• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығы

Редакция 22.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 3 қаңтардағы
№ 429 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.».
2. «Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешілдікке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 427 Жарлығында:
1-тармақта:
3-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) министрліктер ведомстволарының санын, штат санының лимиттерін, министрлер орынбасарларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын;»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрліктерінің қызметтерін, ведомстваларын, департаменттерін құруды, таратуды, қайта ұйымдастыруды, сондай-ақ штат санының лимиттерін ұлғайтуды Мемлекет басшысымен не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен алдын ала келісу бойынша жүргізсін;»;
4-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдетсін, 2000 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым дайын жүйелерінің базасында оның негізгі элементтерін пысықтап, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен құруға кіріссін;»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Орталық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері ведомстволардың санын, мемлекеттік органдардың штат санының лимиттерін, олардың басшы лауазымды адамдарының санын ұлғайтуды Мемлекет басшысымен не ол уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келіссін.
Орталық мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын қоспағанда) мен жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстар Үкіметтің және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті қорытындылары ескеріле отырып қаралады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау органдарының, Қорғаныс министрлігінің штат санының лимиттерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қорытындысынсыз енгізілуі мүмкін.».
3. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі»;
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі»;
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі»;
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі»;
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі»;
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі».
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.
Комиссияның құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қауісіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық және экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, келісу бойынша – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің төрағалары, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссияның отырыстарына Комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.»;
13-тармақ алып тасталсын;