• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 591 Жарлығы

Редакция 19.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 29 маусымдағы
№ 591 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанында Шетелдiк инвесторлар кеңесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3988 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесi туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Көлік министрі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі және Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы Кеңестің тұрақты мүшелері болып табылады.»;
19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстандық тараптан лауазымы бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі (Комиссия төрағасы), Қазақстан Республикасының Сыртқы істер, Әділет, Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктері бірінші басшыларының орынбасарлары, Кеңестің жұмыс органының бірінші басшысы (Комиссия хатшысы) Комиссияның мүшелері болып табылады.».
2. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
4-тармақтың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-2) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамалардан өту қағидаларына сәйкес ғылыми тағылымдаманы тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
2-тармақтағы «қызмет этикасын» деген сөздер «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және осы Ережеге қосымшаға сәйкес Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.»;
2) тармақшадағы «қызмет этикасын» деген сөздер «Әдеп кодексін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «этиканы» деген сөз «қызмет этикасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 5) тармақшасындағы «қызмет этикасы ережелерін» деген сөздер «Әдеп кодексін» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
5. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
21-тармақ алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның лауазымдық құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кеңес құрамы орталық мемлекеттік органдардың, республикалық және өңірлік деңгейдегі азаматтық қоғам институттары мен қоғам өкілдері қатарынан құрылады. Кеңестің құрамы оның мүшелерін ротациялау арқылы жаңартылады.».
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңес туралы ережеде:
7-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Энергетикалық кеңестің құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
8. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамы осы өзгерістер мен толықтыруларға 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
9. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.03.2025 жылғы № 805 Жарлығына сәйкес (29.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)
10. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 823 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2021–2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының неғұрлым маңызды әлеуметтік-экономикалық іс-шараларының нәтижелерін мониторингтеу, оларды іске асыруға кедергі болатын проблемаларды анықтау, сондай-ақ өндірісті және табиғат пайдалануды экологияландыру бағытында межеленген өзгерістерді толық көлемде орындауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар дайындау;»;