БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 1108 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 79, 80, 81, 82 және 83 ерекшеліктерімен толықтырылсын:
«79 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
80 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
81 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
82 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
83 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
694 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 100 бюджеттік кіші бағдарламаcы бар 009 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:
«009 Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер
100 Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметін қамтамасыз ету»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 222 бюджеттік бағдарламасы және 030 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 229 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«229 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
222 Тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақылар төлеу
030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен»;
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 159 және 164 бюджеттік бағдарламалары бар 228 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«228 Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету
164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 159 және 164 бюджеттік бағдарламалары бар 229 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«229 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету
164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 159 және 164 бюджеттік бағдарламалары бар 652 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«652 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі
159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету
164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету»;
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 228 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«228 Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 229 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«229 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;
мынадай мазмұндағы 131 бюджеттік бағдарламасы бар 650 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«650 Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |