Toggle Dropdown
Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысы
Редакция 10.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » ________
№ қаулысына
1-қосымша
Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі
Мынадай шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар:
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін келген бизнес-көшіп келушілер;
3) босқын мәртебесін немесе пана іздеген адамның куәлігін алғандар;
4) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес гуманитарлық уәж бойынша көшіп келушілер болып табылатындар;
5) Қазақстан Республикасы соттарының үкімдері бойынша бас бостандығынан шартты түрде айыруға, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандар;
6) адам саудасының құрбаны болып табылатындар, адам саудасына байланысты нақты қылмыстық іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кезеңде сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін;
7) Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келетіндер, Қазақстан Республикасының заңнамасында танылатын некеде кемінде үш жыл тұрған, шақырушы адамдары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұбайы (зайыбы);
8) Қазақстан Республикасының оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитындар және сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оқудан бос уақытында жұмыс істейтіндер;
9) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары болып табылатындар;
10) теңіз және өзен кемелерінің, әуе және теміржол көлігінің экипаж мүшелері болып табылатындар;
11) әртiс, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, спортшы және жаттықтырушы болып жұмыс iстейтiндер;
12) «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары мен органдары тартатын адамдар;
13) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттары шеңберінде тартылатын, ғарыштық зымыран кешенін жасау және жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі мамандар болып табылатындар;
14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметін жүзеге асыратындар, сондай-ақ халықаралық интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратындар үшін – егер халықаралық шартта өзгеше үлес белгіленбесе, ұйым штатының 50 пайызынан аспайды;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ерекше мәртебе берілген білім беру ұйымдарындағы профессор-оқытушы қатарындағы, сондай-ақ біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін білім беру ұйымдарында басшы және оқытушы лауазымында жұмыс істейтін және экономика салалары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын адамдар;
16) жарғылық капиталында қатысу үлесінің жүз пайызы шетелдік болып табылатын қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары болып жұмыс істейтіндер;
17) күнтізбелік бір жыл ішінде жиынтығы күнтізбелік бір жүз жиырма күннен аспайтын бір мерзімге іскерлік мақсаттағы қызметтік іссапарда жүрген адамдар;
18) Қазақстан Республикасының Үкіметімен ақшалай баламада 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестицияға келісімшарт жасасқан ұйымдардың бірінші басшысы және қызметтің басым түрлерінде инвестициялық қызметін жүзеге асыратын және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшысы болып жұмыс істейтіндер;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқарушы холдингте құрылымдық бөлімшелердің басшысы лауазымынан төмен емес лауазымда жұмыс істейтіндер;
20) ұлттық басқарушы холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі ретінде жұмысқа тартылатындар;
21) отбасы мүшелерін, сондай-ақ асырауындағы адамдарды қоспағанда, инвесторлық виза алғандар;
22) «TURAN» арнайы экономикалық аймағы қызметінің басқарушы үйлестірушісі ретінде жұмыс істейтіндер.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « » ______
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, корпоративішілік ауыстыру жүзеге асырылатын экономика салаларының және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдардың тізбелерін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 189 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
4. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 590 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы № 169 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 256 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны Қазақстан Республикасының облыстары, республикалық маңызы бар қалалары, астанасы арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 666 қаулысы.