Bestprofi Logo

Бұйрық № 1237 от 2023-11-30г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 1237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 33713 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:

3-тармақтың 1)-тармақшасына орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

«Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті уәкілетті органдар ведомствода белгіленген мерзімде ведомствоға жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсынады. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мерзімі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 8 ақпанынан кешіктірілмей, ал жергілікті уәкілетті органдары үшін есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 13 наурыздан кешіктірілмей белгіленеді.»;

«Ведомство және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган талдамалық мақсаттарда осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей нысандар бойынша ағымдағы қаржы жылының 30 маусымдағы жағдай бойынша жартыжылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.»;

««Ақпараттық жүйе арқылы есептілікті ұсынатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, қаржылық есептілікке есептілікте бірінші және екінші қол қою құқығы туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.»;

«31. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады.

«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 010-жолы):

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 1-кестесіне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражатының қалдығы туралы деректер.

«Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 011 және 110-жолдары):

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5- нысанының 2 және 5-кестелеріне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялардан басқа) және өзгерістері бойынша деректер;

квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне салынған ұзақ мерзімді инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атауы мен тұрғылықты жерлері, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі) бақыланатын және басқа субъектілер бойынша жеке ақпарат;

қаржы инвестицияларының жекелеген сыныптары бойынша (әділ, амортизацияланған немесе қандай да бір өзге құны бойынша) кейіннен бағалау;

қаржы инвестицияларының және берілген қарыздардың құнсыздануының объективті және кейіпкер белгілерінің болуы;

есепті күнге қаржы инвестицияларына байланысты тәуекелдердің сипаты мен мөлшерлері;

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 21-кестесіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтері мен таза табысының бөлігі бойынша кірістердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодына аударылған және бюджетке аударылған сома туралы ақпарат;

инвестициялары олардың таза активтерінің мөлшерінен асатын квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша ақпарат.

«Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді дебиторлық берешек» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1- нысанының 012, 013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 021, 023, 111, 112 және 113-жолдары):

есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы дебиторлық берешекті салыстыруды, есепті кезең үшін дебиторлық берешек сомасындағы өзгерістерді талдау ұсынылады;

байланысты тараптармен (өз жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен бақыланатын субъектілер) операциялар бойынша ақпарат;

күмәнді дебиторлық берешек бойынша құрылған резерв жөнінде есеп айырысулар;

есептен шығарылу себептерін көрсете отырып, күмәнді дебиторлық берешек бойынша есептен шығарылған үмітсіз борыштардың сомалары;

трансферттер мен субсидиялар бойынша берешек ақпарат туралы;

банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегін қоса алғанда салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв жөніндегі ақпарат.

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 22-кестесіне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешекті салыстыруды ұсынады.

«Қорлар» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 020-жолы):

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 4-кестесіне сәйкес түсімдерді, қорлардың құнсыздануынан болған залал және өзге өзгерістерді көрсететін есепті кезеңнің басында және аяғындағы баланстық құнның салыстырмасын ұсынады;

қорлардың құнсыздануына арнап құрылған резерв жөніндегі есеп айырысулар;

қорлардың құнсыздануына арнап резерв құру себептері;

қорлардың құнсыздануынан болған залалды қалпына келтіру себептері мен сомалары;

ауыл шаруашылық өнімдерінің әрбір тобының оны алу (жинау) кезінде әділ құнын айқындау кезінде пайдаланылған әдістер туралы ақпарат.

«Өзге қысқа мерзімді активтер» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1 -нысанының 022-жолы) жылдың басында, жылдың аяғында қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) болуы туралы деректердің есепті кезеңдегі өзге қысқа мерзімді активтердің түрлері бойынша сипаттамасы.

«Ұзақ мерзімді активтер» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 114, 116 және 118-жолдары):

ұзақ мерзімді активтердің әрбір сыныбы бойынша «Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 6, 7 және 9-кестелеріне сәйкес түсімді, амортизацияны, құнсызданудан болған залалды және өзге өзгерістерді көрсететін есепті кезеңнің басына және аяғына арналған баланстық құн салыстырмасын ұсыну қажет;

ұзақ мерзімді активтерді бағалау әдістерін;

ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануына арнап құрылған резерв бойынша есептеулерді;

ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануына арнап резерв құру себептерін;

ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болған залалдарды қалпына келтіру себептері мен сомасын;

уақытша тұрып қалған ұзақ мерзімді активтер туралы ақпаратты;

толығымен амортизацияланған, бірақ пайдаланылып жүрген ұзақ мерзімді активтер туралы ақпаратты;

ұзақ мерзімді активтерді жалдаудың түрлері, мерзімі, шарттары туралы ақпаратты ұсыну қажет.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание