда берешек пайда болған бухгалтерлік есеп шотының нөмірі көрсетіледі;

7-бағанда 1, 2, 3, 4 және 5-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін атаулар көрсетіледі;

8-бағанда ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша өткен жылдардың дебиторлық берешегі көрсетіледі. Қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, 8-бағанда көрсетілетін дебиторлық берешектің сомасы ағымдағы қаржы жылының ішінде өзгермейді;

9-бағанда Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес ағымдағы қаржы жылында тиісті бюджеттің кірісіне аударылған өткен жылдардың дебиторлық берешегінің сомасы көрсетіледі;

10-бағанда ағымдағы жылы алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) есебінен өтелген, сондай-ақ есептен шығарылған, оның ішінде сот шешімі бойынша өткен жылдардағы дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

11-бағанда бір берешек шотынан (-) екінші берешек шотына (+) ауыстырылған дебиторлық берешек сомасы көрсетіледі;

12-бағанда өткен жылдардың дебиторлық берешегінің оның бір бөлігі ағымдағы қаржы жылында өтелгеннен кейінгі қалдығы көрсетіледі;

13-бағанда ағымдағы қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі;

14-бағанда есепті күнге қалыптасқан дебиторлық берешектің жалпы сомасы көрсетіледі (12 және 13-бағандардың сомасы);

15-бағанда тауарлар мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға өнім берушілермен және мердігерлермен жасалған шарттардың талаптарына сәйкес аванстық төлемдердің (алдын ала төлеудің) сомасы көрсетіледі;

16-бағанда талап қою мерзімі өткен дебиторлық берешектің сомасы көрсетіледі. Көрсетілген берешек мемлекеттік мекеменің активтеріне, есеп айырысуларына және балансының басқа да баптарына түгендеу жүргізілгеннен және түгендеу актісі жасалғаннан кейін есепке енгізіледі.»;

«23. ҚЕ-2-КБ-Б нысаны мынадай түрде толтырылады:

1-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды көрсетіледі;

2, 3, 4 және 5-бағандарда функционалдық топ, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік толтырылады;

6-бағанда берешек пайда болған бухгалтерлік есеп шотының нөмірі көрсетіледі;

7-бағанда 1, 2, 3, 4 және 5-бағандардағы кодтарға сәйкес келетін ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес бюджет шығыстары кодтарының атауы көрсетіледі;

8-бағанда ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспары көрсетіледі;

9-бағанда ағымдағы жылдың басында жағдай бойынша өткен жылдардың кредиторлық берешегі көрсетіледі. 9-бағанда көрсетілетін кредиторлық берешек сомасы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы ішінде өзгермейді;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание