• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ 20 МАУСЫМЫНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА З.Ғ.Д., ПРОФЕССОР А.А. АМАНГЕЛЬДІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯСЫНАН НЕ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ 2018 ЖЫЛДЫҢ 20 МАУСЫМЫНДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК АЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫНДА З.Ғ.Д., ПРОФЕССОР А.А. АМАНГЕЛЬДІНІҢ ДИССЕРТАЦИЯСЫНАН НЕ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ Опубликовано вВестнике Института законодательства и правовой информации РК. № 4. 2022. С. 85-93.

ӘОЖ 347.1; 347.4
Аннотация .Тақырыптың өзектілігі зияткерлік меншік асяындағы қатынастарды реттейтін  Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістермен байланысты. Мақалада автормен жүргізілген диссертациялық зерттеуіндегі кейбір ғылыми ережелер талданған. Атап айтқанда, «табыстау», «беру», «оқшаулау» сияқты ұғымдардың мазмұны ашылған, өйткені әрбір құқықтық қатынастар аясына өзінің ұғымдық аппараты тән.  Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды табыстауда және беруде (оқшаулауда) делдал келісім-шарттардың ерекшелігі қарастырылады. Мақалада зияткерлік меншік құқығы объектілерінің оларға құқықтардың, атап айтқанда айрықша (мүліктік) құқықтардың мазмұнының ерекшелігімен өзара байланысы бөліп қарастырылыған.   
  Мақалада зияткерлік меншік аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасының даму бағыттары талданған. Атап айтқанда, тәжірибеде азаматтық айналымға қатысушыларды дараландыру құралдары ретінде домендік атаулардың пайда болуы мен қолданылуы, сондай-ақ ғылым мен техниканың дамуына байланысты интегралдық наносхемалар топологиялары сияқты объектілердің пайда болуы.   
  Мақалада зияткерлік меншік аясындағы Ресейдің жетекші ғалымдарының көзқарастары қарастырылған, атап айтқанда з.ғ.д., профессор Э.П. Гавриловтың, ол жоғарыда аталған аядағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамасының артықшылықтарын талдады және оның әрі қарай даму мүмкіндігін ашты. 
  Мақалада зияткерлік меншік аясындағы қатынастарды реттейтін ҚР заңнамасындағы қарама-қайшылықтар көрсетілді, оларды аталған аядағы қатынастарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңнамалық актілерді жасаушылар б ұ рын да ,   осы жолы да  ескермеген. Сондықтан мақалада Қазақстан Республикасының заңнамасында бүгінгі күні орын алған кемшіліктер егжей-тегжей талданды, олар автордың пікірінше жойылуы тиіс, өйткені олар зияткерлік меншік аясындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріне коллизия (қарама-қайшылық) енгізеді. 
  Түйін  сөздер:  Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы, табыстау, беру, оқшаулау, айрықша құқықтар, домендік атау, интегралдық наносхемалар топологиялары 
ЧТО ИЗ ДИССЕРТАЦИИ Д.Ю.Н. ПРОФЕССОРА АМАНГЕЛЬДЫ А.А. РЕАЛИЗОВАНО В ДЕЙСТВУЮЩЕМ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВЕ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН В СФЕРЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ СОБСТВЕННОСТИ ОТ 20 ИЮНЯ 2018 ГОДА
  Аннотация.  Актуальность темы обусловлена изменениями в законодательстве Республики Казахстан, регулирующем отношения в сфере интеллектуальной собственности. В статье проанализированы некоторые научные положения проведенного диссертационного исследования автора. В частности, раскрывается содержание таких понятий как «предоставление», «передача», «отчуждение», так как каждой сфере правоотношений характерен свой понятийный аппарат. Рассматривается специфика договоров, опосредующих предоставление и передачу (отчуждение) исключительных прав на объекты интеллектуальной собственности.  В статье подчеркивается взаимосвязь объектов права интеллектуальной собственности со спецификой содержания прав на них, в частности, исключительных (имущественных) прав.   
  В статье проанализированы направления развития законодательства Республики Казахстан, регулирующего отношения в сфере интеллектуальной собственности. В частности, появление и использование на практике доменных имен в качестве средств индивидуализации участников гражданского оборота, также в связи с развитием науки и техники возникновение таких объектов как топологии интегральных наносхем.   
  В статье рассмотрены точки зрения ведущих ученых России в сфере интеллектуальной собственности, в частности ,  д.ю.н., профессора Э.П. Гаврилова, который проанализировал преимущества законодательства РК, регулирующего отношения в вышеуказанной сфере и раскрыл возможности дальнейшего развития. 
  В статье указано также на противоречия в законодательстве РК, регулирующего отношения в сфере интеллектуальной собственности, которые не учел и не учитывает разработчик законодательных актов, которые вносят изменения и дополнения в указанной сфере отношений. Поэтому в статье подробно проанализированы недостатки, присутствующие на сегодняшний день в законодательстве Республики Казахстан, которые должны быть устранены на взгляд автора, так как они вносят коллизии (противоречия) в нормативных актах Республики Казахстан, регулирующих отношения в сфере интеллектуальной собственности. 
  Ключевые слова:  право интеллектуальной собственности Республики Казахстан, предоставление, передача, отчуждение, исключительные права, доменные имена, топологии интегральных наносхем. 
 WHAT FROM THE THESIS OF DOCTOR OF LAW, PROFESSOR AMANGELDY A.A. IMPLEMENTED IN THE CURRENT LEGISLATION OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN IN THE SPHERE OF INTELLECTUAL PROPERTY OF JUNE 20, 2018
  Abstract.  The relevance of the topic is due to changes in the legislation of the Republic of Kazakhstan, which regulates relations in the field of intellectual property. The article analyzes some of the scientific provisions of the author's dissertation research. In particular, the content of such concepts as "granting", "transfer", "alienation" is revealed, since each sphere of legal relations is characterized by its own conceptual apparatus. The specifics of contracts mediating the granting and transfer (alienation) of exclusive rights to objects of intellectual property are considered. The article emphasizes the relationship of objects of intellectual property rights with the specifics of the content of rights to them, in particular, exclusive (property) rights. 
  The article analyzes the directions of development of the legislation of the Republic of Kazakhstan, regulating relations in the field of intellectual property. In particular, the emergence and use in practice of domain names as a means of individualization of participants in civil circulation, also in connection with the development of science and technology, the emergence of such objects as the topology of integrated nanocircuits. 
  The article considers the points of view of leading Russian scientists in the field of intellectual property, in particular, Doctor of Law, Professor E.P. Gavrilov, who analyzed the advantages of the legislation of the Republic of Kazakhstan regulating relations in the above area and revealed the possibilities for further development. 
  The article also points to contradictions in the legislation of the Republic of Kazakhstan, which regulates relations in the field of intellectual property, which the developer of legislative acts that introduce changes and additions in this area of ​​relations has not taken into account and does not take into account. Therefore, the article analyzes in detail the shortcomings that are currently present in the legislation of the Republic of Kazakhstan, which should be eliminated in the opinion of the author, since they introduce conflicts (contradictions) in the normative acts of the Republic of Kazakhstan that regulate relations in the field of intellectual property. 
  Key words:  intellectual property law of the Republic of Kazakhstan, provision, transfer, alienation, exclusive rights, domain names, topologies of integrated nanocircuits. 
  Кіріспе
  Бұл мақала з.ғ.д., профессор А.А. Амангельдінің Қазақстан Республикасының (әрі қарай ҚР) заңнамасында өзінің орнын алған диссертациялық зерттеуінің ғылыми нәтижелеріне арналған.  
  Пайымдауымызша, әрбір ғалым-құқықтанушы өзінің зерттеуін жүргізе отырып, оның ғылыми нәтижелері өзінің елінің қолданыстағы заңнамасына енгізілгендігін мақсат етеді. А.А. Амангельдінің [1] Ресей Федерациясы (әрі қарай РФ) Москва қаласында 2015 жылдың 13 қарашасында қорғалған «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік құқығы» атаулы диссертациясының кейбір ғылыми тұжырымдамалары 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында0   (әрі қарай 2018 жылғы 20 маусымдағы ҚР Заңы) жүзеге асқандығы қуантарлық жағдай.
  Әдістер мен материалдар
  Мақала диалектикалық, формальды-логикалық, жүйелік, салыстырмалы-құқықтық, заңи-техникалық сияқты ғылыми танымның жалпы және жеке зерттеу әдістерін пайдалана отырып дайындалған.
  Нәтижелер мен талдаулар
  Жоғарыда аталған диссертацияның ғылыми ережелеріне талдау жүргіземіз.
  Атап айтқанда жоғарыда аталған Заңда 8 номерлі қорғауға ұсынылған ғылыми ереже орын алды, онда билік ету, табыстау, оқшаулау сияқты ұғымдарды енгізу қажеттілігі.
  Зияткерлік меншік аясындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы ұғымдық аппаратты пайдаланудағы терминологиядағы және анықтамалардағы дәлсіздіктерге жол бермеу үшін келесідей ұғымдарды  нақтылауды ұсынамыз: «билік ету», «табыстау», «оқшаулау».
  Біздің ойымызша, айрықша құқықтарға билік ету – бұл айрықша құқықтардың заңи тағдырын екі нысанда анықтау мүмкіндігі:
  - айрықша құқықтарды табыстау айрықша құқықтарды құқық иеленушіден пайдаланушыға толық немесе ішінара беруді білдіреді. Бұл жерде құқық иеленушінің алмасуы орын алмайды;  
  - айрықша құқықтарды оқшаулау (беру) айрықша құқықтарды қайтарымсыз беруді білдіреді, бұл жерде егер оқшаулау толық жүргізілетін болса, онда құқық иеленуші үшін бұл айрықша құқықтарынан толық айырылуын білдіреді, ал егер ішінара болса, онда айрықша құқықтардың шеңберіне кіретін құзыреттің белгілі бір бөлігінен айырылады, ал қалған бөлігін құқық иеленуші өзінде қалдырады. Сонымен айрқыша құқықтардан оқшаулаған кезде құқық иеленуші алмасады [2, 12 б.].
  2018 жылғы 20 маусымдағы ҚР Заңын қабылдағанға дейін айрықша құқықтарды «табыстау» және «оқшаулау» ұғымдары реттелмеген болатын.  
  Сонымен айрықша құқықтарды оқшаулаған кезде құқық иеленуші алмасу орын алады. Атап айтқанда ҚР Азаматтық кодексінде айрықша құқықтарды табыстау және беру терминдері келесідей баптарға енгізілген болатын: «897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша зияткерлік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу»; «1000-бап. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру»; 1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау»; «1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру және тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау».
  1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңы келесідей мазмұндағы 11-1-бабымен толықтырылды:
  «11-1-бап. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру 
  1. Патент иеленушi өзіне тиесілі өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты өзгеге беру шарты бойынша басқа жеке немесе заңды тұлғаға беруге құқылы. 
  Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру туралы шарт осы айрықша құқықтың қолданылу мерзімі шегінде жазбаша нысанда жасалады. 
  2. Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беру тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелуге жатады. »0  .
  Патент заңының 14-бабын заңшығарушы келесідей мәтінде мазмұндады:
  «14-бап. Өнеркәсiптiк меншік объектiсiн пайдалануға құқықты табыстау 
  1. Патент иеленушi болып табылмайтын кез келген тұлға (лицензиат) қорғалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн патент иеленушiнiң (лицензиардың) рұқсатымен лицензиялық шарт, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты немесе лицензиармен жасалатын, лицензиялық шарттың талаптарын қамтитын өзге де шарт (лицензиялық шарт) негiзiнде пайдалануға құқылы. 
  2. Лицензиялық шартта лицензиардың лицензиатқа: 
  1) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн және басқа тұлғаларға лицензия (қарапайым, ерекше емес лицензия) беру құқығын сақтап; 
  2) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтап, бiрақ басқа тұлғаларға лицензия (жалғыз лицензия) беру құқығынсыз; 
  3) лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтамай және басқа тұлғаларға лицензия (ерекше лицензия) беру құқығынсыз өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану құқығын табыстау көзделуi мүмкiн. 
  Лицензиялық шартта пайдалану талаптары көрсетілмеген жағдайда, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқық қарапайым, ерекше емес лицензия талаптарымен табысталады. 
  Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асыруға құқылы. 
  Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі лицензиялық шартта айқындалады және тараптардың өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін. 
  Лицензиялық шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады. 
  Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданысын тоқтатуға алып келеді. 
  Лицензиат өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты лицензиялық шарттың талаптарын ескере отырып, қосалқы лицензиялық шарттың немесе кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шартының негізінде басқа тұлғаға (қосалқы лицензиатқа) беруге құқылы. Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың әрекеттерi үшiн лицензиат лицензиар алдында жауапты болады. 
  Өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқықты басқа тұлғаға беру лицензиялық шарттың тоқтатылуына алып келмейді. 
  3. Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстау туралы шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және тиісті мемлекеттік тізілімде тіркелуге жатады. »0  .
 Тауар таңбасы туралы ҚР заңнамасындағы өзгерістерді талдай отырып, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының («Тауар белгілері туралы» ҚР Заңының  - әрі қарай) 21-бабында келісім-шарттар бойынша ұғымдық апаратты нақтылауға және дәлдеуге дұрыс ұмтылыс жасалғандығына назар аудару қажет, дәлірек айтқанда:  
  1) тауар таңбасына айрықша құқықты беру құқықты беру келісім-шартын жасауды білдіреді;  
  2) тауар таңбасын пайдалануға құқықты табыстау – бұл кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім-шартын немесе өзге келісім-шартты жасау (лицензиялық келісім-шарт)0  .  
  Сондай-ақ «Тауар таңбасы туралы» ҚР Заңының  осы бабында беру келісім-шартын және лицензиялық келісім-шартты тіркеу процедурасы нақтыланған: Айрықша құқық беру немесе лицензиялық шарт осы шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады. Тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер өзгертілген:
  1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
  2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
  3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміндегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі0  .
  «Тауар белгілері туралы» ҚР Заңының 21-бабында тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуден бас тартуға негіздердің тізіміде ұлғайтылған және өзгертілген:
  1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
  2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
  3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
  4) тауар белгісіне айрықша құқыққа билік ету құқығын тіркеудің болмауы;
  5) тауар белгісіне құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыру;
  6) тарапта тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы0  .
  Сондай-ақ ҚР зияткерлік меншік туралы заңнамасына зияткерлік меншік аясындағы келісім-шарттардың жүйесін қалыптастыруды қарастыратын 9 номердегі қорғауға ұсынылатын ғылыми ереже енгізілген, оған сәйкес айрықша құқықтарды табыстау туралы келісім-шарттарға лицензиялық келісім-шарттар және франчайзинг келісім-шарты жатқызылған, ал айрықша құқықтарды оқшаулау туралы келісім-шарттарға зияткерлік меншіктің әртүрлі объектілеріне айрықша құқықтарды беру туралы келісім-шарттар жатқызылған [2, 12 б.].  
  Бұл да «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚРЗ 18, 20-1, 20-2-баптарына, «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚРЗ 8-бабына сәйкес өзгерістер енгізген 2018 жылғы 20 маусымдағы ҚР Заңында орын алды.  
  Сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы аясындағы қатынастарды жанама реттеуші келісім-шарттардың неден тұратындығын негіздейтін 10 номердегі қорғауға ұсынылатын ғылыми ережеде жүзеге асырылды, атап айтқанда еңбек келісім-шарты, ҒЗТК және ТЖ орындауға мердігерлік келісім-шарты, мүліктік құқықтарды кепілге беру келісім-шарты, неке келісім-шарты, мүліктік құқықтарды сеніммен басқару келісім-шарты, кәсіпорынды сату келісім-шарты, кәсіпорында жалға беру келісім-шарты, жекешелендіру келісім-шарты, сыйға тарту келісім-шарты, айырбастау келісім-шарты, құрылтай келісім-шарты, бірлескен қызмет туралы келісім-шарт [2, 13 б.].  
  Және атап айтқанда «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» ҚРЗ 18-бабының 1-тармағында, ҚР Патент заңының 14-бабының 1-тармағында, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 21-бабының 2-тармағында лицензиялық келісім-шарттың талаптары басқа да келісім-шарттарда қарастырылуы мүмкін деген ереже белгіленген.
  Өкінішке орай, 2018 жылғы 20 маусымдағы ҚР Заңын жасаушылармен кәзіргі кезде нормативтік-құқықтық актілерде әліде қолданын жалғастырып жатқан көптеген проблемалар ескерілмеген.  
  Зияткерлік меншік құқығының мәнін түсінуде, сондай-ақ лицензиялық келісім-шарттарға қатысты айрықша құқық ұғымын түсінуде ҚР заңнамасында қарама-қайшылықтар қалып отыр.
     Қазақстан Республикасының АК-нің 125-бабына сәйкес «зияткерлік меншік» ұғымы шығармашылық зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықпен байланысты құзыреттің бөлігі ретінде сипатталған, осы арқылы Қазақстан Республикасының АК-нің 125-бабы «зияткерлік меншік» ұғымы мен «айрықша құқық» ұғымның ұқсастығын бастау алады, бұл зияткерлік меншік объектілерінің тізімін, зияткерлік меншік объектілеріне жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарды белгілейтін Қазақстан Республикасының АК-нің 125 және 961, 963-баптарын бір-біріне қарама-қайшы  етті.  
  Қазақстан Республикасының АК-нің 963-бабы зияткерлік меншік объектілеріне жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарды белгілесе,  Қазақстан Республикасының АК-нің 964-бабы зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқық ретінде мүліктік құқықтарды түсінеді. Сондықтан  Қазақстан Республикасының АК-нің 125 және 961, 963-баптарын бір-біріне қарама-қайшы  екендігі анық және ол жойылуға жатады.  
  Осыған байланысты орын алған қарама-қайшылықты жою үшін заңнамалық тәртіпте келесідей мәтіндегі зияткерлік меншік ұғымын бекітуді ұсынамыз: «азаматтық құқық объектісі ретінде зияткерлік меншік жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтардың (айрықша құқықтардың) жиынтығын, сондай-ақ шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіге айналған нәтижелерін және оларға теңестірілген тауараларды, жұмыстарды және қызметті дараландыру құалдарын білдіреді» [2, 17 б.].
  Зияткерлік меншік құқығы ұғымында шатасушылықтар мен ұғымды ауыстыруға жол бермеу мақсатында «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан айрықша емес құқықтар ұғымын алып тастау қажеттілігі негізделген, өйткені  «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2-бабының 6)-тармағында қарастырылған айрықша емес құқық ұғымы тек  айрықша құқық институтының тұжырымдамалық негізіне ғана емес, сондай-ақ айрықша құқық ұғымын қарастыратын Қазақстан Республикасының АК-нің 964-бабынада қарама-қайшы болып табылады.  
  Құқық иеленушімен бір мезгілде айрықша құқықтарды қатар пайдалану айрықша емес құқықтар ұғымына емес, мұның орын алуы мүмкін емес, ол келісім-шарт бойынша пайдаланушылардың шектелген, сондай-ақ шектелмеген шеңберіне құқық иеленуші құқығында пайдалану құқығын (айрықша құқық) беруге негізделген. Авторлық құқық туралы Заңның 31-бабының 3-тармағында айрықша емес құқықтарды беру бойынша авторлық келісім-шарт туралы норманың орын алуы ҚР АК-нің 964-бабына ғана емес, сондай-ақ ҚР АК-нің 966-бабының 2-тармағының 1)-тармақшасына қайшы келеді [2, 17 б.].
  Зияткерлік меншік аясындағы Ресейдің белгілі ғалымы Э.П. Гаврилов ресми оппонент бола тұра, қорғауға ұсынылған ережелердің жаңа және бірегейлігін атап өтті [3, 30 б.]. Бұл жерде автор Ресей үшін Қазақстаннан не алуға болатындығын көрсетті: бұл зияткерлік меншік объектілерін және ашылмаған ақпаратты жіктеу, ол ғалымның пікірі бойынша Қазақстанда жасалғандай, тек азаматтық құқықпен ғана реттелуі тиіс [3, 30 б.].
  Диссертацияның кейбір ережелері сынға алынғандығы туралы да айта кету қажет.  
  Атап айтқанда домендік атау Ғаламтор жаһандық жүйеде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дараландыру құралы ролін орындайтын, азаматтық құқықтың объектісі болып табылатындығын, домендік атауға құқық айрықша құқық болып табылатындығын және тіркеу фактісіне қарай пайда болатындығын негіздейтін қорытынды.
  Домендік атау Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларымен бектілмеген, осыған байланысты домендік атауды Ғаламтор жаһандық жүйеде азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды және қызмет түрлерін дараландырудың дербес құралы болып табылатындығын мойындауды ұсынамыз. Домендік атау бірегей болуы тиіс және оларды сәйкестендіруге жол бермеуге ықпал етуі тиіс, электрондық ресурстар аясында ғана және тауар таңбасы немесе фирмалық атауға қарағанда кең мақсатта пайдалнылуы мүмкін. Ол ақпарат көзі ретінде қызмет етеді және тауар таңбасы сияқты тауарлар мен қызметтерді белгілеп қана қоймай, сондай-ақ фирмалық атау сияқты электрондық ресурстарды сәйкестендіру және адрестеуді қамтамасыз ету арқылы заңды тұлғаларды дараландырады, сонымен қатар жеке тұлғаларды да Ғаламторда дараландыруға қабілетті [2, 33б.].
  Домендік атауға айрықша құқық белгілі бір құзыреттердің жиынтығымен сипатталады, уақыттық шектерді иеленеді, алайда аумақтық шектерге иеленбейді, бұл жерде домендік атауды иеленуші оны өз бетімен кәсіпкерлік мақсатта, сондай-ақ жеке қажеттілігі үшін пайдалануға және билік етуге құқылы [2, 33б.].
  Домендік атауды тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дараландыру құралдарына заңи тәртіпте Қазақстан Республикасының АК-нің (Ерекше бөлімінің) 56-тарауына сәйкес ережелерді енгізу арқылы жатқызу қажет, өйткені бұл дараландыру құралдарымен ұқсас келетін кейбір жақтарымен расталады: 1) доменнің пайда болуы үшін де, сондай-ақ тауар белгілерінің пайда болуы үшін де тіркеу фактісі орын алуы қажет; 2) тауар белгісіне айрықша құқық уақытпен шектеледі, осыған ұқсас талаптар домендерге қатысты қолданылады, өйткені домендік атауды тіркеу үшін берілетін өтініште тіркеу кезеңі көрсетіледі, ал бұл бізге домендерді тіркеу үшін де уақыттық шектер орын алады деп санауға негіз береді.
  Бұл пікірмен з.ғ.д., профессор Э.П. Гаврилов келіскен жоқ, оның пікірінше, Қазақстанның (немесе Ресейді) ұлттық заңнамасына домендік атауларды құқықтық қорғауды енгізе отырып, оның қай аумақта қолданысы болатындығын алдын ала анықтап алу қажет. Құқықтық қорғау Ғаламторда өзінің қолданысын табады, ал Ғаламтор болса эксаумақтық болып табылады. Ғалым бұл үшін халықаралық келісім-шарттың қажет екендігін, онда Ғаламторда ұлттық аймақтарды бөліп көрсетуді және құқықтарды өзара тану қағидасын енгізуді алға тартады [2, 33 б.].
  Сонымен қатар з.ғ.д., профессор Э.П. Гаврилов  айрықша құқықтарды ұжымдық басқаруға қатысты менің пікірімен келіспей, қателік жасамауға шақырды! [2, 34 б.]
  Диссертацияда айрықша құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға қатысты келесідей жағдайларды тану ұсынылды: біріншіден, авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер атынан әрекет ететіндігін, сәйкесінше құқықтар мен міндеттер айрықша құқықтарды иеленушіде тікелей пайда болатындығын; екіншіден, ұйым тек қана заңи әрекеттер жасай алатындығын, бұл дегеніміз айрықша құқықтарды ұжымдық басқару келісім-шарттарында делдалдылық белгілері көрінеді.
  Э.П. Гавриловтың пікірінше, шын мәнінде айрықша құқықтарды ұжымдық басқару аясында айрықша құқықтар қолданысын тоқтатады. Тек айрықша құқық сырт көзге ғана көрінеді, ал іс жүзінде стандартты сыйақы алуға құқығы ғана қалады [2, 34 б.].
  2018 жылғы 20 маусымдағы ҚР Заңын жасаушылармен барлық ұсыныстардың ескерілмегендігі өкініш тудындатуда.
   Мысалы, 2001 жылдың 29 маусымындағы «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын кәзіргі заман талабына сәйкестендіру қажетті. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты интегралдық микросхемалар топологияларын жасау технологиясы ескірген болып табылады, ал интегралдық наносхемалар топологияларын жасау барабар құқықтық реттеу қажеттілігін туындатады.  
  Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық реттеудегі проблема оларды құқықтық қорғау мерзімі болып табылады. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құқықтық қорғау мерзімдерін орынды деп санауға болмайды, өйткені топологиялар тез ескіретін қасиетке ие. Сондай-ақ өзінің бірегейлігін жоғалтқан жағдайда да топология құқықтық қорғаудан айрылады. Бұл жағдайда балама жол ретінде топологиялар туралы ақпаратты ашылмаған ақпарат режимінде сақтау немесе құқықтық қорғау мерзімін 3 жылға дейін қысқарту болып табылады. ЭЕМ бағдарламасы сияқты авторлық құқық объектісінің құқықтық режиміне қатысты да жоғарыда талаған өзгерістерге ұқсас өзгерістер талап етіледі.  
  Интегралдық наносхемалар топологияларының құқықтық режимінің ерекшелігі интегралдық наносхемалар топологиялармен байланысты, ал ол кеңістік-геометриялық орналасқан интегралдық наносхемалар элементтерінің жиынтығынан және наноматериалдарды пайдалануға негізделген олардың арасындағы байланыстан тұрады [2, 34 б.].
  Интегралдық наносхемалар топологиялары автордың шығармашылық ойының нәтижесінде жасалады, ал оны құқықтық қорғаудың шарттары ретінде оның біргейлігі танылады, осы объектіні құқықтық қорғау оны жасалуына қарай пайда болады.   
  Осыған байланысты интегралдық наносхемалар топологияларын авторлық құқық объектісі ретінде тану қажет, оларға авторлық-құқықтық қорғауды қолдану қажет, бірақ интегралдық наносхемалар топологияларына айрықша құқықтың қолданылу мерзімі ретінде 3 жылдық келте мерзімді қарастыру қажет.  
  Қорытынды
  Сонымен ғылым мен техниканың даму жағдайында зияткерлік меншік мәселесі әрқашанда өзекті болып қала беретіндігі анық, сондықтан заңнамалық актілерді жасаушылардың Қазақстанның ғалымдарының ғылыми еңбектеріне назар аударуы қажетті және негізді, сондай-ақ жалпы алғанда заңшығармашылығы қызметінің сапасына жағымды ықпал етеді.
 ӘДЕБИЕТТЕР
  1. Амангельды А.А. Право интеллектуальной собственности Республики Казахстан на современном этапе. Специальность 12.00.03 гражданское право; предпринимательское право; семейное право; международное частное право. Диссертация на соискание ученой степени доктора юридических наук  [Электрондық ресурс].  URL : // https://search.rsl.ru/ru/record/01008092373  ( қаралған күні: 29.06.2022 ). 
  2. Амангельды А.А. Право интеллектуальной собственности  Республики Казахстан на современном этапе. Автореф. дис. … д-ра юрид. наук: 12.00.03 гражданское право; предпринимательское право; семейное право; международное частное право  [Электрондық ресурс].  URL : //http://www.dslib.net/civil-pravo/pravo-intellektualnoj-sobstvennosti-respubliki-kazahstan-na-sovremennom-jetape.html  ( қаралған күні: 29.06.2022 ). 
  3. Гаврилов Э.П. Хроника научной жизни // Патенты и лицензии. Интеллектуальные права. —2016. — № 1. — С. 30-34. 
 REFERENCE 
  1.  Amangel ʹ dy   A . A .  Pravo   intellektual ʹ noy   sobstvennosti   Respubliki   Kazakhstan   na   sovremennom   etape .  Spetsial ʹ nost ʹ 12.00.03  grazhdanskoye   pravo ;  predprinimatel ʹ skoye   pravo ;  semeynoye   pravo ;  mezhdunarodnoye   chastnoye   pravo .  Dissertatsiya na soiskaniye uchenoy stepeni doktora yuridicheskikh nauk [Elektrondykˌ resurs]. URL: // https://search.rsl.ru/ru/record/01008092373 (kˌaralġan k ү ní: 29.06.2022).   
  2. Amangelʹdy A.A. Pravo intellektualʹnoy sobstvennosti Respubliki Kazakhstan na sovremennom etape.  А vtoref. dis. … d-ra yurid. nauk: 12.00.03 grazhdanskoye pravo; predprinimatelʹskoye pravo; semeynoye pravo; mezhdunarodnoye chastnoye pravo [Elektrondykˌ resurs]. URL: //http://www.dslib.net/civil-pravo/pravo-intellektualnoj-sobstvennosti-respubliki-kazahstan-na-sovremennom-jetape.html (kˌaralġan k ү ní: 29.06.2022).   
  3. Gavrilov E.P. Khronika nauchnoy zhizni // Patenty i litsenzii. Intellektualʹnyye prava. —2016. — № 1. — S. 30-34. 
 0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI ҚРЗ. [Электрондық ресурс] // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1800000161#z16 (қаралған күні: 29.06.2022)
 0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI ҚРЗ. [Электрондық ресурс] // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1800000161#z16 (қаралған күні: 29.06.2022)
 0 Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 20 маусымдағы № 161-VI ҚРЗ. [Электрондық ресурс] // https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1800000161#z16 (қаралған күні: 29.06.2022)
 0 Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы [Электрондық ресурс]// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000456 (қаралған күні: 29.06.2022)
 0 Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы [Электрондық ресурс]// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000456 (қаралған күні: 29.06.2022)
 0 Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 Заңы [Электрондық ресурс]// https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000456 (қаралған күні: 29.06.2022)
 6