• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 18

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 15.11.2024 жылғы № 962 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 19.09.2025 жылғы № 771 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026, 01.01.2028 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 22.09.2025 жылғы № 784 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 27.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берсін.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 300) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне және оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі 
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 
Акционерлік қоғамдар:
«QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы;
«Қазақстан инжиниринг» (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
«Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Акционерлік қоғамдар:
«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:
«Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
Акционерлік қоғамдар:
«Қазақ ғылыми-зерттеу және құрылыс пен сәулет жобалау институты» акционерлік қоғамы;
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті
Акционерлік қоғамдар:
«Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
  • 3
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
  • 1
1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы мен электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысу салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.11.2024 жылғы № 962 Қаулысына сәйкес (16.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 616 Қаулысына сәйкес (14.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
  • 1
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 № 616 Қаулысына сәйкес (14.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
  • 1
13. Міндеттері:
1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.11.2024 жылғы № 962 Қаулысына сәйкес (16.08.2024 ж. редакцияны қараңыз)