БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 және «Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, Арнаулы мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесі» 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 1266 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
01 «Кәсiпкерлiк қызмет пен меншiктен түсетiн кiрiстер» сыныбында:
9 «Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 11 ерекшелікпен толықтырылсын:
«11 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы»;
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбынның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
16 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«16 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (займдар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
мынадай мазмұндағы 58, 59 және 68 ерекшеліктер алып тасталсын:
«58 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
59 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
68 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
2 «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 04 және 05 ерекшеліктер алып тасталсын:
«04 Жеке және (немесе) заңды тұлғалардан мемлекеттік меншікке өтеусіз берілген ақша
05 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша, егер олардың кем дегенде біреуі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болып табылса, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу нәтижесінде мемлекет кірісіне, оның ішінде мүлікті өткізуден түсетін ақша»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерінен трансферттер» кіші сыныбынның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен трансферттер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатта:
01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару» кіші сыныбында:
132 «Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу» ерекшелігі алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
110 «Жалақы» кіші сыныбында:
«
|
|
111 |
Еңбекке ақы төлеу |
Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне лауазымдық мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақшалай төлемдер, лауазымдық жалақыға тұрақты сипаты бар және заңнамамен белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс үшiн қосымша ақылар, үстемеақылар және көтерiлiмдер. Жеке табыс салығын, мiндеттi зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын өзге де ұстап қалуларды осы ерекшелiктен аударған жөн. |
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары, «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп және «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулыларымен белгіленген әскери және арнаулы атақтар бойынша жалақылар, қосымша ақылар мен үстемеақылар; «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақылары, қосымша ақылары мен үстемеақылары; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақыттағы, мереке күндері мен демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу, жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төлемдері, лауазымдарды бірлесіп атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы. |
»
«
|
|
111 |
Еңбекке ақы төлеу |
Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне лауазымдық мiндеттемелерiн орындағаны үшiн ақшалай төлемдер, лауазымдық жалақыға тұрақты сипаты бар және заңнамамен белгiленген, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс үшiн қосымша ақылар, үстемеақылар және көтерiлiмдер. Жеке табыс салығын, мiндеттi зейнетақы жарналарын және жалақыдан алынатын өзге де ұстап қалуларды осы ерекшелiктен аударған жөн. |
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары, «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен белгіленген әскери және арнаулы атақтар бойынша жалақылар, қосымша ақылар мен үстемеақылар; «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен белгіленген азаматтық қызметшілердің лауазымдық жалақылары, қосымша ақылары мен үстемеақылары; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мерзімнен тыс жұмысқа, түнгі уақыттағы, мереке күндері мен демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы төлеу, жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысының пайдаланылмаған күндеріне өтемақы төлемдері, лауазымдарды бірлесіп атқарғаны (қызмет көрсету аймағының кеңеюі) немесе уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы. |
»;
«
|
|
112 |
Қосымша ақшалай төлемдер |
Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс iстегенi үшiн ақшалай төлемдер, бонустар. Жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және басқа ұстаулар. |
Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң, судьялардың, алысжәне таяу шет елдердегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары, мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қосымша ақшалай төлемдерi: қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша белгіленген лауазымдық жалақыларға үстемеақылар; мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне бiржолғы ақшалай сыйақылар. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарына сыйлықақы берудібюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентін ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары дербес жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихат хатшыларына сыйлықақы беруді бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша мәслихат аппаратын ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен тиісті мәслихат сессияларының төрағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлерге сыйлықақы беру, біржолғы ақшалай сыйақылар төлеу орган басшысының не осы органдардыңқызметкерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғаның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен белгіленген бiржолғы ақшалай сыйақылар. «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысымен белгіленген бонустар төлеу. |
»
«
|
|
112 |
Қосымша ақшалай төлемдер |
Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне берiлетiн ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай-ақ мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыс iстегенi үшiн ақшалай төлемдер, бонустар. Жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары және басқа ұстаулар. |
Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң, судьялардың, алысжәне таяу шет елдердегi Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiлерiнiң, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шет елдердегi мекемелерi қызметкерлерiнiң, әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдары, мемлекеттiк өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдары қызметкерлерiнiң қосымша ақшалай төлемдерi: қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша белгіленген лауазымдық жалақыларға үстемеақылар; мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне бiржолғы ақшалай сыйақылар. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарына сыйлықақы берудібюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентін ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының төрағалары дербес жүзеге асырады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихат хатшыларына сыйлықақы беруді бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша мәслихат аппаратын ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен тиісті мәслихат сессияларының төрағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дербес жүзеге асырады. Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлерге сыйлықақы беру, біржолғы ақшалай сыйақылар төлеу орган басшысының не осы органдардыңқызметкерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғаның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысымен белгіленген бiржолғы ақшалай сыйақылар. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген бонустар төлеу. |
»;
«
|
|
116 |
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары |
Осы ерекшелiк бойынша «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары көрсетiледi |
|
»
«
|
|
116 |
Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары |
Осы ерекшелiк бойынша Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары көрсетiледi |
|
»;
120 «Жұмыс берушілердің жарналары» кіші сыныбында:
«
|
|
122 |
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар |
«Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлейтiн әлеуметтік аударымдары және әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл |
|
»
«
|
|
122 |
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төлейтiн әлеуметтік аударымдары және әлеуметтік аударымдарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл. |
|
»;
«
|
|
124 |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар |
Осы ерекшелік бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдар және әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл көрсетіледі. |
|
»
«
|
|
124 |
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар |
Осы ерекшелік бойынша «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдар және әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл көрсетіледі. |
|
»;
130 «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына және шетелдік жұмыскерлерге жалақы төлеу, сондай-ақ жарналар аудару» кіші сыныбында:
«
|
|
132 |
Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу |
Осы ерекшелік бойынша патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу, еңбекақыдан ұсталымдарды және мемлекеттік мекемелер жүргізетін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аударымдарды аудару жүзеге асырылады. |
Патронат тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу « Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес мемлекеттік білім мекемелері тәрбиешілерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына ұқсас анықталады. |
»
деген жол алып тасталсын;
«
|
|
134 |
Алқа билерге сыйақылар төлеу |
Осы ерекшелік бойынша алқа билерге сыйақылар төлеу, төлемдерден ұсталымдарды және мемлекеттік мекемелер жүргізетін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аударымдарды аудару жүзеге асырылады. |
Алқабилерге сыйақылар төлеу «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады. |
»
«
|
|
134 |
Алқа билерге сыйақылар төлеу |
Осы ерекшелік бойынша алқа билерге сыйақылар төлеу, төлемдерден ұсталымдарды және мемлекеттік мекемелер жүргізетін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген аударымдарды аудару жүзеге асырылады. |
Алқабилерге сыйақылар төлеу «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. |
»;
«
|
|
135 |
Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары |
Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салық бойынша бюджетке жүргізетін аударымдар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар төлеу. Осы ерекшелік бойынша сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл көрсетіледі. |
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес мемлекеттік мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін аударымдар. |
»
«
|
|
135 |
Техникалық персонал бойынша жұмыс берушілердің жарналары |
Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік салық бойынша бюджетке жүргізетін аударымдар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, уақытша жұмысқа қабілетсіздігі бойынша жәрдемақылар төлеу. Осы ерекшелік бойынша сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл көрсетіледі. |
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес мемлекеттік мекемелер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлейтін аударымдар. |
»;
140 «Қорлар сатып алу» кіші сыныбында:
«
|
|
141 |
Азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу |
Мемлекеттiк мекемелердiң жеткiзушiлерге немесе бөлшектеп сатушыларға жеке қажеттілік үшiн сатып алынған тамақ өнiмдерi үшiн ақы төлеуi. Жекелеген мекемелердiң асханаларда тамақтанғанына ақы төлеу. Контингент (оқушылар, мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi, курсанттар) көшпелі iс-шараларға қатысқан кезде оларды тамақтандыруға арналған шығындар 169-ерекшелiк бойынша жүзеге асырылады. |
Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159- ерекшелiк бойынша көрсетiледi. |
»
«
|
|
141 |
Азық-түлiк өнiмдерiн сатып алу |
Мемлекеттiк мекемелердiң жеткiзушiлерге немесе бөлшектеп сатушыларға жеке қажеттілік үшiн сатып алынған тамақ өнiмдерi үшiн ақы төлеуi. Жекелеген мекемелердiң асханаларда тамақтанғанына ақы төлеу. Контингент (оқушылар, мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерi, курсанттар) көшпелі iс-шараларға қатысқан кезде оларды тамақтандыруға арналған шығындар 169-ерекшелiк бойынша жүзеге асырылады. |
Жеке пайдалану үшiн мемлекеттiк мекемелердiң азық-түлiк өнiмдерiн сатып алуы және сақтауы; арнайы тағам; жануарлардың тағамы; құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргiзу кезеңінде кәсiби және ерiктi апаттан құтқару қызметтерiнiң және құрылымдардың құтқарушылары үшiн тағам сатып алу; мерзiмдi әскери қызметшiлердiң, әскери оқу орындары, құқық қорғау органдарының оқу орындары курсанттарының, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабында көзделген жағдайларда басқа әскери қызметшілердің, сондай-ақ сотталғандардың, қылмыс жасауда күдiктiлер мен айыпталушылардың тамақтануына ақы төлеу; казармалық жағдайдағы оқу орындарында арнаулы (әскери) қурсанттарды және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің жекелеген санаттарын азық-түлікпен қамтамасыз ету; мемлекеттік мекеменің штат санында аспаздар көзделген жағдайда мектеп асханаларына тамақ өнімдерін сатып алу. Егер штат санында аспаздар көзделмеген болса, онда оқушылар үшін тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызметтерді шарт бойынша басқа заңды тұлға жүзеге асырады және бұл шығындар 159- ерекшелiк бойынша көрсетiледi. |
»;
320 «Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер» кіші сыныбында:
«
|
|
322 |
Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер |
Жеке тұлғаларға олардың қолдағы кірістерін ұлғайтуға немесе шығындардың немесе залалдардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған төлемдер. Жергілікті өкілді органдар жеке тұлғаның (алушының) жазбаша өтініші бойынша жәрдемақыны көрсетілетін қызметті берушілердің шоттарына аударуды көздейтін тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібін белгілеген кезде осы шығындар осы ерекшелікке сәйкес келтіріледі. Осы ерекшелікке сәйкес өтемақылардан шегерімдер келтірілген. Тауарлар және/ немесе қызметтер құнының кепілдік берілген сомасын өтеу «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-1 бабына сәйкес тауарлар немесе қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асырған жеткізушілердің шотына аудару арқылы жеке тұлғаның (қызмет алушы) өтініші бойынша аталған ерекшелік бойынша жүзеге асырылады. |
Әлеуметтік төлемдер; әлеуметтік көмек; мүгедектерді әлеуметтік қорғау заңнамаға сәйкес қызметкерлер мен қызметшілерге олардың еңбек міндеттерін атқаруға байланысты мертігуден не денсаулығының өзгеде зақымдалуынан келген залалдың орнын толтыру; мерзімді әскери қызметшілерге, әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа ( каникулға) кеткен кезде азық-түлік үлесінің орнына берілетін ақшалай өтемақы; «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы және «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңдарда көзделген жағдайларда шығындар мен өтемақылардың орнын толтыру; жеке тұлғаларға берілетін басқа да трансферттер. |
»
«
|
|
322 |
Жеке тұлғаларға берiлетiн трансферттер |
Жеке тұлғаларға олардың қолдағы кірістерін ұлғайтуға немесе шығындардың немесе залалдардың белгілі бір түрлерін толық немесе ішінара өтеуге арналған төлемдер. Жергілікті өкілді органдар жеке тұлғаның (алушының) жазбаша өтініші бойынша жәрдемақыны көрсетілетін қызметті берушілердің шоттарына аударуды көздейтін тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібін белгілеген кезде осы шығындар осы ерекшелікке сәйкес келтіріледі. Осы ерекшелікке сәйкес өтемақылардан шегерімдер келтірілген. Тауарлар және/ немесе қызметтер құнының кепілдік берілген сомасын өтеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 166 бабына сәйкес тауарлар немесе қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталы арқылы іске асырған жеткізушілердің шотына аудару арқылы жеке тұлғаның (қызмет алушы) өтініші бойынша аталған ерекшелік бойынша жүзеге асырылады. |
Әлеуметтік төлемдер; әлеуметтік көмек; мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау заңнамаға сәйкес қызметкерлер мен қызметшілерге олардың еңбек міндеттерін атқаруға байланысты мертігуден не денсаулығының өзгеде зақымдалуынан келген залалдың орнын толтыру; мерзімді әскери қызметшілерге, әскери (арнайы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа ( каникулға) кеткен кезде азық-түлік үлесінің орнына берілетін ақшалай өтемақы; «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарда көзделген жағдайларда шығындар мен өтемақылардың орнын толтыру; жеке тұлғаларға берілетін басқа да трансферттер. |
»;
«
|
|
325 |
Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы |
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Заңына сәйкес Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге өтемақы төлеу |
|
»
«
|
|
325 |
Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы |
«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жәбірленушілерге өтемақы қорынан жәбірленушілерге өтемақы төлеу |
|
».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 150 Бұйрығымен (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |