«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 33835 болып тіркелді
Редакция 02.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үйқорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24039 болып тіркелді);
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30866 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі К. Шарлапаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 168 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2 бабының 9-2) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасымен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібін айқындайды.
2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға тегін көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.
5. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде (тұру мерзіміне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;
4) Заңның 68-бабының 1-1), 1-2), 2), 3), 4), 5), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген отбасының әрбір мүшесі үшін тұрғын үй алуға өтініш бергенге дейін соңғы он екі айдағы жиынтық орташа айлық табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген коэффициенті мүгедектігі бар балаларға қолданылмайды;
5) мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;
6) жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар есепке қойылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын республикалық маңызы бар қалаларда, астанада есепке қою үшін кемінде үш жыл тұрақты тұруы талап етіледі.
6. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе осындай балаларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен не патронат тәрбиешімен шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қояды.
7. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу мемлекеттік мекемедегі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады. Есепке осы мекеменің қызметкерлері қойылады.
Мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізімдерін жүргізеді және тұрғынжай алған тұлғалардың тізімдерін олардың кезектілігін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды.
8. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы» қағидасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа тұрғылықты жері бойынша, оның отбасы мүшелерін қоса алғанда, меншік құқығында тұрғын үйі болмаған жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылады.
9. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарды есепке алу осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 18.06.2024 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес (27.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өтініш, жұмыс уақытынан тыс уақытта немесе мереке күндері келіп түскен жағдайда, қарау мерзімі бірінші жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің Қазақстан Республикасы бойынша бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама алған сәттен бастап ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттар, отбасының барлық мүшелеріне салық салынатын кірістер туралы мәліметтер, көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық «электрондық үкімет» шлюзі арқылы беріледі.
Жұмыс орны бойынша есепке қою үшін мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге мұқтаж азаматтар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтінішті, сондай-ақ Тізбенің и 8-тармағы 3)-тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынады. Өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екені туралы жергілікті атқарушы органның мәліметтерін мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында орналасқан «Мемлекеттік тұрғын үй қорының объектілерін жалдау шарттарының тізілімі» ақпараттық сервисті пайдалану арқылы алады.
10. Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді есепке алу туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараудың қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама және ұялы телефонға sms-хабарлама түрінде шешім;
2) немесе Тізбенің 9-тармағына сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
11. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны:
1) тұрғын үй-жайын ауыстырғаны;
2) жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң – Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы;
3) оның кiнәсiнен тұрғын үйдiң бұзылуы немесе бүлiнуi;
4) тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi;
5) жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса.
11-1. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.
2-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 18.06.2024 жылғы № 223 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 02.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.
12. Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын (тәсілі)туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.
13. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Біріңғай байланыс-орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына 1-қосымша
Астана, Алматы және Шымкент
қалаларының, ауданның және
облыстық маңызы бар қаланың
жергілікті атқарушы органының
тұрғын үй қатынастары
саласындағы функцияны жүзеге
асыратын құрылымдық
бөлімшеcінің атауы
азамат __________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – ЖСН)
Өтініш
Мені «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ___ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін мыналарға сәйкес есепке қоюды сұраймын:
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою тізімі
_____________________________________________________________________ (Заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес тізімнің атауы
2) санаты_____________________________________________________________
3) отбасы құрамы:_____________________________________________________ (туыстық дәрежесі)
ЖСН: ___________________;
4) қосымша табысы туралы мәліметтер (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қоспағанда, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар үшін):
____________________________________________________________________________; (еңбекақы (зейнеткерлік салық салынатындарды қоспағанда), әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын; кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алимент түрiндегi; жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс; өзге де табыс және өтініш берердің алдындағы соңғы он екі ай ішіндегі табыстың атауы мен сомасы);
5) отбасында жүктілігі жиырма екі аптадан асқан әйелдің бар екені туралымәліметтер,ЖСН: ____________________________________________________;
6) мүгедектігі бар бала туралы мәліметтер, ЖСН____________________;
7) мүгедектік, қарттар, жүрек-қан тамыр аурулары және басқа да ауыр науқасқа шалдыққандар туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу), ЖСН:_______________________________________________________________
8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектік туралы мәліметтер, ЖСН:_______________________________________________________________
9) жұмыс орны туралы мәліметтер: _________________________________
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттары бойынша азаматтардың тізімі үшін);
10) қорғаншы (қамқоршы) және патронат тәрбиеші туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________________ (ЖСН, қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы бұйрықтың нөмірі мен күні не патронаттық тәрбиелеуге беру туралы шарттың нөмірі мен күні, қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу туралы шешім қабылдаған, патронаттық тәрбие туралы шарт жасасқан органның атауы);
11) авариялық тұрғын үй туралы мәліметтер:_________________________________ (жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, кадастрлық нөмірі, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер);
12) ауданы (тиістіден кем), жиынтықталуы және қабаттылығы сәйкес келмейтін тұрғын үй бөлінген кезде келісімі не одан бас тартуы:
келісемін не келіспеймін (қажеттісінің астын сызу);
13) ұялы телефон нөмірі: _________________________________________;
14) электрондық пошта __________________________________________.
Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
20__ жылғы «__» __________ __________________ (қолы)
Қосымша: 1. _________________; 2.________________________
____________________ (күні, қолы)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына 2-қосымша
Мемлекеттік
мекеменің/мемлекеттік
кәсіпорынның басшысы тегі, аты,
әкесінің аты (болған кезде)
_____________________________
мекенжайы бойынша тұратын
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған кезде) азаматтан(ша)
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бұдан әрі – ЖСН)
Өтініш
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына (бұдан әрі - Заң)сәйкес мені отбасы құрамына сәйкес _____ санаты бойынша _____ бөлмелі мемлекеттік мекеменің/мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін есепке қоюды сұраймын.
Отбасының құрамы:
1._____________________________________________________________________________ (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), туыстық дәрежесі)
ЖСН _______________________________________________________
Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы «__»__________ _____________ (қолы)
Қосымша: 1.____________________ ;
2.________________________ . __________________ (күні, қолы)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына 3-қосымша
Астана, Алматы және Шымкент
қалаларының, аудандардың
және облыстық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының тұрғын үй
қатынастары саласындағы
функцияны жүзеге асыратын
құрылымдық бөлімшеcінің атауы
____________________________
азаматтан (ша)
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
кезде), жеке сәйкестендіру
нөмірі(бұдан әрі – ЖСН)
Өтініш
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін есепке қоюға бұрын берілген менің деректерімді не менің отбасы мүшелерімнің деректерін жаңартуды, өзгертуді немесе толықтыруды сұраймын:
1. Өтініш берушінің ЖСН: ____________________________
2. Отбасы мүшесінің ЖСН (деректері жаңартылатын):
________________________________________________________________
3. Деректерді өзгерту, жаңарту не толықтыру себебі және растайтын құжат: ______________________________________
Менде және менімен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы «__» __________ _____________. (қолы)
Қосымша: 1. ________________ ; 2. ________________ .
__________________________ (күні, қолы)
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларына 4-қосымша
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
||
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
МемлеМемлекеттік қызметті, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
www. egov. kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 9-2) тармақшасының 1-қосымшасына сәйкес, өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайды |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама не ұялы телефонғанға sms-хабарлама. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 18.30-ге дейiн, түскі үзiлiсі сағат 13.00-тен 14.30-ге дейін; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді келесі жұмыс күнінде жүзеге асырады). |
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі құжаттар тізбесі |
1) өтініш; 2) әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан анықтама ұсынады; 3) мынадай жағдайларда: отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмейтін болса, өтініш беруші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін ұсынады; отбасы тұрып жатқан тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға жауап бермейтін болса, көрсетілетін қызметті алушы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді техникалық тексеру нәтижелері бойынша) көшірмесін ұсынады; жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан көп отбасы тұрып жатқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы өзі тұратын тұрғынжайдың техникалық паспорты мен құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін қосымша ұсынады; отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар бар, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ауру түрін растайтын құжатты қосымша ұсынады. Ақпараттық жүйеде деректер болмаған жағдайда: халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжатты, сондай-ақ отбасының әрбір мүшесіне (мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, Ұлы Отан соғысының қатысушыларын қоспағанда) соңғы он екі ай ішінде табысы туралы мәліметтерді ұсынады. Басқа адамдарды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп таныған жағдайда, оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмелері ұсынылады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некені бұзу туралы, қайтыс болу туралы, балалардың тууы туралы куәліктерінің мәліметтерін, меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғы, отбасының барлық мүшелерінің мекенжайы туралы мәліметтерді, басқа адамдарды көрсетілетін қызметті алушының отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәліметтерді отбасының барлық мүшелеріне көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылған азаматтарға тұрғынжайы авариялық деп танылған елді мекеннен тыс жерде өтініш білдірген кезде, сондай-ақ, егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мынадай жолдармен мұқтажға айналғаны: -тұрғын үй-жайын ауыстырғаны; -оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үйдi сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығаруы; - тұрғын үйдiң өз кiнәсiнен бұзылуы немесе бүлiнуi; - тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен кетуi; - жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса. |
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 3. Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады. |
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |