• Мое избранное
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 16 тамыздағы № 303 және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 тамызда № 33322 болып тіркелді

Редакция 18.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және әділет вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы __________А. Муканова
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы __________Е. Тасжуреков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 21 тамыздағы № 602 мен
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің міндетін
атқарушы 2023 жылғы 16 тамыздағы
№ 303 бірлескен бұйрығымен
бекітілген
«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары  
I. Жалпы ережелер
1. Осы «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-8) тармақшасына және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-1-бабы 4-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 жылғы № 78 және ҚР Әділет министрінің 01.03.2024 жылғы № 190 Бірлескен бұйрығына сәйкес (16.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.03.2024 жылдан бастап)
2) «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізілуі Кодексте және Заңда айқындалатын,жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
3) жария кадастрлық карта – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
4) ЖМБМК АЖ әкімшісі – Оператордың ЖМБМК АЖ пайдаланушыларын сүйемелдеуге және қолдауға жауапты қызметкері;
5) ЖМБМК АЖ өңірлік әкімшісі – Оператордың өңірлік филиалының ЖМБМК АЖ пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсететін маманы;
6) құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
7) мемлекеттік жер кадастры – Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, өлшемдері мен шекаралары, олардың сапалық сипаттамасы, жер пайдалануды есепке алу және жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтер, өзге де қажетті мәліметтер жүйесі. Мемлекеттік жер кадастрына сондай-ақ, жер учаскелеріне құқықтар субъектілері туралы ақпарат та енгізіледі;
8) мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесі – мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған, жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе.
9) мекенжайдың тіркеу коды (МТК) – «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесімен бірігетін жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды;
10) оператор – ЖМБМК АЖ-ны сүйемелдеуді және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ұйым;
11) пайдаланушы – нақты функцияларды орындау үшін ЖМБМК АЖ-ны пайдаланатын адам;
12) сұраным – пайдаланушының ЖМБМК АЖ қызмет көрсету қажеттілігіне тіркелген жолданым;
13) іркіліс – пайдалану мүмкіндігін болдырмауға әкелетін ЖМБМК АЖ-ның жоспардан тыс уақытша істен шығуы;
14) «Service Desk» автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – SD АЖ) – ЖМБМК АЖ функционалы бойынша сұранымдарды тіркеуге арналған портал;
3. ЖМБМК АЖ міндеттері:
1) жылжымайтын мүлік объектілері бойынша қажетті мәліметтер жиынтығынан тұратын және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде деректер легін жүйелі басқаруды қамтамасыз ететін жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтардың бірыңғай тізілімін құру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік тізілімдерде қамтылған, жылжымайтын мүлікке арналған деректерді біріктіру;
3) жер учаскелерінің, ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың кеңістіктік деректерін есепке алуды енгізу;
4) жер ресурстарын қоспағанда, жер учаскелерінің кеңістіктік деректерінің сапасы мен ашықтығын арттыру;
5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ету;
6) жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды электрондық түрде жүргізу және басқару;
7) жылжымайтын мүлікке жобалық және техникалық құжаттарды (жобалау-сметалық құжаттама, жер-кадастрлық жұмыстар және техникалық тексеру нәтижелері бойынша әзірленетін жоспарлар) электрондық түрде жүргізу және басқару;
8) графикалық құралмен жер учаскелерінің векторлық деректерін жүргізу және кері байланыс форматында жария кадастрлық карта сервисі арқылы деректерді мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен базаларына беру.
2. Ақпараттық жүйені жүргізу тәртібі
4. Жер қатынастары және жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) тіркеу саласындағы ЖМБМК АЖ-дағы автоматтандырылған процестер:
1) есепке алу объектілері туралы атрибуттық (сәйкестендіру сипаттамаларын және құқық иеленушілер туралы мәліметтерді) және кеңістіктік деректерді (позициялау координаттарын, полигондардың бұрылу нүктелерінің координаттарын) қалыптастыру/өзгерту үшін негіздерді қамтитын электрондық кадастрлық істерді қалыптастыру, жүргізу және жабу;
2) қағаз форматтағы мұрағат істерін цифрландыру, электрондық мұрағатты жүргізу және толтыру;
3) жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізу және жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізуге жергілікті жерге бару үшін ресурстарды жоспарлау және тағайындау, жергілікті жерде шекараларды белгілеу, жерлер мониторингін жүзеге асыру;
4) мобильді қосымша арқылы жер-кадастрлық жұмыстарды және жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық тексеруді жүргізу, далалық журналдарды жүргізу;
5) жерге орналастыру, жер-кадастрлық жұмыстардың және техникалық зерттеп-қараудың нәтижелері негізінде кеңістіктік жобалау құралдарын пайдалана отырып, жер учаскелерін беру, жер учаскелерін біріктіру және бөлу шеңберінде жер-кадастрлық жоспарларды, кадастрлық паспорттарды, жерге орналастыру жобаларын әзірлеу бойынша камералдық жұмыстарды жүргізу;
6) салық салу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін бағалауды жүзеге асыру;
7) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер учаскелерiн беру бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер шеңберiнде уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын бергенi үшiн төлемақыны есептеу үшiн қажеттi жер учаскелерiн кадастрлық бағалауды жүзеге асыру;
8) жер учаскесін алдын ала таңдауды жүзеге асыру, жер учаскелерін беру бойынша мемлекеттік көрсетiлетiн қызметтер шеңберінде электрондық форматта жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды (жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) шешімдерін) есепке алу;
9) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеу, құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу туралы хабарламаларды қалыптастыру;