1. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 5 шілдедегі № 109-VIII ҚРЗ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
«4. Референдум өткiзу кезiнде аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан аккредиттелген байқаушылар, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдарды аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Референдум комиссияларының жұмысына араласуға жол берілмейді.
5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға дайындық пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың өкiлдерiнiң референдум өткiзуге байланысты іс-шараларға баруына кепiлдiк берiледi.
Сайлау учаскелерінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің болуы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес реттеледі.»;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Қоғамдық пікірге сауал салу
Республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының
Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс.»;
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Референдумға дайындық пен оны өткізу кезеңінде референдум комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу бөлігінде олардың қызмет жағдайларын қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес айқындалады.»;
«3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басып шығарылады.»;
«5. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына дауыс беруге дейін ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын учаскедегі сайлаушылардың жалпы санының бір пайызы резервімен жеткізіледі.»;
5) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Референдум комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
Референдум комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Конституциялық заңға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.».
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1) 9-баптың 5-2) тармақшасы «және мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
«2) өздеріне қатысты басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыруын қамтамасыз етеді;»;
«Министрлік Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.».
3. «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
«5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін және мемлекеттік бағдарламаларды келіседі;».
4. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына:
1-тармақша 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі Осы Заңның 1-бабының 5-тармақшасына сәйкес
3-тармақ «оның ішінде» деген сөздерден кейін «кассациялық,» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Кассациялық соттарды өңіраралық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады.»;
2-тармақша 01.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі Осы Заңның 1-бабының 2-тармақшасына сәйкес
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ оны талқылау қорытындылары бойынша материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін аудандық сот судьясын, төрағасын немесе облыстық сот судьясын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде облыстық соттың жалпы отырысының талқылауына шығаруды, сондай-ақ материалдарды Сот жюриіне жіберуді қамтамасыз етеді;»;
3-тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары 01.10.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі Осы Заңның 1-бабының 2-тармақшасына сәйкес
«9-3) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде аудандық сот төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;»;

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |