Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 246 қаулысы
Осы Қаулы 2024 жылғы 23 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.11.2024 жылғы № 938 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
5-тармақта:
«1) өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алғаш алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасы азаматтарының;»;
«3) мыналардың:
Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;
мыналарды:
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;
азаматтығы жоқ адамның куәлігін;
босқын куәлігін;
жол жүру құжатын алғаш ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
«6. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімделген кезде өздерінің келісімімен Қазақстан Республикасы азаматының, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеген кезде он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;
«7. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттар қолданылатын, он алты жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.
8. Қазақстан Республикасының теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған, он алты жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
«13. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеген кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) туған күні мен жері;
3) жынысы;
4) ұлттық тиесілігі (иесінің қалауы бойынша);
5) азаматтығы;
6) фотосуреті;
7) қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
8) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
9) құжат иесінің қолтаңбасы;
10) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
11) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
12) құжатты берген органның атауы;
13) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
14. Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) туған күні;
3) жынысы;
4) қолының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;
5) азаматтығы;
6) фотосуреті;
7) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
8) визаның берілген күні, қолданылу мерзімі;
9) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;
10) виза берген органның атауы;
11) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе).
14-1. Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат берген кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіш мынадай мәліметтерді қамтиды:

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |