• Мое избранное

Отправить по почте

17

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР Үкіметінің 30.09.2024 жылғы № 810 Қаулысына сәйкес (01.01.2025 ж. редакцияны қараңыз)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
1
2. Мыналар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.07.2024 жылғы № 583 Қаулысына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыға 1-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
3) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 3-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 4-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 5-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін және (қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне берсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
5
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереже
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, масс-медиа, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.09.2024 жылғы № 810 Қаулысына сәйкес (23.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, № 14 кіреберіс.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері
2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;
6) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;