Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2024 жылғы 14 ақпандағы № 30-9/27 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 19.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуіріндегі № 310 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2021 жылғы 4 тамызындағы № 30-9/83 бұйрығының;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2022 жылғы 4 тамызындағы № 30-9/83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2023 жылғы 15 ақпандағы № 30-9/23 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Кадр, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасының міндетін атқарушы Н. Жүнісов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Балық шаруашылығы комитеті
Төрағасының м.а.
2024 жылғы _________________
№ ______ бұйрығының
1-қосымшасы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемеcі туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Шымкент қаласы, Қызылорда және Созақ ауданын қоспағанда Түркістан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің аумағында және су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, реттеушілік, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Инспекция Комитеттің ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы өз атауындағы мемлекеттік тілде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қажет болғанда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Toggle Dropdown
5. Инспекция заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Toggle Dropdown
6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Инспекция құрылымын және штат санын Комитет төрағасы бекiтедi.
Toggle Dropdown
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, А.Иманов көшесі, 125.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Инспекцияның қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Инспекцияның кәсіпкерлік субъектілерімен Инспекция функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Инспекцияның мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Мақсаты: балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Toggle Dropdown
14. Инспекция құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) құзыретілігі шегінде құқықтық актілер әзірлеуге қатысу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, олардың лауазымдық тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
Toggle Dropdown
3) Инспекцияның құзыретілігіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірме мен түсініктемелер беру;
Toggle Dropdown
4) жергілікті атқарушы органға қажет болған жағдайда жергілікті маңызы бар су айдындары және (немесе) учаскелеріне жаңа су айдындарын енгізу бойынша ұсыныс беру;
Toggle Dropdown
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде бекітілген ережелерге сәйкес арнаулы құралдар мен қызметтік қаруды пайдалану;
Toggle Dropdown
6) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін бекітілген нормаларға сәйкес материалдық-техникалық құралдармен толықтыру;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін тиісті ақпарат беруге қатысу;
Toggle Dropdown
10) заңнамада белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін коммерциялық емес ұйымдарға тиісті ақпарат беруге қатысу;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
Toggle Dropdown
12) ӘРПК-де белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;