• Мое избранное
Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 153 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 қазанда № 33545 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бекітілсін.
2. «Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 630 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5917 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 13 қазандағы
№ 153 бұйрығына
қосымша
Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 13-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың сапасына, көлеміне және шарттарына қойылатын ең төмен талаптарды белгілейді.
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені;
2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
3) әлеуметтік жұмыскер – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар жұмыскер.
3. Осы Стандарт арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге қолданылады.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер
4. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:
1) денсаулық сақтау ұйымдары;
2) ақылы және/немесе ерікті негізде қызмет көрсететін үкіметтік емес, ерікті ұйымдар;
3) жеке медициналық практикамен, фармацевтикалық, әлеуметтік және психологиялық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ұсынады.
5. Денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді мынадай денсаулық сақтау субъектілері ұсынады:
1) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар;
2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдар;
3) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары;
4) паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар;
5) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
7) туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдар.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын шарттары
6. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынылады және адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін мынадай қолжетімді, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді қамтиды:
1) консультация беру (жеке және топтық);
2) үйге белсенді бару, көмек көрсету және бақылау (патронаж бен әлеуметтік қолдап отыру);
3) «сенім телефоны» бойынша көмек (консультация беру) көрсету;
4) қолдау топтарын құру, тренинг өткізу, ынталы топтармен, өзіне-өзі көмек көрсету және өзара көмек көрсету топтарымен жұмыс жүргізу.
7. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларға, қалыптасқан жағдайлар нәтижесінде тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балаларға көрсетіледі.
8. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету жергілікті атқарушы органдардың жолдамасы негізінде жүзеге асырылады.
9. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау негізінде іске асырылады:
1) бастапқы байланыс орнату:
- бастапқы құжаттамамен танысу;
- арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді алушы) және оның өкілдерімен сұрау салу негізінде сенімгерлік қатынастар құру.
2) әлеуметтік қызметке бағалау жүргізу:
- көрсетілетін қызметтерді алушының жеке факторларын және қоршаған орта факторларын талдау үшін көрсетілетін қызметтерді алушыны және оның өкілдерін қарап-тексеруді және сұхбаттасуды жүргізу;
- жағдайдың жеделдігін, күрделілік дәрежесін және ауырлығын айқындау;
- көрсетілетін қызметтерді алушымен араласу стратегиясын және (немесе) мақсаттарын, ұсынымдарды әзірлеу және келісу.
3) әлеуметтік араласуды жоспарлау және жүзеге асыру:
- көрсетілетін қызметтерді алушының қажеттіліктерін, күтулерін, ұмтылыстары мен қоршаған ортасының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке жоспар әзірлеу;
- нақты мақсаттарды көздеу және көрсетілетін қызметтерді алушының назарына өз рөлін, міндеттері мен жауапкершілігін жеткізу;
- жеке жоспарды іске асыру және араласудың өзектілігі мен қажеттілігін үздіксіз бағалау.
4) қызметтерді бағалау және тоқтату:
- көрсетілетін қызметтерді алушылардың хабардарлығын бағалау (олардың нәтижелерді қабылдауы және ұқсас жағдайларда алған дағдыларын қолдану қабілеті);
- бағалау нәтижелері бойынша қызметтерді тоқтату туралы шешім қабылдау;
- қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметтерді алушыларды мамандарға жіберу.
10. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектілері штат санының қажеттілігін айқындау кезінде әлеуметтік жұмыскердің жұмыс көлемі жүктемесінің құрылымын басшылыққа алады.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектілерінің әлеуметтік жұмыскердің жұмыс көлемінің жүктемесін айқындау кезінде жұмыс уақыты мынадай құрамдас бөліктерге бөлінеді:
1) белгілі бір алушыға немесе топқа дайындықты, жоспарлауды, шешім қабылдауды, құжаттаманы, есептілікті, ынтымақтастықты, консультацияларды қамтитын көрсетілетін қызметтерді алушылармен тікелей жұмыс (кемінде 60%);
2) Ынтымақтастық, даму, өкілдік ету және мүдделерді қорғау, үздіксіз білім беру, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша консультациялар, танысу, тәлімгерлік және тренингтер, консультациялар кіретін қоғамдық-ұйымдастырушылық (жұмыс уақытының кемінде 40 %).
11. Бір әлеуметтік жұмыскерге көрсетілетін қызметтерді алушылардың ұсынылатын саны 10-30 белсенді жағдай шегінде болады. Саны арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер сұрауының ауырлығы мен қарқындылығына және басқа қызметтердің қол жетімділігіне байланысты реттеледі. Жеке жоспардың мақсаттарына қол жеткізген және қызметтерді келісілген түрде тоқтатқан кезде көрсетілетін қызметтерді алушы бақылауға ауыстырылады.
12. Денсаулық сақтау ұйымдары арасында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсетуде сабақтастық сақталады.
13. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік жұмыскерлер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету бойынша есептік және есепке алу құжаттаманы жүргізеді.
4-тарау. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың және АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі
14. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) әлеуметтік-терапиялық жұмысты ұйымдастыру (бағалау, проблемаларды белгілеу, кешенді жоспар құру, жасын ескере отырып көмек көрсету және жағдайдың позитивті жаққа өзгеру мониторингі);
2) тұрмыста және қоғамдық жерлерде өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлық, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларын қалыптастыру;
3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізу үшін медициналық-психологиялық және әлеуметтік-құқықтық білім негіздеріне үйрету;
4) ауыр науқастардың, жалғыз басты қарт адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне жиі барып көмек көрсету және үй жағдайында бақылау (патронаж бен әлеуметтік сүйемелдеу);
5) пациенттерді әлеуметтік орталықтарға және қызметтерге жолдау үшін құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктер бойынша консультация беру және ақпараттандыру (жеңілдіктер, әлеуметтік төлеулер, жәрдемақы, өтемақы, алименттер алу, тұрғын үй жағдайын жақсарту);
7) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды отбасына, оның ішінде қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге, қабылдаушы отбасына және асырап алуға орналастыруға жәрдемдесу;
8) жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жәрдемдесу;
9) еріктілерді ауыр науқастарға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға медициналық-әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге даярлау және үйрету.
15. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
1) психологиялық диагностика және түзету жұмыстарын жүргізу;
2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) жеке және топтық қолдау көрсетуге жағдай жасау;
3) жеке әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізу, интерактивті әдістер қолдану.
16. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
1) әлеуметтік және шығармашылық бастамаларын қолдауды топшылайтын ұйымдастыру қызметтері, қоғамдық қызметті ұйымдастыруға көмек көрсету;
2) медициналық-әлеуметтік-педагогикалық әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер.
17. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
1) әлеуметтік, экономикалық мәселелерді айқындау мақсатында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды диагностикалау;
2) әлеуметтік-экономикалық патронаж және қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік беру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық-әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі туралы хабардар ету.
18. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
1) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету және пациенттердің құқығын қорғаудың құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша пациенттерге тегін консультация беруге көмек көрсету;
2) медициналық қызмет көрсетудің әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша, денсаулық сақтау саласындағы құқықтар бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге көмек көрсету;
3) денсаулық сақтау саласында құқықтық мәдениетті арттыру, халықты құқықтық ағарту бойынша бағдарламалар мен іс-шараларды іске асыруға көмек көрсету;
4) әлеуметтік, құқықтық және басқа да қоғамдық маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған пациенттердің азаматтық бастамаларын қолдау.
19. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері.
20. Бос уақытты ұйымдастыру, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамды (отбасыны) тартуға бағытталган әлеуметтік-мәдени қызметтері.
21. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар және АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары медициналық-әлеуметтік көмек кешенін көрсету жолымен жүргізілген бағалауды және көрсетілетін қызметтерді алушының қажеттілігін айқындауды ескере отырып қамтамасыз етеді.
5-тарау. Стационарлық көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі
22. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамды, жағдайын ескере келе, күтуді қамтамасыз етуге көмек көрсету, соның ішінде санитариялық-гигиеналық қызмет (сүртіп алу, жуып алу, гигиеналық шомылдыру, тырнақтарын алу, шашын тарау) көрсету;
2) санаторийлік және оңалту іс-шараларын алуға көмек көрсету;
3) қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға балаларды отбасына, оның ішінде қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиелеуге, қабылдаушы отбасына және асырап алуға орналастыруға жәрдемдесу;
4) емдеуге жатқызуға жәрдемдесу, пациенттерді медициналық ұйымдарға сүйемелдеу, пациенттің отбасы мүшелерін күтім негіздеріне оқыту, медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік мәселелер бойынша консультация беру.
23. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
1) психологиялық диагностика жүргізу және жеке немесе топтық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
2) үй жағдайында денсаулығын оңалту іс-шараларын жүргізуге арналған әлеуметтік-психологиялық білім негіздеріне үйрету, тұрмыста және қоғамдық орындарда өзіне-өзі қызмет ету, мінез-құлыққа дағдыландыру, қарым-қатынас, өзін-өзі және өзара қолдау дағдыларына үйрету;
3) пациенттерді тіршілік әрекетінің түрлі салаларында медициналық қызмет көрсетуде, тұлғалық және әлеуметтік бейімделуде әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу;
4) өзін-өзі сақтау мінез-құлқына үйрету мақсатында әлеуметтік-психологиялық тренингтер өткізу;
5) халықтың түрлі топтарының психологиялық құзыретін жоғарылату мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары, буклеттер, үндеухаттар шығару арқылы жарияланатын ақпараттық және білім беру іс-шараларын жүргізу;
6) әлеуметтік-психологиялық патронажды, пациенттерді және олардың бірге тұратын отбасы мүшелерін психологиялық қолдауды, жақын адамының қайтыс болуы кезеңінде қолдауды, төтенше жағдайлар, апаттар және қатыгездік (зорлық-зомбылық) фактілері кезінде шұғыл психологиялық көмекті жүзеге асыру;
7) дағдарыс жағдайларында (оның ішінде суицид, нашақорлық тәуекелдері кезінде) сенімгерлік әңгімелер мен қолдау жүргізу; психологиялық қолдаудың қашықтықтан қызметтеріне (чаттар, сайттар, сенім телефондары) көмекке қайта жіберу; мамандандырылған медициналық-психологиялық көмек алу мәселелері бойынша консультация беру.
24. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
1) тұлғаның өзінің мүмкіндіктерін, тәрбиелік әлеуетін пайдалана отырып, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамды (отбасын) әлеуметтендіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау және әлеуметтік-тәрбиелік қызметтер;
2) пациенттерде мүмкін болатын психологиялық-педагогикалық проблемаларын профилактикасы;
3) қандай да бір себеппен қоғамдық байланыс пен қарым-қатынастарын, әлеуметтік және жеке басының маңызы бар сипатын, қасиеті мен мүмкіншіліктерін жойған не жоғалтқан пациенттерді қалпына келтіру;
4) мүмкіншіліктері шектелген, сондай-ақ, әлеуметтік осал топтар мен дұрыс жолдан адасқан пациенттер тобын әлеуметтік ортаға әлеуметтік-педагогикалық бейімдеу.
25. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) әлеуметтік-экономикалық мәселелерін айқындау;
2) әлеуметтік-экономикалық көмек мәселелері бойынша консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету;
3) әлеуметтік-экономикалық көмек мәселелері бойынша консультацияларға қол жеткізуге жәрдемдесу.
26. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) әлеуметтік-құқықтық мәселелерін айқындау;
2) денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызмет көрсету, құқықтарын қорғау бойынша заңды қызметтер мен құқықтық консультацияларға қолжетімділікке көмек көрсету;
3) медициналық қызмет көрсету мен денсаулық сақтаудың әлеуметтік-құқықтық мәселелері бойынша түрлі құжаттарды жазуға және ресімдеуге, заңнамамен көзделген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, кепілдіктерді алуға көмек көрсету;
4) медициналық қызмет көрсетуге байланысты заң бұзушылықтың әлеуметтік түрде алдын алуға заңды мекемелер мен ұйымдарға көмек көрсету;
5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқықтық ағарту бағдарламалары мен іс-шараларын іске асыруға көмек көрсету.
27. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) еңбек дағдысын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтері.
28. Бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге және оларға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарды (отбасыларды) тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтер.
29. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын стационарлық көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары, сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар медициналық-әлеуметтік көмек кешенін көрсету жолымен жүргізілген бағалауды және көрсетілетін қызметтерді алушының қажеттілігін айқындауды ескере отырып қамтамасыз етеді.
6-тарау. Туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының деңгейіндегі арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі
30. Әлеуметтік-медициналық қызметтер:
1) шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету;
2) балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған жүргізу, динамикалық байқау қағидаттарын сақтай отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балаларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
3) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
4) оңалту көмегін көрсету;
5) баланың денсаулығының жай-күйін ескере отырып, оның күтімін қамтамасыз ету;
6) емдеуге жатқызуға жәрдемдесу және медициналық ұйымдарға алып жүру.
31. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер:
1) баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды қамтамасыз ету;
2) баладан бас тарту қаупі бар отбасының жеке психологиялық проблемаларын анықтау мақсатында психологиялық диагностика;
3) баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық көмек;
4) баланың мінез-құлқындағы, эмоционалдық жағдайындағы ауытқуларды жеңу немесе әлсірету мақсатында психологиялық түзету.
32. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:
1) баланы түзету-педагогикалық алып журу;
2) баланы тәрбиелеу және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру, оның әлеуметтенуіне, әлеуметтік ортада бейімделуіне және ықпалдасуына жәрдемдесу;
3) баланың даму деңгейіне педагогикалық және түзету-дамыту диагностикасын жүргізу.
33. Әлеуметтік-экономикалық қызметтер:
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11, 13, 14-тарауларына және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар, алименттер және тиісті төлемдер алуға, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу.
34. Әлеуметтік-құқықтық қызметтер:
1) заңгерлік консультация беру және заңдық маңызы бар құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу;
2) туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларға психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында түсуіне әкеп соққан физикалық және психикалық зорлық-зомбылыққа кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға жәрдемдесу, отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес баланы отбасына орналастыру.
35. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес 1 балаға кемінде 1,8 шаршы метр тұрғын алаңын, оның ішінде жатын бөлмелері үшін беру;
2) Оңалту және емдеу, білім беру, мәдени іс-шаралар, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларына, тұрмыстық бағдарлау негіздеріне оқыту үшін жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықпен жарақтандырылған үй-жайларды беру;
3) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларында көзделгеннен кем емес көлемде киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал, төсек жапқыш беру;
4) дұрыс, диеталық және емдік тамақтануды ұсыну;
5) тұрмыстық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету (іш киімді, киімді, төсек жабдықтарын жуу, кептіру, үтіктеу, дезинфекциялау);
6) баланы емдеу, оқыту, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметтерін ұсыну;
7) отбасына жақын қолайлы жағдайлар жасау.
36. Әлеуметтік-мәдени қызметтер:
1) баланың бос уақытына жағдай жасау;
2) мерекелер мен бос уақыт іс-шараларын ұйымдастыру;
3) баланы бос уақыт іс-шараларына, мәдени іс-шараларға қатысуға тарту.
37. Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну сапасын туғаннан үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан төрт жасқа дейінгі психикалық және физикалық дамуы бұзылған балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары медициналық-әлеуметтік көмек кешенін көрсету жолымен жүргізілген бағалауды және көрсетілетін қызметтерді алушының қажеттілігін айқындауды ескере отырып қамтамасыз етеді.