• Менің таңдаулыларым
Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 4

Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 33763 болып тіркелді

Редакция 02.12.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй көмегін беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі К. Шарлапаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2023 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 117 Бұйрыққа
1-қосымша
  • 2
Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 13.03.2024 жылғы № 97 Бұйрығына сәйкес (08.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
3) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;
4) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
5) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
3. Мемлекеттік қызмет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3-тармақ өзгертілді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 28.07.2025 жылғы № 279 Бұйрығымен (03.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, көрсетілетін қызметті алушыларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 5-тен 10 пайызға дейін белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 97 бабының 5 тармағына сәйкес айқындайды.
4-1. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші мынадай нормалар шегінде есептейді:
1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 28.07.2025 жылғы № 279 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 10.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары пәтерде бір адамға он бес текше метрден аспайды;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.11.2025 жылғы № 492 Бұйрығына сәйкес (28.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
тұрғын үйді жылытуға жеке тұрғын үйдің тұтынушылары үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметті тұтыну нормалары бір шаршы метрге он бес текше метрден аспайды;
2) табиғи монополиялар саласындағы қызметті реттейтін өңірлік уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес тұтынушы үшін электрмен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
3) тұтынушы үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерінің нормалары:
бір адамға төрт текше метрден аспайтын суық су;
бір адамға екі текше метрден аспайтын ыстық су;
4) есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары айына бір шаршы метрге нөл бүтін жиырма бес мың гигакалориядан аспайды.
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.11.2025 жылғы № 492 Бұйрығына сәйкес (28.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 34) тармақшасына сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі бекітетін бір шаршы метр үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметін тұтыну нормалары;
5) қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету (қоқыс шығару) бір адамға алты жүз елу теңгеден аспайды;
6) лифттерге қызмет көрсету бір пәтерге мың үш жүз теңгеден аспайды;
7) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді ұлғайту бөлігінде байланыс қызметтері бір абонент үшін мың үш жүз тоқсан тоғыз теңгеден аспайды;
8) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге бір шаршы метр үшін алпыс теңгеден аспайтын шығыстар;
9) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы бір шаршы метр үшін жүз жиырма теңгеден аспайды;
10) бір адамға арналған шаршы нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаң, бірақ жалғыз тұратын адам үшін нақты алынатын алаң отыз шаршы метрден аспайды.
5. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды.