• Менің таңдаулыларым
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 10 қазандағы № 19 бұйрығы

Редакция 17.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Абай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Астана қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Жетісу облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Қарағанды облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Маңғыстау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Ұлытау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің «Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің «Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
23-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің 29.04.2025 жылғы № 139 Бұйрығына сәйкес (18.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР Көлік министрінің м.а. 18.04.2025 жылғы № 124 Бұйрығына сәйкес (29.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі М. Қарабаев
  • 1
Бұйрыққа 1-қосымша
  • 1
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің теміржол және су көлігі саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитет заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитет құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Комитеттiң орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
9. Комитеттiң толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Комитет железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитет қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.