• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 7

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 Қаулысы

Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 28.10.2025 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 28.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 10.07.2024 жылғы № 541 Қаулысына сәйкес (23.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.02.2024 жылғы № 58 Қаулысына сәйкес (25.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.07.2024 жылғы № 540 Қаулысына сәйкес (23.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
  • 7
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік саясатты қалыптастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әрі – реттелетін сала).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.07.2024 жылғы № 540 Қаулысына сәйкес (23.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті;
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің өкілетттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Министрліктің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
3) Министрліктің құзыретіне жатқызылған салалардағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;
4) су ресурстарын сақтау, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;
5) су қорын қорғау және пайдалану саласында ақпарат тарату және ағарту жүйесін дамыту;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
7) реттелетін салада мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
8) су қорын сақтау;
9) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес (10.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)
10) су ресурстарын басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
11) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
12) су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
12-1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;
13-тармақ 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 13.08.2025 жылғы № 613 Қаулысына сәйкес
13) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдау;
Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды қабылдау;